Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-45-15 Бухгалтер:62-33-30
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
да/нет/незнаю - 18
Всего проголосовало: 18
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Даму бағдарламасын іске асыру жоспары

«Павлодар қаласы «№7 жалпы орта білім беру  мектебі»  КММ

Экспериментті – тәжірибелік жұмысының 

2023-2024 оқу жылына арналған

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН  ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы:

«Заманауи мектепте табысты тұлға қалыптасуының шарты ретінде оқушылардың оқу және сабақтан тыс іс-әрекетінде зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру»

Мақсаты: қазіргі мектепте табысты тұлғаның қалыптасуының шарты ретінде оқушылардың оқу және сабақтан тыс іс-әрекетінде зерттеу құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін мектептің бірыңғай білім беру ортасын құру.

Міндеттері:

1.Мектептің ашық білім беру жүйесі ретінде басқару моделін жетілдіріп оқушылардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыруға ықпалын тигізу;

2. Бірыңғай білім беру ортасы жағдайында өз әлеуетін іске асыруға қабілетті оқушылардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру моделін құру және сынақтан өткізу;

3. Бірыңғай білім беру ортасы жағдайында оқушылардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру бойынша педагогикалық кадрлардың кәсіптілігін  дамыту

Даму кезеңдері: 2022-2025 жылдар                                       

1. Жобалауды-ұйымдастыру кезеңі - 2022 -2023 жыл ;

2.Даму бағдарламасын енгізу кезеңі-  2023-2024 жылдар;

3. Рефлексивті-жалпылама кезең - 2024-2025 жыл

Даму бағдарламасын  іске асыру жоспары

Инновация-лық іс-әрекеттің бағыттары

Педагогикалық кадрлармен жұмыс істеу мазмұны

Оқушылармен жұмыс істеу мазмұны

Күтілетін нәтиже

1.Оқу мазмұнын жаңарту

1.  Мұғалімдерді курстық дайындық арқылы оқыту       (білім мазмұнын жаңарту бойынша курстар)

1.Оқушыларға тренинг өткізу «Команда не ұжымда қалай табысты жұмыс істеу керек).(Коллаборативті орта құру)

Тренинг арқылы оқу мазмұнын жаңарту  шеңберінде коллаборативті ортаның тиімділігін анықтау

-Мұғалімдердің 100%-ы қайта даярлау курстарынан өтеді;

- Оқушылардың 30%-да   коммуникация және  бірлесіп жұмыс істеу, сыни тұрғыдан ойлау құзыреті қалыптасады.

2. «Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқушылардың зерттеушілік құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізу. Семинар барысында сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта зерттеушілік құзіреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру және талқылау.

2. 2-8 сынып оқушылары (экспериментке қатысатын сыныптар) үшін «Ғылымды танудың негіздері» арнайы  курсын оқу.

- Мұғалімдердің 100% оқушылардың 50% сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта зерттеушілік құзіреттілікті қалыптастыру жолдарын игереді;

- Экспериментке қатысқан оқушылардың 30%-ында (2-8 сынып оқушылары) зерттеу құзіреттілігі қалыптасады

3.«ҚР білім мазмұнын жаңартудағы заманауи тенденциялар» тақырыбында семинар өткізу.Семинар барысында мәселелерді шешудің жаңа жолдарын  қарастыру және талқылау.

 

3.  2-8 сынып оқушылары (экспериментке қатысатын сыныптар) үшін «Өзіңді қалай дұрыс бағалау керек?» іскери ойынын өткізу. Оқушылардың өздерін қалай бағалайтының байқау

-Мұғалімдердің 100%-ы жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жолында кездескен мәселелер бойынша  өздерінің іс-әрекеттеріне сараптпма жасап, оларды шешу жолдарын қарастырады;

- Оқушылардың 50%-да сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта зерттеушілік құзіретті-лігін қалыптастыру жолындағы мәнмәтінде өз жетістіктерін бағалау машығы қалыптасады.

2.Білім және тәрбие беруде заманауи технология-ларды қолдану

1.Жобалау оқыту технологиясы бойынша мұғалімдердің жеке педагогикалық тәжірибесін қорғауы

1.Жобалап оқыту шеңберінде 2-8 сынып оқушыларының (экспериментке қатысатын сыныптар)) ғылыми –зерттеу жұмыстарды орындауы.

- Мұғалімдердің 70%-ы эксперимент бойынша өз тәжірибесін жариялайды;

- Оқушылардың 50% -да зерттеушілікке қызығушылық пайда болады.

«Жобалау технологиясы қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік құзіреттілігін арттыру» тақырыбында аймақтағы ЖОО ғалымдарының қатысуымен  дөңгелек үстел өткізу. Бірлескен ғылыми жоба құрып, мәселенінқарастыру.

