Мектеп кітапханасы
МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ
Біздің кітапхана мектеп негізін қалаған күннен бастап жұмыс істейді. Кітапхананың жетекшіcі Е.К.Тілегенова.«Сағынады ақынды сыздап жүрек»
2016жылы 20 қазан күні 7 А сынып оқушылары № 4 қалалық балалар кітапханасында «Сағынады ақынды сыздап жүрек» атты әдеби-саз сағатына қатысты. Әдеби кеш Мұқағали Мақатаевтың 85 жыл мерейтойына арналды. Кітапханашы Л.С.Мамбетова оқушыларды ақынның өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырды. Балалар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, сонымен қатар әндерін тындады және ақынға арналған көрме ұйымдастырылды.
«Саз әлеміне саяхат»
2016 жылы 12 қазан С.Торайғыров атындағы Облыстық кітапханада «Саз әлеміне саяхат» атты шара өтті.Осы шараға біздің мектептің 6 «А»,6 «Ә», 6 «Б» сынып оқушылары қатысты. Кітапхана қызметкелері қазақ ұлттық аспаптар туралы мәлімет берді. Осы шараға Құрманғазы атындағы №1 музыка мектебінің ұстазы Тезекбаева Г. қатысты. Ол оқушыларға қобыздың пайда болу тарихын айтып, музыкалық композицияларды орындады. Сонында «Ән өуенін тап» деген сайыс өткізіліп, оқушыларға сыйлық берілді. Сонымен қатар оқушыларды кітапханамен таныстырды.