Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Біздің мектепте оқыған қызықты ма?
Голосовать
иә - 27
жоқ - 11
білмеймін - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Егер де мен Елбасы болсам...» республикалық интернет-байқауды қашықтықтан өткізу ережелері
«Егер де мен Елбасы болсам...» республикалық интернет-байқауды қашықтықтан өткізу ережелері
  1. Жалпы ережелер
  1. Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында қашықтықтан өткізілетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Егер де мен Елбасы болсам...» республикалық интернет-байқауының (бұдан әрі - Байқау) ережелері оның мақсатын, міндеттерін, және өткізу тәртібін анықтайды.
  2. Мақсаты: білім алушылардың зерттеу жұмысына уәждемесін арттыру, балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін, білім алушылардың белсенді өмірлік тұғырын, еліміздің қоғамдық және саяси өміріне қатысуын қалыптастыру, жас буын өкілдеріне елжандылық сезім мен тарихи сана ұғымын бойларына сіңіру және педагогтердің сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастырудағы инновациялық әдістерін айқындау.
Міндеттері: жас буынға белсенді өмірлік ұстанымды және өздерінің жеке таңдауымен Қазақстан болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру; білім алушы балалар мен жастардың сана-сезімінде мақсаттар ортақтастығы мен келешекке ұмтылыс бағыттарын нығайту; көшбасшылық қасиеттерін дамыту; Отан өміріне, оның өткен шағына, осы шағына, болашаққа қатыстығын, адамгершілік құндылықтарын қатысушылардың сезінуі; қатысушылардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
  1. Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК өткізеді.
  2. Байқаудың ұйымдастырушылары әділ қазылар алқасының және ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.
 
  1. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
  1. Байқау жұмыстары электронды түрде 2016 жылғы 5 қыркүйектен 15 қарашаға дейін konkurs.16@mail.ru поштасына қабылданады.
Ұйымдастыру комитетіне 2016 жылғы 15 қарашаға кейін келіп түскен, сондай-ақ талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар қарастырылмайды. Байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары 2016 жылғы 30 қарашада www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
  1. Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды. Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы. Қатысушыларға сараптамалық қорытынды және пікірлер берілмейді.
  2. Байқауға қатысу үшін төлемақы төленеді:
білім алушылар - 1500 (бір мың бес жүз) теңге; педагогтер - 3000 (үш мың) тенге. Төлемақы барлық банк немесе Қазпошта бөлімшелерінде келесі реквизиттер арқылы жүргізіледі: ҚР БҒМ «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК (резидент). БИН 990140004733 ИИК KZ918560000005068448 БИК KCJBKZКX Кбе 16 Төлемақы мақсатының коды: 859. АО «Банк Центр Кредит» Төлемақының аталуы: «Егер де мен Елбасы болсам...» байқауы. Байқауға қатысушының (жіберуші) аты-жөнін, тегін міндетті түрде көрсету керек. Байқауға қатысу үшін konkurs.16@mail.ru электронды поштасына келесі құжаттарды міндетті түрде жіберу қажет:
  • қосымшадағы форма бойынша өтінім;
  • сканерден өткізілген төлемақы түбіртегі немесе төлем тапсырмасы;
  • электронды түрде байқау жұмысы.
  1. Байқау талаптары
 
  1. Байқауға:
1) 7-17 жастағы жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары келесі жас санаттары бойынша: кіші жас санаты: 7-10 жас; орта жас санаты: 11-14 жас; жоғары жас санаты: 15-17 жас 2) педагог қызметкерлер қатыса алады.
  1. Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:
  2. «Қазақ елім – мақтанышым!» зерттеу жобаларының байқауы.
Зерттеуде әр тарихи кезеңдегі ұрпақ өкілдерінің еліміздің өткеніне, өз тарихына қарым-қатынасын көрсету маңызды. Республиканың ағымдағы жағдаяттарына салыстырмалы талдау жасау.Сонымен қатар зерттеу жүргізілген интервью, отбасылық және мемлекеттік мұрағат, мұражай коллекциялары құжаттарына және т.б. сүйене отырып негіздеуіне болады. Зерттеу жұмысы – 3-5 беттен кем болмауы тиіс. Бағалау критерийлері: жиналған материалдың құндылығы мен жаңалығы, автордың қызықты зерттеушілік тапсырма қою қабілеті, ақпарат көздеріне сыни көзқарас, тарихи мәнмәтінді білу және түсіну, баяндаманың айқындығы мен түсініктілігі, нәтижелердің негізділігі.
  1. «Елбасыға хат» - (эпистолярлық жанрда). Көлемі – 1,5 бет.
 
  1. «Біз тарихты жасаймыз» педагогтер арасында өткізілетін байқау.
Сабақтан тыс тәрбиелік іс-шаралар сценарийлерін әзірлеу. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметін зерделеу бойынша сыныптан тыс қызметтерге қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік беретін ең үздік сценарийлерді анықтау. Заманауи педагогикалық технологияларды жинақтау және тарату. Сценарий бұрын жарияланбаған авторлық болуы тиіс. Жұмыста іс-шараның мақсаты мен міндеттері, оның түрі мен мазмұны нақты көрсетілуі керек. Сценарийге қоса электрондық презентацияны жіберуге болады. Іс-шараның барысы және іс-шара барысында педагог пен білім алушының әдістемелік жоспарланған белсенді және интерактивті іс-әрекеттері. Байқауға қатысуға байқаудың мақсаты мен талаптарына сәйкес келетін, бір немесе екі номинация бойынша, бірақ әр номинацияда бірден көп емес жұмыстар қабылданады.
  1. Байқау жұмысының титул парағында келесілер көрсетіледі:
облыс, аудан (қала), ауыл; білім беру ұйымының атауы; байқау және номинацияның атауы; автордың аты-жөні; қатысушының жасы; жетекшінің қызметі және жұмыс орны; e-mail, байланыс мәліметтері.
  1. Байқауды бағалау критерийлері:
ұсынылған жұмыстар өзекті және бұрын жарияланбаған болуы тиіс; баяндау, жеткізу тілі көркем, нақты және жатық болуы, баяндау шеберлігі; жұмыс Байқаудың тақырыбына және номинацияларға сәйкес болуы тиіс; материалдардың шынайылығы мен объективтілігі; тақырыпты толық аша алуы; авторлық ұстанымның нақтылығы; жұмысты баяндау және ресімдеу сапасы; фотосуреттердің көркемдік және техникалық сапасы (фотосуреттер болған жағдайда).
  1. Интернет желісінен алынған және өзге авторлардың материалдарын қолдануға тыйым салынады. Байқау жұмыстары бұрын ешқандай интернет желісінде жарияланбаған болуы тиіс.
 
  1. 4. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
  1. Әділқазы мүшелері номинациялар бойынша байқаудың жеңімпаздарын анықтайды. Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдармен, байқау жеңімпаздарының жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады, орынға ілікпеген қатысушыларға сертификаттар беріледі.
  2. Байқау жеңімпаздарына дипломдардың, олардың жетекшілеріне алғыс хаттардың және қатысушыларға сертификаттардың электронды нұсқалары www.ziyatker.org сайтында мына сілтеме http://www.ziyatker.org/#!-/c10hg бойынша автоматты түрде жүктеу мүмкіндігімен орналастырылады.
Анықтама телефондары: 8(7172)24-93-12, Людмила Васильевна. Диплом, сертификаттардың онлайн нұсқасын жүктеу үлгісі www.ziyatker.org → Республикалық іс-шаралар → Конкурс «Егер де мен Елбасы болсам...» байқауы→жалғасы.