Телефон доверия
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Адрес: Бухар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник с 16.00 до 18.00 часов Четверг с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Отчет о проделанной работе с одаренными детьми за І полугодие 2017-2018 учебный год

Гимназиялық сыныптар

 

Сынып

Сынып жетекшісі

1

2 А

Естаева Алтын Уахитқызы

2

2 Ә

Бушумбаева  Майгүл Хамитқызы

3

3 А

Намазбаева  Сәнгүл Қайырқызы

4

3 Ә

Казангапова Манар Шәкуқызы

5

3 Б

Арынжанова Жанна Дүйсентайқызы

6

4 А

Сагындыкова Бақыт Юсатқызы

7

4 Ә

Ахметжанова Гүлия Слямбекқызы

8

5 А

Калымова  Жаңыл Шәкәрқызы

9

6 А

Жүнісова  Сәуле Қапанқызы

10

6 Ә

Кәрібаева  Айгүл Кабдрахымқызы

11

7 А

Жармағамбетова Бахтыгүл Қайратқызы

12

9 А

Ашитова  Гүлжан Әнуарбекқызы

2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығында дарынды оқушылармен атқарылған жұмыстар туралы есеп

Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жалғасып келеді.2017-2018 оқу жылында 12 гимназиялық сынып бар: 2аә, 3аәб, 4аә, 5а, 6аә, 7а, 9а. Бұл сыныптарда оқушылар саны – 260. Тереңдетіліп оқытылатын пәндер: 6а6ә-ағылшын тілі, 7а-география, 8а-информатика. Аталған сыныптардағы балалар саны – 93.  Гимназиялық және тереңдетілген сыныптарда 38 мұғалім жұмыс істейді. 

Оқушылар халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық шараларға қатысып келеді. Халықаралық «ПОНИ- Универсум» конкурсына 21 оқушы қатысты. Ағылшын тілінен халықаралық «British bulldog» ойын-конкурсына 19 оқушы қатысты.  Ш.Смағұлов атындағы республикалық математика пәні бойынша олимпиадаға 6-7 сыныптардан 13 оқушы қатысты, мұғалімі А.Қ.Наманаева.

1-7 сыныптар арасындағы Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар сайысының қалалық кезеңіне 5 оқушы қатысып, барлығы да 100%жүлдегер атанып, сертификат және дипломмен марапатталды: 2 оқушы 2 орынға (М.Ақбаба, М.Қасен), 3 оқушы 3 орынға ие болды (Б. Базарбек, А.Марден, Д.Марат), мұғалімдері: Ж.А.Жетібаева, А.В.Естаева, Ж.Д.Арынжанова, А.М.Жапарова. Облыстық кезеңге 4 оқушы қатысып, 2 оқушы 3 орынды иеленді және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, олар: М.Ақбаба- 4 «б», А.Марден -3 «б» сыныбы.  8-11 сыныптар арасындағы қалалық ғылыми жобалар сайысына мектептен 3 жоба дайындалды, 9 сыныптардан 5 оқушы- К.Магзумова, Д.Байтенова, А.Тельман, Ж.Молдабаева, М.Дания қатысты,бірақ нәтижеге қол жеткізген жоқ, дайындаған мұғалімдері –Г.А.Ашитова, Қ.М.Толыбаева, Д.С.Каримов.

Президенттік олимпиадаға 11 «А» сынып оқушысы Л.Сембаева қатысты. Бастауыш сынып оқушылары арасында математикадан алғаш рет өткен «Бастау» командалық олимпиадасына гимназиялық сыныптардан 3 оқушы қатысты- И.Бекей, Т.Бекбатыров, М.Макаров, мұғалімдері: А.В.Естаева, С.Қ.Намазбаева, Б.Ю.Сағындықова.

       27 қазан күні мектепішілік олимпиада өткізіліп, оған 772 оқушы қатысты және 147 оқушы жүлдегер болды. Мектепішілік олимпиада қорытындысы бойынша қалалық олимпиадаға баратын 14 оқушы іріктелініп алынды.  Қалалық олимпиадада 6 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Қазақ тілінен 1 орын- 11ә сынып оқушысы А.Мыржикова, мұғалімі Г.Ш.Жаменкенова, ағылшын тілінен 2 орын -10а сынып оқушысы А.Ниярова, мұғалімі Б.Қ.Жармағамбетова.3-ші орынға 4 оқушы ие болды, олар Қазақстан тарихынан 2 оқушы - 9б сынып оқушысы- С.Садуакас және 8а сынып оқушысы Б.Табулдинова, мұғалімі А.А.Жолаева. Қазақ тілінен 8а сынып оқушысы Ф.Қасен, орыс тілінен 10а сынып оқушысы Д.Ақылбекова, мұғалімдері Г.Қ.Сапина, А.Б.Абуова.

       2017-2018 оқу жылы «Балалардың бос уақытын қамту және дарынды оқушыларды дамыту» орталығы ұйымдастырған олимпиадаға дайындық тобына біздің мектептің 2-7 сынып оқушыларынан  13 оқушы қатысады, оның ішінде: «PV Эрудит» тобына 11 оқушы математика пәні бойынша және робототехника бойынша 10 «А» сыныптан 2 оқушы «Техдизайн» тобына қатысады.Робототехника бойынша облыстық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде (Lego қосымшасы) сайысына 10 «А»  сынып оқушылары А.Сериков пен Т.Траиспаев қатысты, облыстық фестиваль "Kazrobotics» сайысына 10 «А» сыныбынанАбылғазин Абылайхан,Траиспаев Темірлан, Серіков Арман  және 9 «Ә» сыныптан Қайыржан Дильназ қатысты, дайындаған мұғалімі М.М.Шампатова.

Дарынды балалармен жұмысты жандандыру бағытында өз ісімен көзге түскен мұғалімдер де баршылық. Мұғалімдерден «Жыл мұғалімі» қалалық сайысына ағылшын тілі мұғалімі Н.Г.Кайрбаева қатысып лауреат атанды. Қала мұғалімдері арасында озық тәжірибені жалпылау және тарату сайысына бастауыш сынып мұғалімі Б.Ю.Сағындықова қатысып, облыстық кезеңге өтті. Б.Ю.Сағындықованың 2 оқушысы-Қ.Безкей мен Д.Қаратай қалалық ғылыми зерттеу және шығармашылық жобалар сайысына қатысуға өтінім берді.

Дарынды оқушылармен жұмысты қорытындылай келе, осы бағыттағы жұмыстардың әлі де әлсіз жақтары –интеллектуалды сайыстар, олимпиадаларда нәтижелерге қол жеткізуге, жоғары сынып оқушыларын ғылыми жобалар қорғауға дайындауға барлық мүмкіндіктерді қолданып, жоғары және бірінші санатты мұғалімдердің белсенділіктерін арттыру қажет.

Ұсыныстар:

1.     Гимназиялық және тереңдетіліп оқытылатын пәндер бойынша дарынды балалармен олимпиадалық резерв құрамын бекіту, әр түрлі интеллектуалды конкурс, сайыстарға оқушыларды көптеп тарту.

2.      Гимназиялық және тереңдетіліп оқытылатын пәндер бойынша қосымша сабақ, жеке-дара жұмыс ұйымдастыру.

3.      Жоғары және бірінші санатты мұғалімдерге оқушылардың ғылыми зерттеушілік және шығармашылық жоба жұмыстарын қорғауды белсенді түрде жандандыру.

4.      Әкімшілік тарапынан дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыруға қолдау көрсету, үнемі бақылауда ұстау мақсатында ӘБ отырыстарында мұғалімдердің есептерін тыңдау.