Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
да - 27
нет - 11
незнаю - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тест тапсырмалары
Қазақ тілі 1-нұсқа 1.Дыбысқа жатпайтын әрпі бар сөзді белгілеңіз А) Булану В) Үйлер С) Ым-ишара D) Қолы ашық Е) Лагерь маңы 2.Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді белгілеңіз A) Көшеде. B) Туысқан. C) Әдемірек. D) Құлыншақ. E) Еңбекқор. 3.Синоним сөздерді көрсетіңіз. A) Жақсы,тәуір,жақын. B) Жалғасу,ұштасу,келісу. C) Екпін,еңбек,табыс. D)Дидар,келбет,билік. E)Лақап,қауесет,сыбыс. 4.Мәтелдің жалғасын табыңыз. Сегіз қырлы,бір ... A) өнерлі. B) сырлы. C) жырлы. D) ақылды. E) үлкен. 5.Шылауды көрсетіңіз. A) Кездесуден кейін өзім (ше) ой толғадым. B) Кім қалай ойлайды? Сен (ше)? C) Жібектің әнін бұлбұл (ша) сайрап орындап берді. D) Басқалар (ша) ойлау мүмкін емес. E) Әкем (ше) толғандаймын. 6) Бұйрық райда тұрған сөйлемдер қатарын көрсетіңіз. 1) Менің қазақ тілін үйренгім келеді. 2) Мектепті таза ұстауға үлесімізді қосайық. 3) Адамдарға әрдайым жақсылық жасағым келеді. 4) Маған кітап оқыған ұнайды. 5) Оқушылар ссабақта тапсырмаларды орындайды. 6) Жарқырап бір қөрінсек дейміз. 7) Бір-біріңмен достық,әдептілік қатынаста болыңдар. 8) Инең болса-иінің бүтін. A) 1,5,7 B) 3,2,8 C) 6,7 D) 1,4,5 E) 2,7 7. Сын есімнен жасалған туынды зат есімді табыңыз. A) Үйлесім. B) Қуаныш. C) Кішкентай D) Адалдық E) Қалалық 8.Салыстырмалы шырайға мысал бола алмайтын қатарды табыңыз. A) Қоңырқай B)Бозаң C)Қызғылт D) Жарықтау E) Шымқай 9.Төменде берілгендерді сәйкестендіріңіз. 1. Ашық рай а. Мені алғайсың 2. Бұйрық рай ә. Мен аламын 3. Қалау рай б. Мен алайын Дұрыс жұптастырылған қатарды белгілеңіз. А) 1б, 2а, 3ә В) 1ә, 2а, 3б С) 1б, 2ә, 3а D) 1ә, 2б, 3а Е) 1а, 2ә, 3б 10. Атау септігінде тұрған сөзді анықтаңыз. А) Кітап алдым. В) Кітапқа жазды. С) Кітапты көрдім D) Кітапта екен E) Кітап-білім бұлағы 11. Сұраулық демеулік шылау қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. A) Қашан шығасыз? B) Ертең кім барады? C) Ақтөбенікі? D) Қайда барады? E) Ауылға барамысың? 12. Жалаң сөйлемді табыңыз. A) Бұларға бірсыпыра тәрбие керек болды. B) Уайымы барлар жиналып жатыр еді. C) Бізді бұл хабарлар үлкен ойға қалдырды. D) Берген тапсырма бітті ме? E) Өкілдер тез жиналды. 13. Құрмалас сөйлемді табыңыз. A) Ақындар , жазушылар жиналып отыр. B) Күн желсіз , тып-тынық. C) Жүрегімнің түбіне терең бойла. D) Біреуге жақсылық істесең , алғысың аласын. E) Ақтөбе қаласы күннен-күнге көркейіп келеді. 