Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-57-10 Басшы:62-45-15
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
да - 27
нет - 11
незнаю - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
тест тапсырмалары
Қазақ тілі 2- нұсқа 1. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз. А) Жабаевта. В) Жабаевтің. С) Жабаевте. D) Жабаевті. E) Жабаевіңіз. 2. Тұрақты тіркесті анықтаңыз. А) Көпірден өту. В) Жауы тізе бүкті. С) Дүкеннен ойыншық көрді. D) Алыстағыны жақсы көреді. Е) Ұйықтағанда тісін қайрайды 3. Буын үндестігіне бағынбайтын күрделі сөздерді көрсетіңіз. А) Алатау, ала-құла, ырың-жырың. В) Қалғып-шұлғып, шым-шытырық, қолқанат. С) Сап-сары, іс-міс, жігіт-желең. D) Атамекен, көрші-қолаң, жай-күй. Е) Аққұтан, азық-түлік, сары ала. 4. Етістерді мысалдармен сәйкестендіріңіз. 1. Өздік етіс а Жуылды 2. Өзгелік етіс ә Жудырды 3. Ортақ етіс б Жуынды 4. Ырықсыз етіс в Жуысты А) 1в, 2а, 3б, 4ә В) 1б, 2ә, 3в, 4а С) 1ә, 2б, 3а, 4в D) 1а, 2б, 3ә, 4в Е) 1б, 2а, 3в, 4ә 5. Синонимдік қатарды табыңыз. А) Дауыл, дауылпаз В) Сауат, сауал С) Әзірейіл, әзір. D) Тауыс, дауыс. Е) Перде, шымалдық. 6. Етістіктің ауыспалы өткен щақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз. А) Кесілді. В) Кесіледі. С) Кесетінбіз. D) Кесілген. Е) Кесіпті. 7. Тұйық етістік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. А) Бүркіт – тау қыраны В) Жетекшінің жүгі ауыр С) Көкшетау – сұлу өлкем D) Сыйлық қымбат емес, сүю қымбат Е) Жаяу жүріп келе жатырмыз. 8. Ашық райда тұрған сөйлемдер қатарын көрсетіңіз. 1) Менің қазақ тілін үйренгім келеді. 2) Ғылым таппай мақтанба. 3) Адамдарға әрдайым жақсылық жасағым келеді. 4) Маған кітап оқыған ұнайды 5) Оқушылар сабақта тапсырмаларды орындайды. 6) Жаңбыр жаумаса, жет жетім 7) Мен сізге шынымды айтайын. 8) Инең болса – иінің бүтін. А) 4, 8. В) 2, 3, 6. С) 1, 5, 8. D) 4, 5. Е) 2, 4, 7. 9. Негізгі түбір етістікті табыңыз. А) Өткір В) Сенім С) Қойшы D) Қызық Е)Жабық 10. Күрделі етістікті көрсетіңіз. A) Көңілге бәрін тоқыды. В) Сазға жүгіріп келіп отыра қалды. С) Тынымсыз еңбектің нәтижесі. D) Тестті қарауға 20 минутым бар. Е) Келесі күні ертерек келші. 11. Төменде кестеде сөйлемдер берілген. № Сөйлемдер 1. Қазақ отбасында әкені сыйлауға үлкен мән берілді. 2. Ата-анасын сыйлап өскен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. 3. Жақсы істі білдірмей жасаған дұрыс. 4. Тілден артық қазына жоқ. 5. Қайырымдылық- қазақ халқының аса қымбатты дәстүрі. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзі бар қатарды табыңыз. А) 1 В) 2 С) 3 D) 4 Е) 5 12. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Алтын алма, алғыс ал. В) Ол бір өзі ойға кетіп, қанша уақыт өткенін аңғармады. С) Не ол барсын, не мен барайын. D) Итке төсек не керек, естіге өсек не керек. Е) Ғалымның өскен ортасы әр нәрсені байымдағыш, көріп-білуге құмар болып өсуіне әсер етті. 13. Жайылма сөйлемді табыңыз. А) Самал, оқып отырсың ба? В) Мәжіліс болып жатыр. С) Атамыз қазақ аққуды атпайды. D) Абай- данышпан. Е) Мереке мен Данагүл жүгіріп келе жатыр. 14. Құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Мамыр айының он жетісі. В) Қап- қара көндей болып жатқан алақаның ұсынды. С) Сөз орнына көзінен жас шықты, бірақ ешкімге сездірмейді. D) Дәмеш пен Төлеп жер қазуда. Е) Ғылымға берілген адам ғана ойлаған мақсатына жете алады. 15. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер қатарын көрсетіңіз. 1) Қалың киініп шық, әйтпесе ауырып қаласың. 2) Наданға үгіт айтудың керегі жоқ: ол бәрібір ұқпайды. 3) Өзен кейде бірқалыпты ағады, кейде таяздана түседі. 4) Жебені сындыруға тырысады, бірақ ешқайсысы сындыра алмайды. 5) Қонақтар кешігіп келеді, не мүлде келмейді. 6) Мен оның келуін күтпедім және келгенін қаламаған едім. 7) Ана отбасына әрқашан нәр береді, сондықтан оны бұлақ дейді. 8) Біздің отбасымыз демалыс күні бірде тауда болады, бірде көлге барады. А) 1, 3, 5 В) 4, 5, 6 С) 2, 3 D) 1, 5 Е) 6, 7, 8 Мәтінді оқып, 16-20- сұрақтарға жауап беріңіз. Күндердің бір күнінде Байлық пен Кедейлік “кім сұлу? ” деп сөз таластырыпты. Алайда бір ымыраға келе алмаған соң, жаяулатып келе жатқан ер азаматқа: - Біздің сұрағымызға сен жауап бере алатын сияқтысың. Айтшы, екеуміздің қайсымыз әдеміміз, сұлумыз? – деп сұрапты. “Қап, қалай жауап берсем екен?” – деп жаяу жүргіншінің басы қатады: “Кедейлікті сұлу десем, байлық ренжіп, менен кетіп қалар. Байлық сұлу десем, кедейлік маған ызаланып, бас сала төнуі мүмкін. Қайтсем екен?” Ары ойланып, бері ойланып: “Бірден бұл сауалға жауап беру қиын екен. Сендер ары- бері жүріп көріңдер, мен қарап көрейін”, - дейді. Байлық пен кедейлік ары да өтеді, бері де өтеді. Бар сұлулығын көрсетуге тырысып бағады. - Иә? Қайсымыз сұлу екенбіз, ә? – дейді екеуі жарыса. Ер адам жымиып: - Сен, кедейлік, кетіп бара жатқанда, яғни артыңнан қарағанда сондай сұлу әрі тартымды көрінесің. Ал, сен, байлық, керісінше жүзіңмен бері қарап, адамға қарай жүргенде сұлулана түсесің, - деген екен. 16. Кедейлік қандай жағдайда сұлу екен, табыңыз. А) Келе жатқанда В) Кетіп бара жатқанда С) Артына бұрылғанда D) Алдынан қарағанда Е) Кетіп, қайта келгенде 17. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты табыңыз. А) Жүргіншінің сөзден тосылуы В) Байлық пен кедейліктің сөз таласы С) Жүргіншінің жауап беруі D) Екеуінің ымыраға келе алмауы Е) Ер азаматтың ойлануы 18. Мәтіннен қандай қорытынды шығаруға болатынын табыңыз. А) Дүние бар кезінде жинап қалу керек. В) Кез келген адам өзін сұлумын деп қабылдау керек. С) Барға шүкір етіп, жоққа сабыр қылу керек. D) Ер азаматтың тапқырлығын дәріптеу керек. Е) Байлықты да, кедейлікті де қабылдамау керек. 19. Мәтіннің жанрын табыңыз. А) Әңгіме В) Шешендік сөз С) Аңыз D) Өсиетнама Е) Эссе 20. Мәтінге лайық ат қойыңыз. А) Реніш пен ыза В) Табылған жауап С) Орынсыз сұрақ D) Байлық пен кедейлік Е) Жүргіншінің жауабы