«Егер де мен Елбасы болсам...» республикалық интернет-байқауды қашықтықтан өткізу ережелері
«Егер де мен Елбасы болсам...» республикалық интернет-байқауды қашықтықтан өткізу ережелері
- Жалпы ережелер
- Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында қашықтықтан өткізілетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Егер де мен Елбасы болсам...» республикалық интернет-байқауының (бұдан әрі - Байқау) ережелері оның мақсатын, міндеттерін, және өткізу тәртібін анықтайды.
- Мақсаты: білім алушылардың зерттеу жұмысына уәждемесін арттыру, балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін, білім алушылардың белсенді өмірлік тұғырын, еліміздің қоғамдық және саяси өміріне қатысуын қалыптастыру, жас буын өкілдеріне елжандылық сезім мен тарихи сана ұғымын бойларына сіңіру және педагогтердің сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастырудағы инновациялық әдістерін айқындау.
- Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК өткізеді.
- Байқаудың ұйымдастырушылары әділ қазылар алқасының және ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.
- Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
- Байқау жұмыстары электронды түрде 2016 жылғы 5 қыркүйектен 15 қарашаға дейін konkurs.16@mail.ru поштасына қабылданады.
- Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды. Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы. Қатысушыларға сараптамалық қорытынды және пікірлер берілмейді.
- Байқауға қатысу үшін төлемақы төленеді:
- қосымшадағы форма бойынша өтінім;
- сканерден өткізілген төлемақы түбіртегі немесе төлем тапсырмасы;
- электронды түрде байқау жұмысы.
- Байқау талаптары
- Байқауға:
- Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:
- «Қазақ елім – мақтанышым!» зерттеу жобаларының байқауы.
- «Елбасыға хат» - (эпистолярлық жанрда). Көлемі – 1,5 бет.
- «Біз тарихты жасаймыз» педагогтер арасында өткізілетін байқау.
- Байқау жұмысының титул парағында келесілер көрсетіледі:
- Байқауды бағалау критерийлері:
- Интернет желісінен алынған және өзге авторлардың материалдарын қолдануға тыйым салынады. Байқау жұмыстары бұрын ешқандай интернет желісінде жарияланбаған болуы тиіс.
- 4. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
- Әділқазы мүшелері номинациялар бойынша байқаудың жеңімпаздарын анықтайды. Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдармен, байқау жеңімпаздарының жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады, орынға ілікпеген қатысушыларға сертификаттар беріледі.
- Байқау жеңімпаздарына дипломдардың, олардың жетекшілеріне алғыс хаттардың және қатысушыларға сертификаттардың электронды нұсқалары www.ziyatker.org сайтында мына сілтеме http://www.ziyatker.org/#!-/c10hg бойынша автоматты түрде жүктеу мүмкіндігімен орналастырылады.