Сенім телефоны
620160
email: sosh6@goo.edu.kz
Мекенжайы: Пошта индексі:140000 Павлодар қаласы, Урицкий 78 көшесі
Қабылдау бөлмесі: 620158 Директор: 620158 Бухгалтерия:557633 басқа телефон 620159
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі 16.00-17.00, жұма 16.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектептің мерейтойы!
image (2)image (5) image (4) image (8)

№ 6 мектептің мұражайы

50 жыл бұрын, тыныш шет аймақтық өнеркәсіптік қалашықта №6 мектеп ашылды. Сонда мектептің көңілді оқиғаларға толы жылнамасы басталды.

Біздің мектеп қабырғасы көп жайларды басынан кешірді: мектептің ғылыми-техникалық базасының қалыптасуын және дамуын, 90 жылдардағы қиын уақыттарды, 2000 жылдағы жаңа таңның атуын. Мыңдаған мектеп бітірушілер біздің мектептің қабырғасын бітірді, қазіргі уақытта мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істеп жүріп, өз сыныптастарын естеріңе алады. Мектеп мұражайы экспозициясындағы басты орынды мектептің ағымдағы мерейтойы күні алғашқы мектеп бітірушілердің фотографиясынан бастап қазіргі мектеп бітірушілердің фотографиялары алады. Сонымен бірге мектептің комсомол істерінің альбомдары, еңбек күнделіктері, саяхат жасаған күнделіктері және альбомдары сақталған.

Отрышко Лидия Арсеньевна - алғашқы мектеп директорына арналған экспозиция ерекше орынға ие. Дәл осы кісі 1966 жылдың 1 қыркүйегінде біздің оқу орнымыздың есігін болашақ бірінші сынып оқушыларына ашты, яғни осы кісімен мектеп үлкен сапарға, ұзақ және оқиғаға толы өмірге аттанды.

Бүгін № 6 мектеп - қаланың ең бай мектебінің бірі екендігі туралы толық сеніммен айта аламыз. Бірақ оның байлығы сәулетті корпусымен немесе қымбат жабдықтарымен бағаланбайды. Біздің мектептің байлығы бүгінгі күндегі жоғары рейтингпен бағаланады, осымен басқа өз істеріңе берілген педагогтар, және де мектеп оқушыларымен, бітірушілер.Сондықтан, мектеп мұражайында өткен жылдардағы үздік бітірушілердің және Саттарова Мадина Мауленовна, Калуина Зоя Васильевна, Крутоус Любовь Пантелеевна, Вернер Тамара Валентиновна, Гренадерова Валентина Сергеевна және басқа көптеген еңбегі сіңген педагогикалық еңбек ардагерлерінің фотографиялары төрден орын алады.

Мектепті нығайтуда және дамытуда маңызды бетті осында жұмыс істеген білікті, жоғары кәсіби директорлар енгізді: Отрышко Лидия Арсеньевна, Бутенко Нина Петровна, Пукасова Светлана Сергеевна, Акимбеков Сансызбай Мукатаевич, Белогурова Светлана Михайловна, Гладышева Светлана Рихардовна, Рихау Александр Андреевич, Сеитова Сабира Шакеновна, Завальная Светлана Витальевна және соңғы 5 жыл ішінде Кулаковской Галина Паладевнаның басшылығымен мектеп шығармашылық ізденісте және оқытудың жоғары сапасына көтеруге тырысуда.

Мектептің 3-ші онжылдығының басы Қазақстандықтардың өміріндегі тарихи маңызды оқиғамен, яғни Кеңес Одағының ыдырауымен қатар келді. Мектеп бірінші өтпелі шақта жеткіліксіз қаржыландыруды, материалды-техникалық базаның төмендеуін, кітапхана қорының азаюын басынан өткізді. Бірақ та ол уақытша құбылыс. Біздің мектеп ұжымына келетін болсақ, олар бұрынғыдай жасампаз жұмыс істеді. Барлық уақытта бастама мен шығармашылық олардың қолдарынан келеді. Міне, енді 20 жылдан астам бері балаларға жылу сыйлауда: Стоянова Елена Николаевна, Ерыгина Татьяна Николаевна, Голубицкая Ирина Геннадьевна, Шундрик Сергей Николаевич, Иванова Виктория Игоревна. Біздің мектепті аяқтап, оған білікті педагог ретінде қайтып оралғандар Әбішева Әлия Жанатқызы (тарих мұғалімі) және Ерыгина Татьяна Николаевна (технология және сызу мұғалімі).

Қазіргі заман мектебі өз функцияларын жүзеге асыру үшін әртүрлі жолдар іздеуде, оның ішінде балаларды тәрбиелеу және оқыту үдерісіндегі инновациялық қызметі болып табылады. Инновация дегеніміз жаңа енгізілім, жаңа құбылыс, өзгеріс. Көп жылдар бойы мектеп жұмысы инновациялық тәртіпте болып жатыр: өмір мәселе қояды, біз болсақ оны шешу үшін жолдар табамыз.

Біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында беделді көтеру қажеттілігі туралы, мұғалімдерге шығармашылық үшін жағдайлар жасау туралы айтылды. Бүгінгі күні мектеп мұғалімдерінің бір бөлігі деңгейлік курстардан өтті, барлық мұғалімдерге жұмыс үшін жақсы жағдай жасалған: кабинеттер жабдықталған, ғылыми-техникалық және әдістемелік база әзірленген.

Мектептің білім беру жүйесінің қазіргі күйін талдау оның негізгі бәсекелік артықшылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Оның ішіне:

  • қоршаған социумдағы және қала мен облыстың білім беру мекемелері арасындағы бедел;
  • мектепті дамыту бойынша жұмысқа ынталандырылған, білікті педагогикалық ұжым,
  • өздігінен дамуға тырысатын, анағұрлым көп педагогтар саны;
  • басқа білім беру мекемелерінде жақсы оқу көрсеткіштерін жетуге мүмкіндік беретін, оқушылардың сапалы дайындығы;
  • қазіргі заманауи технологияларды білім беру процесінде қолдану;
  • өзіндік оқу-тәрбие процесінің бар болуы.

Мектеп ұжымының жұмыс нәтижесі – осы табысқа қол жететінімізге куәландырады. Оқушыларымыз отансүйгіш деп айтуға болады. Осындай сәтті жұмыстан кейін қалай отансүйгіш болмайсың!

20161024_165907 20161024_165955 img-20161026-wa002720161024_170047