Білім беру саласындағы
мемлекеттік қызмет көрсетуде
жауаптыларды тағайындау туралы
Павлодар қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 1715/27 қаулысы негізінде
БҰЙЫРАМЫН: - Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуде жауапты етіп келесі директордың орынбасарлары тағайындалсын:
1.1 «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.С.Табулова 1.2. «Бастауыш негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.С.Табулова 1.3. «Бастауыш негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытудың ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» - директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ғ.Қ.Беғайдарова 1.4. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» - директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ғ.Қ.Беғайдарова 1.5. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Қ.Жармагамбетова 1.6. «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» - директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Қ.Батталова 1.7. «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» - М.Қ.Батталова 1.8. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» - «Мерей» шағын орталығының әдіскері Г.Т.Қосдәулетова
- Бұйрықтың жалпы орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Директор Н. Асылбекова