Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жас ұлан» қатарына қабылданған оқушылар туралы мәлімет

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

- дей келе,  мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Мектебіміздің 62 оқушысы, әр түрлі олимпиадалар мен жарыстардың, байқаулардың, сайыстардың жеңімпаздары Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Галстуктерді мектебіміздің директоры, директордың патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары Анатолий Кайырбекұлы Сатыбалдин, мектеп президенті, мектебіміздегі «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі мен жас ұлан мүшелері және ДОТЖжО тақты. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын.

   2018 жылдың 27 ақпаны күні мектебіміздің 143 оқушысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданды, 21-і «Жас ұлан», 122-сі «Жас қыран» қатарына өтті. Бұл рәсім «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру мақсатында өткізілді.
           Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында осы жас өрендерді бәсекеге қабілетті, өзіміздің құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтайтын етіп тәрбиелеу қажеттігін атап өтті. Ішкі руханият арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге болашақ ұрпаққа дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт-бағдар берді.
Бүгінгі «Жас Ұлан», «Жас қыран» қатарына өткен оқушылар да осы елбасымыз меңзеген дара жолдан ауытқымай еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосады деп сенеміз.