14. Жалғаулықты қарсылықты салаласты табыңыз. A) Күн суық болса да , қалың киінбеймін B) Көз – қорқақ , қол - батыр C) Бауыржан жұмыстан бірісе кеш келеді , біресе ерте келеді. D) Бүгін күні бойы мазасы болмады. E) Жүзінен қуаныш та , реніш те байқалмады , алайда ол сейқос емес. 15. Кезектес салалас құрмалас сөйлемдер қатарын көрсетіңіз. 1) Достарымды іздеп бардым , себебі оларды көрмегеніме көп болып өтті. 2) Мен бәріне шындықты айттым, алайда ешкім сенген жоқ. 3) Өзен кейде бірқалыпты ағады, кейде таяздана түседі 4) Жебені сындыруға тырысады, бірақ ешқайсысы сындыры алмайды. 5) Қонақтар кешігіп келеді, не мүлде келмейді. 6) Мен жұмысымды тезірек бітірейін, әйтпесе анам ренжиді. 7) Ана отбасына әрқашан нәр береді, сондықтан оны бұлақ дейді. 8) Біздің отбасымыз демалыс күні берде тауда болады, бірде көлге барады. A) 2,5 B) 3,6 C) 5,6,8 D) 3,8 E) 1,4,7 Мәтінді оқып, 16-20- сұрақтарға жауап беріңіз. Келе жатқан бір таксидің алдынан көк көлік бірден тоқтап, жол апатына себеп бола жаздайды. Тежегішті уақытысында басып үлгерген жүргізуші, көлікті басқа жаққа бұрып, жолдың екінші жағымен келе жатқан көлікпен соғыса жаздайды. Көк көлік иесі терезені ашып жүргізушіге жаман сөз айтып ұрысады. Жүргізуші болса оған күлімдеп қана қол сілтеді. Айтылған жаман сөздерге еш ашуланбады. Оның сабырлығына таңданып, жолаушы сұрайды : «Неге оған жауап қайтарудың орнына күлімдеп қана қойдыңыз? Оның кесірінен жол апаты бола жаздады ғой!» Жүргізуші болса былай дейді: «Көптеген адам қоқыс артып алып жүреді. Қоқыстары – ыза , жеккөрініш пен реніш. Қоқыстары көбейіп кеткен кезде , оларды бір жерге лақтыру керек болып тұрады . Сондықтан қоқыстарын кейде сенің үстіңе де лақтырып тастаулары мүмкін. Еш уақытта бұны жүрекке жақын қабылдама. Күлімде де, олардың жақсылығын тілеп жолыңмен кете бер. Олардың қоқыстарын алып жұмысқа , үйге немесе басқа адамдарға апарушы болма». 16. Мәтінде сөз етілмеген ақпаратты көрсетіңіз. A) Жолда орын алған жол апаты B) Қоқыстарды тасымауды кеңес етуі C) Жолаушының жүргізушіге сұрақ қоюы D) Жүргізушінің сабырлығы E) Көк көлік иесінің ұрысуы 17. Жүргізуші не себепті күлімдеп қана қойды , табыңыз . A) Қоқысты төккісі келмегендіктен. B) Ашу-ызаны жақын қабылдамағандықтан. C) Көңіл-күйі жақсы болғандықтан. D) Сабырлығына таңданғандықтан. E) Танданысын жасыра алмағандықтан 18. Мәтін оқырманды қандай қасиетке шақырмайды, анықтаңыз. A) Мейірбандыққа B) Жақсылыққа C) Сабырлыққа D) Жеккөрушілікке E) Ренжімеуге 19. Мәтін бойынша қоқыс ненің символы , көрсетіңіз. A) Ақыл мен сананың B) Ашу мен анғалдықтың C) Сабыр мен жақсылықтың D) Ыза мен реніштің E) Мақтаныш пен жеккөрушіліктің 20. Мәтін бойынша жүргізуші нені жүрекке жақын қабылдамауды ескертпейді, анықтаңыз. A) Бейәдеп сөздері B) Өкпе-ренішті C) Ашу-ызаны D) Ашуланбауды E) Жеккөрушілікті