Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп жетістіктері

index

2017 – 2018 оқужылындағы  мектеп оқушылары арасындағы   республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы туралы

Қалалық олимпиаданың жүлдегерлері қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен 11 «А» сынып оқушысы Мыржикова Аружан – І орын (пән мұғалімі Г.Ш.Жаменкенова), 8 «А» сынып оқушысы Қасен Фатима – ІІІ орын (пән мұғалімі Г.Қ.Сапина), ағылшын тілі пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Ниярова Альмира - ІІ орын (пән мұғалімі Б.Қ.Жармағамбетова), орыс тілі пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Ақылбекова Дариға - ІІІ орын (пән мұғалімі А.Б.Абуова), тарих пәнінен 9 «Б» сынып оқушысы Садуақас Самат және 8 «А» сынып оқушысы Табулдинова Бибігүл ІІІ орын (пән мұғалімі Ә.А.Жолаева). 

                      2016 – 2017 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ

 

ЖЕТІСТІКТЕР

2013 - 2014 оқу жылы бастауыш пен жоғарғы сыныптың 10 оқушысы қалалық олимпиаданың жүлдегерлер атағына ие болды. Мектеп оқушылары - жыл сайын қалалық оқулар, ғылыми жобалар конкурстарының; облыстық, республикалық, халықаралық интеллектуалдық марафондар мен олимпиадалардың жүлдегерлері. Биылғы жылы бастауыш сыныптың 1 оқушысы қалалық ғылыми жобалар конкурсында лауреат атанса, ортаңғы буын оқушысы облыстық ғылыми жоба конкурсында ІІІ орынға ие болды; 8 оқушы қалалық оқулардың жүлдегерлері; 1 оқушы – облыстық, 1 – республикалық, 20 – халықаралық интеллектуалдық марафондардың жүлдегерлері. 9 оқушы қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық шығармашылық конкурстарының жүлдегерлері. Мектеп футбол командасы – қалалық «Былғары доп-2014» жарысының жүлдегері. Әскери-спорттық дайындық бойынша жоғарғы сынып оқушылары (ұлдар) ҚБББ грамотасымен марапатталды. Спорт жарыстарының басқа түрлерінде 19 оқушы грамоталарға ие болды. Педагогикалық ұжымның барлық жұмысы, ең алдымен, білім сапасын арттыруға бағытталған. Қорытындысы ҰБТ нәтижесінен анықталады. Соңғы екі жылдың нәтижелерін салыстырсақ, өсу динамикасын байқауға болады: 2013 – 2013 оқу жылы орташа ұпайы – 71,61болса, 2013 – 2014 оқу жылы – 87,21 ұпай. Бұл 15,6 ұпайға былтырғыдан жоғары. Ал қалалық орташа ұпаймен салыстырсақ, 6,06 ұпайға жоғары. Қала мектептерінің ішінде – 7 орын. Әрине, бұл біздің мектеп үшін үлкен жетістік.

2012 – 2013 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ

ЖЕТІСТІКТЕР

- Қалалық «XVАбай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердиев» оқуларында «Көңілім әнді ұғады» номинациясында 9"Ә"-сынып оқушысы Әнел Қанатова ІI орын алды; - Әдістемелік-дидактикалық сайыста сайысында математика мұғалімі Б.К. Казтаева 1-орынға, информатика мұғалімі Г.Қ. Досанова 1-орынға, химия мұғалімі А.А.Омарова 2-орынға ие болды; - Қалалық ғылыми жобалар сайысында 4А сынып оқушылары Қуандық Исламбек – 1-орын, Жанель Слямова 2-орын, Диана Жумалина Ш орын алды; - Қалалық мұғалімдер олимпиадасында ағылшын мұғалімі Т.К. Сульбаев ІІ орынға ие болды; 2011 – 2012 оқу жылы 16 түлектің үшеуі, ал 2012 – 2013 оқу жылы 19 түлектің алтауы грантқа ие болып, республиканың әр түрлі жоғары оқу орындарында білім алуда. Мектеп педұжымы да кәсіби конкурстарға белсене қатысады. Мұғалімдер бірнеше жыл қатарымен қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанды: «Білім беру көшбасшысы», «Жыл мұғалімі», «Заманауи сабақ» интернет-фестиваль, әдістемелік-дидактикалық құралдар конкурсы, пән олимпиадалары, т.б. Биылғы жылы «Ең үздік әдістемелік-дидактикалық құрал» қалалық конкурсында 1 мұғалім І орынға - психолог С.М. Ахметжанова, ІІ орынға – дене шынықтыру мұғалімдері С.А. Бихиянов пен Қ.Қ. Тезекбаев, ІІІ орынға – биология мұғалімі А.А. Омарова ие болды. 5 мұғалім халықаралық интеллектуалдық марафонға жүлдегерлерді дайындағаны үшін халықаралық сертификаттарды иеленді (бастауыш сынып мұғалімдері Естаева А.У., Сәрсебаева Ж.О., Бұшымбаева М.Х., Намазбаева С.Қ., Жетыбаева Ж.А.). Қазақ тілі мұғалімі Ж.Ш. Қалымова халықаралық шығармашылық олимпиаданың жүлдегері атанды. Орыс тілі мұғалімі А.Б. Абуова қалалық олимпиадада ІІІ орынға ие болды, 3 бастауыш сынып мұғалімдері (Ерімбетова Ж.Б., Смағұлова Б.Б., Намазбаева Р.Ж.) алғыс хатпен марапатталды. Қазақ тілі мұғалімі Ү.І. Рахметова – қалалық «Қалижан Бекқожиннің 100 жылдық мерейтойы» конкурсында ІІІ орын алды. Мұғалімдер арасында өткізген қалалық волейбол спорт жарысында мектеп командасы ІІІ орынға ие болды, дене шынықтыру мұғалімі Қ.Қ. Тезекбаев «Ең үздік ойыншы» атанды. Қорғаныс-спорт сауықтындыру лагері жұмысының қорытындысы бойынша АӘД мұғалімі А.Қ. Сатыбалдин ҚБББ грамотасымен марапатталды. Жетістіктермен қатар кемшіліктер де анықталды. 2013 – 2014 оқу жылы жұмысының талдауы қорытындысында келесі проблемалар айқындалды:

