«Павлодар қаласы «№7 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Экспериментті – тәжірибелік жұмысының
2023-2024 оқу жылына арналған
ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы:
«Заманауи мектепте табысты тұлға қалыптасуының шарты ретінде оқушылардың оқу және сабақтан тыс іс-әрекетінде зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру»
Мақсаты: қазіргі мектепте табысты тұлғаның қалыптасуының шарты ретінде оқушылардың оқу және сабақтан тыс іс-әрекетінде зерттеу құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін мектептің бірыңғай білім беру ортасын құру.
Міндеттері:
1.Мектептің ашық білім беру жүйесі ретінде басқару моделін жетілдіріп оқушылардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыруға ықпалын тигізу;
2. Бірыңғай білім беру ортасы жағдайында өз әлеуетін іске асыруға қабілетті оқушылардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру моделін құру және сынақтан өткізу;
3. Бірыңғай білім беру ортасы жағдайында оқушылардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру бойынша педагогикалық кадрлардың кәсіптілігін дамыту
Даму кезеңдері: 2022-2025 жылдар
1. Жобалауды-ұйымдастыру кезеңі - 2022 -2023 жыл ;
2.Даму бағдарламасын енгізу кезеңі- 2023-2024 жылдар;
3. Рефлексивті-жалпылама кезең - 2024-2025 жыл
Даму бағдарламасын іске асыру жоспары
Инновация-лық іс-әрекеттің бағыттары |
Педагогикалық кадрлармен жұмыс істеу мазмұны |
Оқушылармен жұмыс істеу мазмұны |
Күтілетін нәтиже |
1.Оқу мазмұнын жаңарту |
1. Мұғалімдерді курстық дайындық арқылы оқыту (білім мазмұнын жаңарту бойынша курстар) |
1.Оқушыларға тренинг өткізу «Команда не ұжымда қалай табысты жұмыс істеу керек).(Коллаборативті орта құру) Тренинг арқылы оқу мазмұнын жаңарту шеңберінде коллаборативті ортаның тиімділігін анықтау |
-Мұғалімдердің 100%-ы қайта даярлау курстарынан өтеді; - Оқушылардың 30%-да коммуникация және бірлесіп жұмыс істеу, сыни тұрғыдан ойлау құзыреті қалыптасады. |
2. «Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқушылардың зерттеушілік құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізу. Семинар барысында сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта зерттеушілік құзіреттілікті қалыптастыру жолдарын қарастыру және талқылау. |
2. 2-8 сынып оқушылары (экспериментке қатысатын сыныптар) үшін «Ғылымды танудың негіздері» арнайы курсын оқу. |
- Мұғалімдердің 100% оқушылардың 50% сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта зерттеушілік құзіреттілікті қалыптастыру жолдарын игереді; - Экспериментке қатысқан оқушылардың 30%-ында (2-8 сынып оқушылары) зерттеу құзіреттілігі қалыптасады |
|
3.«ҚР білім мазмұнын жаңартудағы заманауи тенденциялар» тақырыбында семинар өткізу.Семинар барысында мәселелерді шешудің жаңа жолдарын қарастыру және талқылау.
|
3. 2-8 сынып оқушылары (экспериментке қатысатын сыныптар) үшін «Өзіңді қалай дұрыс бағалау керек?» іскери ойынын өткізу. Оқушылардың өздерін қалай бағалайтының байқау |
-Мұғалімдердің 100%-ы жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жолында кездескен мәселелер бойынша өздерінің іс-әрекеттеріне сараптпма жасап, оларды шешу жолдарын қарастырады; - Оқушылардың 50%-да сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта зерттеушілік құзіретті-лігін қалыптастыру жолындағы мәнмәтінде өз жетістіктерін бағалау машығы қалыптасады. |
|
2.Білім және тәрбие беруде заманауи технология-ларды қолдану |
1.Жобалау оқыту технологиясы бойынша мұғалімдердің жеке педагогикалық тәжірибесін қорғауы |
1.Жобалап оқыту шеңберінде 2-8 сынып оқушыларының (экспериментке қатысатын сыныптар)) ғылыми –зерттеу жұмыстарды орындауы. |
- Мұғалімдердің 70%-ы эксперимент бойынша өз тәжірибесін жариялайды; - Оқушылардың 50% -да зерттеушілікке қызығушылық пайда болады. |
«Жобалау технологиясы қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік құзіреттілігін арттыру» тақырыбында аймақтағы ЖОО ғалымдарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізу. Бірлескен ғылыми жоба құрып, мәселенінқарастыру. |
