Балаларды мектепке қабылдау
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген (өзг. 10.05.2018 ж. № 254) «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын»
Балаларды мектепке қабылдау үшін қажетті құжаттар:
1 сынып:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);
4) 3x 4 көлеміндегі фото – 2 дана.
2-11 сыныптар:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) 3x4 көлеміндегі фото – 2 дана;
4) медициналық карта;
5) оқу үлгерім табельдері.
Құрметті ата-аналар,
болашақ бірінші сынып оқушылары!
Болашақ бірінші сынып оқушылары үшін
дайындық сабақтары басталады.
Сабақты мектеп педагогтары өткізеді
Сіздерді және болашақ бірінші сынып оқушыларын
әр сенбіде сағат 9.00-ден бастап күтеміз.
мекен-жайымыз Короленко көш., 9/1.