2011 – 2012 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ

ЖЕТІСТІКТЕР

- Қалалық «Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердиев» оқуларында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында 9-сынып оқушысы Сымбат Сәулеханова ІІ орынға ие болды; - Қалалық «Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердиев» оқуларында «Көңілім әнді ұғады» номинациясында 8-сынып оқушысы Әнел Қанатова І орын алды; - Қалалық «Махамбет Өтемісұлы оқуларының» «Тартынбай сөйлер асылым» аталымында ұшқыр ойлылығы үшін 5-сынып оқушысы Әлфия Серікова дипломмен марапатталды; - «Махаббат жыры» атты поэзиялық және прозалық ХІІІ қалалық конкурсқа қатысқаны үшін Сымбат Сәулеханова алғыс хат алды; - Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Атамұра» сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесіне қатысқаны үшін 9 А сынып оқушысы Ернұр Жұмабеков дипломмен марапатталды; - «Бақ-береке, құт-берекем – әз Наурыз» сайысына қатысып белсенділік танытқандары үшін 6 А сынып оқушылары алғыс хат алды; - Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің жалғасы – болашақ ұрпақ» конкурсында Сағындық Мәдиев 3-орынға ие болды; - 50-қалалық қазақ тілі пәні олимпиадасынан 9-сынып оқушысы Бақытгүл Қабдұлбекова сапалы нәтиже көрсеткен қатысушы атанды; - Қалалық қазақ тілі пәні олимпиадасынан 3-сынып оқушысы Сабина Баяхметова ІІІ дәрежелі диплом алды; - 2012 жылғы 17 сәуірдегі «Сарыарқа самалы» газетінің «Айналайын» бетінде Диар Төленовтің болашақ инженерлер мен техниктер мектебі туралы сөзі жарық көрді; - 2012 жылғы 16 наурыздағы «Сенің әлемің» газетінде 4 А сынып оқушысы Фариза Мұсаханның мақаласы жарық көрді; - 2012 жылғы МВ-Центр газетінің 1-2 нөмірінде 7А сынып оқушысы Ғалия Анафинаның мақаласы жарық көрді; - 2012 жылғы 29 ақпандағы «Сенің әлемің» газетінде А.Бақытхан, А.Кимышева, Ш.Оспан, Ә.Әбдірахманова, Ж.Азаматова, Н.Балтан, Ә.Қайырбаева, К.Бисмульдинова, Н.Ақылбекова, Б.Әділханов, А.Шарафатов, Қ.Қалапбергендердің өлеңдері жарыққа шықты.; - Қалалық ғылыми жобалар сайысында 4А сынып оқушысы Ф.Мұсаханова 2-орын, 2А сынып оқушысы Н.Әлиханова – 1-орын алды; - Қалалық мұғалімдер олимпиадасында бастауыш сынып мұғалімі А.М.Жапарова ІІІ орынға ие болды; - Қалалық мұғалімдер олимпиадасында бастауыш сынып мұғалімі М.Ш.Қазанғапова алғыс хатпен марапатталды; - География мұғалімі М.Т.Қажмағамбетова қалалық пән олимпиадасында III орынға және үздік кабинет сайысында 1-орынға ие болды; - Әдістемелік-дидактикалық сайыста және үздік кабинет сайысында химия мұғалімі А.А.Омарова 1-орынға ие болды; - М.Н.Мұқтарова «Асар» халықаралық қайырымдылық марафонына және VIII халықаралық жәрмеңкеге қатысты; - Денешынықтыру мұғалімі С.А.Бихиянов Павлодар облысы Азаматтық Альянс кубогінің футбол бойынша турнирінде 2-орынға ие болды; - Әдістемелік-дидактикалық сайыста музыка мұғалімі А.Н.Байділдинова 2-орын алды; - Ақпараттық-коммуникативті технологиялар сайысында бастауыш сынып мұғалімі Р.Ж.Намазбаева 3-орынға ие болды; - Қалалық «Балауса» фестивалінің барлық номинацияларында лауреат атанып, кубокке ие болдық.

