Сенім телефоны
620160
email: sosh6@goo.edu.kz
Мекенжайы: Пошта индексі:140000 Павлодар қаласы, Урицкий 78 көшесі
Қабылдау бөлмесі: 620158 Директор: 620158 Бухгалтерия:557633 басқа телефон 620159
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі 16.00-17.00, жұма 16.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бөлмелердегі температуралық тәртіп

Жұмыс және мәлімет үшін:

Қосымша хабарлаймын:СП т.164 сәйкес 1)ұйықтайтын бөлмелерде және оқу бөлмелерінде,сыныптарда,лабораторияларда,кітапханада,демалыс және мәдени іс-шаралар бөлмелерінде,компьютерлік сыныптарда,қызмет-тұрмыстық,жуу бөлмелерде +18-22 градус Цельсия;

2)түскі ас залдарда,буфет,үтіктеу,кептіру,қойма,төсек-орын бөлмелерінде +16 0С;

3) физиотерапиялық бөлмелерде,массаж бөлмелерінде +28 0С;

4)медициналық бөлмелерде,топтық,балаларға арналған киім ауыстыру бөлмелерінде,ұйықтайтын бөлмеде,дәретхана бөлмесінде  +20-22 0С,ұтымды ылғалдылық -40-60%;

5) оқу шеберханасында,спортзал мен үйірме бөлмесінде, рекреацияларда,вестибюл мен гардеробта,ас үйде,киім мен аяқ киім кептіру бөлмеде +15-17 0С;

6) спортзалдың киім ауыстыру бөлмесінде +19-23 0С;

7) ванна бассейні бар бөлмелерде +30 0С;

8) душ қабылдау бөлмесінде +25 0С; 

9) дәрігерлер бөлмелерінде +21-23 0С;

Бөлмедегі ұтымды ылғалдылық 40-55%, ас үй мен кір жуу бөлмелерінде 60-70 % құрайды.

Сонымен қатар бөлмені желдету қажет етеді.Балалар жоқ кезде бөлмені  бұрыштық жағынан желдеткен дұрыс.Дәретхана бөлмесі арқылы желдетпейді.Суық мезгілде терезені балалар ұйықтағанға дейін 30 мин бұрын жауып,кейін ұйқы кезінде және 30 мин  бұрын ұйқыдан тұрарда ашады.Жылы мезгілде терезені ашып ұйықтауға болады.Балалардың бойына сәйкес бөлме ішіндегі ішкі қабырғаға  негізгі бөлмедегі ауаның температурасын бақылау үшін (топтық ұяшық,оқу), сонымен қатар киім ауыстыру (душы бар бөлмеде) бөлмесінде және спортзалда, медициналық орында термометр орналастырады.Оқу бөлмелерін үзіліс кезінде, рекреациялық бөлмелерді- сабақ кезінде желдетеді.Сабақ басталмас бұрын және сабақтан кейін оқу бөлмелерін желдеткен дұрыс.