2. Оқушылардың мектепішілік ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғау сайысын өткізу (жобаларды қорғау, 2-8 сынып оқушылары)

-Мұғалімдер мен оқушылардың 10%-ы аймақтағы жоғары оқу орындарымен бірлесіп жоба құрастырады.

3. Оқушылардың жеке және ұжымдық қызметін ұйымдастыру барысында «Ғылыми – зерттеу жұмысын сабақтан тыс уақытта қалай ұйымдастыруға болады» тақырыбында тренинг өткізу.

3. Сабақтан тыс уақытта пәндер бойынша оқушылардың қызығушылығына қарай тарту бойынша жұмыстарын ұйымдастыру («үйірмеге жазыл», «өзіңді таныт» акциясын өткізу)

- Сабақтан тыс уақытта зерттеу жұмысымен айналысатын мұғалімдердің 70%-ы

және оқушылардың 30%-ы болады

3.Инновация-лық білім ортасын құру

1.Дарынды балаларды іріктеу жұмысын ұйымдастыру барысында «Дарынды балалардың дамуы үшін инновациялық білім ортасын құру» тақырыбында семинар –практикум өткізу.

1. Психологиялық тренингтер арқылы  дарынды балаларға педагогикалық -психологиялық қолдау көрсету.

Дарынды балардың 50 %-ы зерттеушілік жұмысқа қатысуы

2. Аймақтың ЖОО ғалымдарымен бірлесе мектеп мұғалімдерін жобалар мен конкурстарға қатыстыру, дайындық кезеңде мәселелерді талқылау мақсатында консультациялар мен семинарлар өткізу.

2.Оқушыларды конкурстар мен конференцияларға қатысуға дайындау (мақала, тезистар жазу)

- Мұғалімдердің 50 %-ы конкурстарға қатысады;

- Оқушылардың 50%-ы конкустар мен, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың қатысушысы болады.

3. Экспериментті іске асыру барысында метепте инновациялық ортаны құруда  мақсатында проблемалық алаң құрастыру

 (жұмысты ЖОО ғалымдарын шақыру мен іске асыру, олардың қатысуымен өзекті мәселелерді шешу)

3 Аймақтың ЖОО ғалымдарынан . сайыстармен мен конференцияларға қатысу бойынша онлайн-консультациялар алу (проблемалық сұрақтарды шешу)

- Мұғалімдердің және оқушылардың 90%-ы эксперимент жұмысына қатысып, оны орындау барысында пайда болған проблемаларды шеше алады

 

 

 

4.Педагогтардың мамандық құзіреттіліктерінің артуы

1.Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру кестесін жасау

1.Оқу үдерісіне инновациялар енгізу (қайта даярлау курсынан өткеннен кейін). Оқушылардың оқуға деген қызығушылығының артуы

Мұғалімдердің 100%-ы курстан өтіп инновацияларды сабақ үстінде қолдана біледі, оқушылардың 90%-да оқуға деген қызығушылығы артады

 

2.Экспериментті жүзеге асыру шеңберінде педагогтардың мамандық біліктілігінің диагностикасын жасау (сауалнама өткізу)

1. Оқу үрдісіне жобалау технологиясын енгізу. Сабақ үстінде зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарды орындау (мини жобалар, ғылыми есептер жазу)

Мұғалімдердің 100%мамандық біліктілігінің диагностикасынан өткізу, оқушылардың 90%-ы зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарды орындай алады

3.Экспериментті жүзеге асыру мақсатында педкеңестер өткізу

3. Оқушыларда зерттеушілік құзіреттіліктің қалыптасуын бағамдау мақсатында сауалнама өткізу.

Мұғалімдердің 100% педкеңес жұмысына қатысып экспериментті іскке асырады, оқушылардың 50%-да зерттеушілік құзіреттің қалыптасу деңгейі артады

5. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп мониторингі-сінің жетілуі

1.Іс-әрекет (мониторинг) нәтижесін талқылау арқылы «Жаңартылған білім беру мазмұнында оқу – тәрбие үрдісінде қиыншылық туғызатын мәселелер мониторингісі» тақырыбында семинар өткізу.

1.Сабақ материалдарын меңгеруде қиындық туғызатын жақтарды анықтау және ашық сабақтар өткізу

Мұғалімдердің 100% мониторинг жұмысына қатысады, оқушылардың 50%-да білім сапасы артады

6.Менедж-

ментті ұйымдас-тыру

1.Экспериментті жүзеге асыруда педагогдардың арасында кері байланыс орнату (сауалнама жүргізу)

1. Зерттеушілік құзіреттіліктің қалыптасу деңгейін  анықтау мақсатында оқушылардың арасында сауалнама өткізу (экспериментке қатысушылар)

Оқушылардың 90% зерттеушілік құзірет қалыптасады (экспериментке қатысушылар)