2. Оқушылардың мектепішілік ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғау сайысын өткізу (жобаларды қорғау, 2-8 сынып оқушылары) |
-Мұғалімдер мен оқушылардың 10%-ы аймақтағы жоғары оқу орындарымен бірлесіп жоба құрастырады. |
|
3. Оқушылардың жеке және ұжымдық қызметін ұйымдастыру барысында «Ғылыми – зерттеу жұмысын сабақтан тыс уақытта қалай ұйымдастыруға болады» тақырыбында тренинг өткізу. |
3. Сабақтан тыс уақытта пәндер бойынша оқушылардың қызығушылығына қарай тарту бойынша жұмыстарын ұйымдастыру («үйірмеге жазыл», «өзіңді таныт» акциясын өткізу) |
- Сабақтан тыс уақытта зерттеу жұмысымен айналысатын мұғалімдердің 70%-ы және оқушылардың 30%-ы болады |
|
3.Инновация-лық білім ортасын құру |
1.Дарынды балаларды іріктеу жұмысын ұйымдастыру барысында «Дарынды балалардың дамуы үшін инновациялық білім ортасын құру» тақырыбында семинар –практикум өткізу. |
1. Психологиялық тренингтер арқылы дарынды балаларға педагогикалық -психологиялық қолдау көрсету. |
Дарынды балардың 50 %-ы зерттеушілік жұмысқа қатысуы |
2. Аймақтың ЖОО ғалымдарымен бірлесе мектеп мұғалімдерін жобалар мен конкурстарға қатыстыру, дайындық кезеңде мәселелерді талқылау мақсатында консультациялар мен семинарлар өткізу. |
2.Оқушыларды конкурстар мен конференцияларға қатысуға дайындау (мақала, тезистар жазу) |
- Мұғалімдердің 50 %-ы конкурстарға қатысады; - Оқушылардың 50%-ы конкустар мен, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың қатысушысы болады. |
|
3. Экспериментті іске асыру барысында метепте инновациялық ортаны құруда мақсатында проблемалық алаң құрастыру (жұмысты ЖОО ғалымдарын шақыру мен іске асыру, олардың қатысуымен өзекті мәселелерді шешу) |
3 Аймақтың ЖОО ғалымдарынан . сайыстармен мен конференцияларға қатысу бойынша онлайн-консультациялар алу (проблемалық сұрақтарды шешу) |
- Мұғалімдердің және оқушылардың 90%-ы эксперимент жұмысына қатысып, оны орындау барысында пайда болған проблемаларды шеше алады
|
|
4.Педагогтардың мамандық құзіреттіліктерінің артуы |
1.Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру кестесін жасау |
1.Оқу үдерісіне инновациялар енгізу (қайта даярлау курсынан өткеннен кейін). Оқушылардың оқуға деген қызығушылығының артуы |
Мұғалімдердің 100%-ы курстан өтіп инновацияларды сабақ үстінде қолдана біледі, оқушылардың 90%-да оқуға деген қызығушылығы артады
|
2.Экспериментті жүзеге асыру шеңберінде педагогтардың мамандық біліктілігінің диагностикасын жасау (сауалнама өткізу) |
1. Оқу үрдісіне жобалау технологиясын енгізу. Сабақ үстінде зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарды орындау (мини жобалар, ғылыми есептер жазу) |
Мұғалімдердің 100%мамандық біліктілігінің диагностикасынан өткізу, оқушылардың 90%-ы зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарды орындай алады |
|
3.Экспериментті жүзеге асыру мақсатында педкеңестер өткізу |
3. Оқушыларда зерттеушілік құзіреттіліктің қалыптасуын бағамдау мақсатында сауалнама өткізу. |
Мұғалімдердің 100% педкеңес жұмысына қатысып экспериментті іскке асырады, оқушылардың 50%-да зерттеушілік құзіреттің қалыптасу деңгейі артады |
|
5. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп мониторингі-сінің жетілуі |
1.Іс-әрекет (мониторинг) нәтижесін талқылау арқылы «Жаңартылған білім беру мазмұнында оқу – тәрбие үрдісінде қиыншылық туғызатын мәселелер мониторингісі» тақырыбында семинар өткізу. |
1.Сабақ материалдарын меңгеруде қиындық туғызатын жақтарды анықтау және ашық сабақтар өткізу |
Мұғалімдердің 100% мониторинг жұмысына қатысады, оқушылардың 50%-да білім сапасы артады |
6.Менедж- ментті ұйымдас-тыру |
1.Экспериментті жүзеге асыруда педагогдардың арасында кері байланыс орнату (сауалнама жүргізу) |
1. Зерттеушілік құзіреттіліктің қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында оқушылардың арасында сауалнама өткізу (экспериментке қатысушылар) |
Оқушылардың 90% зерттеушілік құзірет қалыптасады (экспериментке қатысушылар) |