Педагогикалық ұжымның алдына қойылған міндеттерді шешу үшін, келесі тұжырымдамаларға шығамыз: – мектеп жүйе ретінде үздіксіз дамуы керек, нәтижелі, дамыған, тұлғаға бағытталған, әлеуметтік болуы қажет; – мектеп әлеуметтік ортаның негізгі бөлігі болып табылады. Осыдан қаланың жасөспірімдері, жастарымен байланысты барлық әлеуметтік проблемалардың мақсаттары мен міндеттері шығады; – тәрбие - барлық білім беру процесінің маңызды құрамы. Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында әңгіме, сынып сағаттарын, сыныптан тыс іс-шаралар, тақырыптық кештер өткізеді, ана тіліне оқыту арқылы ұлттық, этномәдени салт-дәстүрлерді біліп, халқымыздың өткен тарихын құрметтеуді бойыларына сіңіреді. Мектеп өзінің дәстүрлерімен мықты және тұрақты дамып келеді. Біз Сіздерді мектебімізде күтеміз!
Мектеп директоры