КҮРЕС СПОРТ СЕКЦИЯСЫ
Күрес спорт секциясы
Күрес. Секцияны жүргізетін жаттықтырушы К.К.Құсайынов. 2014 жылдың 1 қыркүйегінде 14 адам тіркелді.Сабақтар 12.00-16.00-ге дейін әр жексенбі болады. Оқушылар әртүрлі сайыстарға қатысып тұрады.2012 жылы облыстық джиу-джицу турнирінде түгел жүлделі орындарды жеңіп алды. Күрес дене сапасын, күш-жігер, координацияны дамытады.
Күрес-күштілердің спорт түрі. Күрескер тез қимылдарға, қарсыласына дер кезінде жауап қайтаруға дайын болуы керек.Күрескерде бұлшық еттері, иық бұлшықеттері жақсы дамыған болу керек. Дұрыс құлап, бірқалыптылықты сақтай алу керек.