Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-57-10 Басшы:62-45-15
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
да - 27
нет - 11
незнаю - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Құтқарушылар балалар көзімен» республикалық интернет-байқауды қашықтықтан ұйымдастыру және өткізу ережелері
«Құтқарушылар балалар көзімен» республикалық интернет-байқауды қашықтықтан ұйымдастыру және өткізу ережелері 1. Жалпы ережелер 1. Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Құтқарушылар балалар көзімен» республикалық интернет-байқауды (бұдан әрі - Байқау) қашықтықтан өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін және өткізу тәртібін анықтайды. 2. Байқаудың мақсаты: білімалушылардың шығармашылық потенциалын дамыту және құтқарушы мамандығын дәріптеу. 3. Міндеттері: 1) қатысушылардың назарын құтқарушы еңбегінің маңыздылығына аудару; 2) болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға мүмкіндік туғызу; 3) құтқарушылардың батыл еңбектерінің мысалында тұлғалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. 4. Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК өткізеді. 5. Байқауды ұйымдастырушылар әділ қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады. 2. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі 6. Байқау жұмыстары 2016 жылғы 13 қыркүйектен 21 қазанға дейін info.do@list.ru электронды поштасына қабылданады. Байқауға 2016 жылғы 21 қазаннан кейін түскен және Ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды. Байқау қорытындысы, жеңімпаздар дипломдары мен қатысушылар сертификаттары 2016 жылғы 31 қазанда www.ziyatker.org сайтына орналастырылады. 7. Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды. Ұйымдастырушылар авторды көрсете отырып, жұмысты БАҚ-та жариялауға құқылы. Анықтама телефондары: 8 (7172) 24-93-12 «Құтқарушылар балалар көзімен» байқауы). 8. Байқауға қатысу үшін 1500 (бір мың бес жүз) теңге төлемақы төленеді. Төлемақы барлық банк немесе Қазпошта бөлімшелерінде келесі реквизиттер арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК (резидент). БИН 990140004733 ИИК KZ918560000005068448 БИК KCJBKZКX КНП 859 Кбе 16 АО Банк Центр Кредит, Астана қ. Төлемақы аталуы: «Құтқарушылар балалар көзімен» байқауы. 9. Байқауға қатысу үшін info.do@list.ru электронды поштаcына келесі құжаттарды жіберу қажет: 1) 1-қосымшаға сәйкес өтінімді; 2) сканерден өткізілген төлемақы құжатын (түбіртек немесе төлем тапсырмасы); 3) байқауға қатысатын жұмысты. 3. Қатысушылар және байқауға қойылатын талаптар 10. Ұсынылған жұмыстар байқаудың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес болуы керек. 11. Байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 18 жасқа дейінгі білім алушылары қатыса алады: 1) кіші жас санаты: 7-10 жас; 2) орта жас санаты: 11-13 жас; 3) жоғары жас санаты:14-17 жас. 12. Байқау жұмыстары келесі номинациялар бойынша қабылданады: «Сурет» номинациясы Конкурсқа суреттердің фотолары қабылданады (фото немесе сканерлеу). Суреттер графикалық редакторларда орындалады. (Adobe PhotoShop, Paint және т.б.) Конкурсқа тек JPEG форматындағы электрондық нұсқадағы суреттер жіберіледі. «Плакат» номинациясы Плакаттар кез-келген материалда, кез-келген техникада орындалады (май, акварель, тушь, түрлі-түсті қарындаш, борлар және т.б.). Плакаттардың фотосын электрондық нұсқада жіберу керек. «Презентация» номинациясы 15 слайдтан көп емес презентация. Жұмыс орындалған файлдың көлемі 10 Мб аспау керек. Бірінші парақ – титулдық парақ, мұнда міндетті түрде болу керек: номинация атауы, автордың А.Ә.Т. Номинацияларға келесі тақырыптар ұсынылады: 1) «Судан ажалға дейін бір-ақ қадам»; 2) «Ал, достар, қол ұстасайық, Әлемді оттан біз құтқарайық!»; 3) «Батырлар біздің жанымызда»; 4) «Өртсөндіруші боламын, Үйретсін қыр-сырына!»; 5) «Жол әліппесі». 13. Бағалау өлшемдері: 13.1 «Сурет» номинациясында: компьютерлік графика тәсілдерімен жұмыстың тақырыбын ашу деңгейі; (компьютерлік технологиялар); айқындығы - көркемдік-эстетикалық қабылдау, композиция, дизайны, бейнелік шешімі, жалпы әсері; технологиялығы – компьютерлік графикалық ортаның, құралдарының, эффектілерінің мүмкіндігін қолдану, нысандарды бейнелеу үшін құралдарды қалыпсыз қолдану және бірегейлігі. 13.2 «Плакат» номинациясында: - байқау жұмыстарының тақырыпқа сай орындалуы; - жұмыстарды рәсімдеуге шығармашылық тәсілдемесі; - ақпараттылық; - жұмысты орындау кезінде берілген тақырыпқа байланысты өзіндік көзқарасы; - орындау сапасы. 13.3 «Презентация» номинациясында: - шығармашылық тәсілі (тақырып таңдау, тақырып бойынша қызықты табыстар, ерекшелігі, жаңа көзқарас); - техника (ашықтығы, контраст, түсі, және т.б.); - презентацияның ресімделуі (дизайн, арнайы эффектілер, дыбыс, анимация және т.б.). 14. Байқауға қатысу үшін бір қатысушыдан бір номинация бойынша бір жұмыс қабылданады. Топпен жасалынған жұмыстар қабылданбайды. 15. Басқа адамдардың және интернеттен алынған материалдарды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Байқау жұмысы бұған дейін интернетте жарияланбуы тиіс. 4. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау 16. Байқау қорытындысы бойынша әділ қазы мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. 17. Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдармен, байқау жеңімпаздарының жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады, орынға ілікпеген қатысушыларға сертификаттар беріледі. Байқау жеңімпаздарына дипломдардың, олардың жетекшілеріне алғыс хаттардың және қатысушыларға сертификаттардың электронды нұсқалары www.ziyatker.org сайтында мына сілтеме http://www.ziyatker.org/#!-/c10hg бойынша автоматты түрде жүктеу мүмкіндігімен орналастырылады. Анықтама телефондары: 8(7172) 24-93-12 «Құтқарушылар балалар көзімен» байқауы). Диплом, сертификаттардың онлайн нұсқасын жүктеу үлгісі www.ziyatker.org → Республикалық шаралар → «Құтқарушылар балалар көзімен» байқауы → әрі қарай. 1- қосымша Байқауға қатысушы туралы мәлімет Қатысушының аты-жөні Жасы Мекенжайы Білім беру ұйымының аталуы, сыныбы, курсы Байқаудың аталуы, номинациясы тақырыбы Байланыс мәліметтері (ұялы телефоны, эл. поштасы) Жетекшісінің толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы Жетекшісінің байланыс мәліметтері (ұялы телефоны, эл. поштасы) 1 2 3 4 5 6 7 8 2-қосымша Титул парағын толтыру үлгісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК «Құтқарушылар балалар көзімен» республикалық интернет-байқауы «----------» номинациясы Тақырыбы: Жұмыстың авторы: Муслимова Жадыра Өмірзаққызы Білім беру ұйымының мекенжайы: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы № 1 мектеп, 9-сынып Жетекшісі: Петрова Нина Ивановна 2016 жыл