Телефон доверия
email: sosh7@goo.edu.kz
Адрес: 140000 г.Павлодар, ул.Пл.Победы, 13
Приемная:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Дни приема руководителя граждан по личным вопросам: Вторник: 14.00-16.00 Пятница: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
да - 27
нет - 11
незнаю - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының қалалық конкурсының ережесі

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық

жобаларының қалалық конкурсының ережесі

 
  1. Жалпы ережесі
  1.1. Бұл ереже бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқыту тіліне қарамастан , зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының қалалық конкурсының мақсаттары мен міндеттерін, сонымен қатар оның өтілуі мен қаржыландыру тәртібін анықтайды.   1.2. Жарыстардың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: 1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; 2) ой еңбегiнiң беделiн арттыру; 3) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;   1.3. Қалалық жарыс үш кезеңде өтедi: 1) бiрiншi кезең – мектепшілiк, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында өткізіледі; 2) екiншi кезең – iрiктеу кезеңi; жоғары оқу орындары мен колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамы, білім беру бөлімінің өкілдері жобаларға сараптама жүргізуге тартылады; 3) үшінші (қорытынды) қорғау кезеңі – қалалық. 1.4. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының қалалық конкурсының ережесі ашық формада өтеді: Өткізулі күні- №16 ЖОМ 31 наурыз 2017 ж. ІІ. Ғылыми жарыстарға қатысушылар 2.1. Ғылыми жарыстардың бірінші кезеңіне оқушылардың ғылыми қоғамдарының немесе ғылыми жетекшiлерінiң ұсынуымен 1-4 сынып оқушылары қатыса алады. Зерттеу жұмысын екi оқушыдан орындауға болады. 2.2. Екiншi кезеңге бiрiншi кезең жүлдегерлері қатысады, олар ғылыми жетекшiнiң пiкiрiн және ілеспе құжаттарды (өтiнiм, мектептiң есебi, зерттеу журналы) ұсынады. 2.3. Соңғы кезеңнің қатысушылары іріктеу кезеңінде өткен сараптама қорытындысы бойынша анықталады. 2.4.Зерттеу жұмыстарының тақырыптары ағымдағы жылдың 18 желтоқсаннан 2016 ж. кешiкпей тiркелуi керек. 2.5. Зерттеу жұмыстары 8 қаңтар 2017 ж. дейін тапсырылуы керек.   ІІІ. Жарыстарға ұсынылатын зерттеу жұмыстарын ресімдеуге қойылатын талаптар   3.1. Ғылыми жұмыстарды қорғау келесі төрт бағыт бойынша жүргізіледі: Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің бір буыны ретінде ( физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылымдар) Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық және шығармашылық өнерін модельдеу (математика, қолданбалы математика, информатика, қол өнер) Стратегияны іске асыру негізі – салауатты қоршаған орта (биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау) Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективтік туристтік бағыттар (өлкетану, тіл, әдебиет, этномәдениет) 12 бағытта: «Бұл қызықты жануарлар», «Білім шуағы», «Қарапайым нәрседегі ғажайып», «Өз қолымен», «Экология», «СӨҚ», «Тіл білімі», «Математика, физика», «Тарих және өлкетану», «Терезе алдындағы бақша», «Әлемдегі барлық нәрсеу туралы», «Шеберлер әлемі».   3.2. Жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар жарыстарға қатысуға жіберілмейді. 3.3. Зерттеу жұмыстарын ресiмдеуге қойылатын талаптар: 1) жұмыс мәтіні компьютерде WORD, 14 шрифт, 1,5 жоларалық, солдан шегініс – 2 см терілген болуы және мыналардан тұруы керек: титул парағы; мазмұны; абстракты (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының қай тiлде дайындалғанына байланысты); кiрiспе; зерттеу бөлiмi; қорытынды; пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi; 2) титул парағында мыналар көрсетiледi: жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi; автордың (бiрiккен автордың)тегi, аты, сыныбы; жұмыстың атауы; жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы; жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты; қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы; 3) абстракт (аннотация) : зерттеудің мақсатын ; гипотезасын; кезеңдерiн,зерттеудiң рәсімін; тәжірибенің әдiстемесiн; зерттеудiң жаңалығынжәне дербестiк дәрежесiн; жұмыстың нәтижесiн және қорытындысын; нәтижелерді практикалық қолдану салаларын қамтитын зерттеу жұмысының қысқаша мазмұнын білдіруі керек; 4) кiрiспеде мыналар келтiрiледi: зерттеулердің таңдалған тақырыптарының өзектілігін, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi), алға қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi; 5) жұмыстың зерттеу бөлiмi жеке тараулардан (параграфтардан) тұруы мүмкiн және мына мазмұнда: осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзу және оның мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау; алға қойылған мiндеттердi шешудiң әдiстерiн сипаттау; жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау; безендiрiлген материал (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер т.б.); 6) қорытынды жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды; 7) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай тәртiпте берiледi: автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi; мақаланың және журналдың аты (журналдық мақалалар үшiн); журналдың, кiтаптың аты; басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн); басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi; 8) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары айтылатын жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек;   ІV. Жарыстардың сараптау комиссиясы 4.1. Әр секцияның сараптау комиссиясының құрамына ғылымның осы бағыты бойынша кемінде бес ғалым (маман) кiредi. Сараптау комиссияның құрамы ғылыми жарыстардың тиiстi кезеңiн ұйымдастыратын ұйымның бұйрығымен бекiтiледi. 4.2. Iрiктеу кезеңiнiң комиссиясы осы ереженің көрсетілген бағалау өлшемдерi бойынша зерттеу жұмыстарын қарап, әрбiр жобаны рецензиялайды және қалалық кезеңге қатысушыларды анықтайды. Ү. Жеңiмпаздарды марапаттау 5.1. Қалалалық жарыстарының жеңiмпаздары, бiлiм беру бөлімінің бұйрығы негiзiнде бірінші дәрежелі, екінші және үшінші дәрежелi дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. 5.2. Білім беру жүйесінің қызметкерлеріне зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының қалалық конкурсын дайындағаны үшін және өткізуге белсенді қатысқандарға алғыс жарияланады.