2008 – 2011 ЖЫЛДАРДАҒЫ

ЖЕТІСТІКТЕР

- 2008 – 2009 оқу жылы қалалық І Қалижан Бекқожин оқуларынан ынталандыру грамотасы; - 2008 – 2009 оқу жылы қалалық ІІ Мәшһүр Жүсіп оқуларынан ІІ орын; - 2008 – 2009 оқу жылы қалалық І Мұқағали Мақатаев оқуларынан І орын және екі оқушы ынталандыру грамотасы; - 2008 – 2009 оқу жылы қалалық «Абай Құнанбаев және иШәкәрім Құдайбердиев» оқуларынан ІІ, ІІІ орындар; - Қалалық «Айналайын» «Ертегілер әлемінде» фестивалінен І орын; - 2009 – 2010 оқу жылы қалалық өзге ұлт өкілдері 6-7 сынып оқушылары арасындағы «Әй, жарайсың!» сайысынан ІІІ орын; - 2009 – 2010 оқу жылы қалалық «ІІ Мұқағали Мақатаев оқуларынан» ІІІ орын, ынталандыру грамотасы; - 2009 – 2010 оқу жылы қалалық «ІІІ Мәшһүр - Жүсіп Көпеев оқуларынан» ІІІ орын және ынталандыру грамотасы; - 2009 – 2010 оқу жылы қалалық«І Махамбет Өтемісұлы оқуларынан» ынталандыру грамотасы; - 2009 – 2010 оқу жылы қалалық «ХІ Абай Құнанбаев мен Шәкәрім Құдайбердіұлы оқуларынан» ынталандыру грамотасы; - Облыстық «ІІ жарқын болашақ» олимпиадасынан үш оқушы сертификат иегерлері; - 2010 – 2011 оқу жылы VIІ облыстық кезеңі «Зерде» жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларынан І орын және ІІІ орын; - 2010 – 2011 оқу жылы қалалық ғылыми жоба сайысынан екі ІІ және үш ІІІ орындар; - 2010 – 2011 оқу жылы Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафоннан жеті оқушы ІІІ орын; - 2010 – 2011 оқу жылы облыстық интеллектуалдық марафоннан ІІІ орын; - 2010 – 2011 оқу жылы қалалық «ІІ Мұқағали Мақатаев оқуларынан» І орын, екі ынталандыру грамотасы; - 2010 – 2011 оқу жылы қалалық «Аққу дәурен» Иса Байзақовтың оқуларынан ІІІ орын; - 2010 – 2011 оқу жылы қалалық Оралхан Бөкей оқуларынан алғыс хат; - 2010 – 2011 оқу жылы Есентай Ерботин оқуларынан диплом; - 2010 – 2011 оқу жылы ХІІ Абай Құнанбаев мен Шәкәрім Құдайбердіұлы оқуларынан екі диплом иегерлері; - 2010 – 2011 оқу жылы қалалық ІІ Мұқағали Мақатаев оқуларынан І орын және екі ынталандыру дипломы; - 2010 – 2011 оқу жылы қалалық «Қазақстан – менің Отаным» сайысынан грамота; - 2010 – 2011 оқу жылы қалалық ІV Мәшһүр- Жүсіп Көпеев оқуларынан Іорын; - 2010 – 2011 оқу жылы Республикалық ғылыми практикалық конференциядан екі ІІ орын, бір ІІІ орын; - 2010 – 2011 оқу жылы облыстық «ІІ жарқын болашақ» халықаралық олимпиадасынан екі сертификатиегері; - 2010 – 2011 оқу жылы қалалық «Жас қаламгер» телерадио конкурсынан екі ІІ орын; - 2010 – 2011 оқу жылы облыстық «Сенің әлемің» газетінен өлеңдер басылымы жарық көрді; - 2010 – 2011 оқу жылы қалалық қазақ тілі пәні олимпиадасынан ынталандыру грамотасы; - 2010 – 2011 оқу жылы қалалық «Балауса» фестивалі мәнерлеп оқу номинациясынан лауреат; - 2009 – 2010 оқу жылы облыстық панорамалық сабақтар өткізу сайысынан жеңімпаз; - 2008 – 2009 оқу жылы қалалық мұғалімдер олимпиадасынан ІІІ орын; - 2009 – 2010 оқу жылы қалалық мұғалімдер олимпиадасынан ІІ, ІІІ орындар; - 2010 – 2011 оқу жылы қалалық мұғалімдер олимпиадасынан ІІІ орын және ынталандыру грамотасы; - Қалалық «Білім беру көшбасшысы-2008» конкурсы «Сапа шыңы» номинациясынан жеңімпаз; - 2008 жылы қалалық «Тіл – достықтың құралы» сайысынан ІІІ орын; - 2009 - 2010 оқу жылы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» сайысынан бас жүлде; - Қалалық «ҚР тәуелсіздігінің аясында өткен жас мұғалімдерге арналған Мұқағали Мақатаев оқуларынан ІІІ орын, ынталандыру грамотасы.