Сенім телефоны
email: sosh7@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ, Жеңіс алаңы көшесі, 13
Қабылдау бөлмесі:62-57-10 Басшы:62-45-15
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Директордың жеке сұрақтар бойынша қабылдау күндері: Сейсенбі - сағ: 14.00-16.00 Жұма - сағ: 14.00-16.00
Интересно ли учиться в нашей школе?
Голосовать
да - 27
нет - 11
незнаю - 10
Всего проголосовало: 48
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Атамұра» этнографиялық мұражайы

Мектептің «Атамұра» этнографиялық мұражайы 2001 жылдың желтоқсанында құрылған. 2002 жылы қалалық тексеріс конкурсы бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушылардың ұстаздардың, ата-аналардың бірлескен күшімен жиналған жасанды экспоннатардың әр түрлілігі ерекше аталы. Мұражай үлкен қолданбалы мағынаға ие. Онда жиналған барлық материалдар қазақ тілі мен әдебиет, еңбек және бейнелеу өнері сабақтарында кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің дамуына ұлттық салт-дәстүрді, халық мәдениетінің бір саласын үйрету қарастырылып отыр.

 Мұражайдың «ауыл көрінісі» атты басты экспозициясы қазақ халқының тұрмысы мен даналығын көрсетеді. Тау етегіндегі ауыл көрінісін көрермендер таңдана, әрі үлкен қызығушылықпен қарайды. Бұл экспозицияда аппақ киіз үйлер, қолында домбырасы бар қария, ошақ басындағы бәйбіше, бүркіті бар аңшы, алтыбақанда серуендеген жігіттер мен қыздар бейнеленген. Бұл керемет этнографиялық композиция қазақ ауылының өмірі мен тұрмысын, жайлаудың қайталанбас өзіндік өмірін бағалап және тамсандырады.

Басты қызығушылықты киіз үйдің іші тудырады. Оның әдемілігі мен сұлулығын келесідей бұйымдар келтіріп тұр. Яғни, кілемдер, текемет, алаша, сырмақ , түзкиіз. Экспозицияда тұрмысқа, шаруашылыққа қажетті заттар, сандықтар, дөңгелек үстел, ағаш табақ, бесік, кілемшелер, құрақ көрпелер, жастық, қоржын, аяққап және т.б. қойылған. Сонымен қоа қолдан істелінген ерекше бұйымдар, киіз үйге сұлулықты сыйлап тұрған жел бау, басқұр бау туралы да айтқан жөн. Барлық заттар мен бұйымдар көшпенділердің тұрмыс талаптарына сай келеді. Барлық осы заттар мен басқа да т.б. бұйымдар оюмен әшекейленіп, ерекше, белгіленген. Ою-ол әдемілік үшін ғана жасалған зат емес. Сонымен қатар онда бір сыр жатыр, оны тек оюдың тілін білетін адам ғана түсіне алады.

Қазақ ауылының өмірінде, үй-шаруашылығында ерекше, қажетті заттар теріден істелінген. Теріден шебершілер шаруашылыққа, тұрмысқа, декаративтік бағытқа қажетті бұйымдарды істеген. Бұл экспозицияда тері белбеу, қамшы, теріден есілген торсық, жылқыға қажетті ат-саймандар; ер тоқым, таға және т.б. заттар көрсетілген

Мұражайдың экспозициясында сувенирлік үлгідегі музыкалық аспаптар қойылған . Олар: қобыз, домбыра т.б. Егер де қобыз-философиялық ойлармен сабақтасқан аспап болса, домбыра –мерекелікке жатады. Қандай да бір ерекше жиын болмасын домбырасыз өтпейді.

Ерлер шапанындағы, әйелдердің ұлттық  киімдеріндегі, қыздарға арналған  көйлектердегі, әр түрлі тақиядағы жарқыраған өрнектер ерекше көз тартқызады.

Халық дәстүрінің ерекше бір саласы, ол-әйелдердің сәндік, зергерлік бұйымдары. Әркез қолданыста болатындары –сырғалар. Сырғалардың көп түрлері кездеседі. Мысалы: оюланған сырға, шығыршық сырға, тасты сырға, ай сырға. Бірақ  қыздың қолына да арналған бұйымдар да өте көп. Ол көбінде, әр түрлі тастар мен білезіктермен бекітілген болады. Мұражайдың коллекциясында сырғалардың, жүзік білезіктердің бір шама түрлері, сонымен қатар қапсырма-ілгіштер, бұрыма тағатын шолпылар кіреді. Шолпы қазақ қыздарының ең күрделі бұйымдарының бірі. Зергерлік бұйымдарды қарай отырып, қазіргілердің бұрынғылардан біршама өзгеше екендігіне көзіміз анық жетеді.

Келіннің үйлену тойына киетін бас киімі- «сәукеле» ерекше көз тартқызады. Сәукеленің тарихын білу үшін ежелгі көне тарихқа көз жүгірту керек. Ол туралы көптеген поэмаларда айтылады. Көп дәстүрлер мен салттардың арасында «сәукеле кигізу» салты бар. Сәукеле киген келін ерекше көрікті болып көрінеді.

Біздің аймақта тұратын халықтың этнографиясы туралы көптеген қолдан істелінген материалдардан көруге болады. Тұрмысқа қажетті келесідей жарақаттар көрсетілген: самауыр, тиын, үтік керогоз , ағаш ыдыс-аяқ. Халық салтына сай тігілген кестелер көз тартқызады. Өр түрлі ұлттық. Яғни орыс, украин, неміс, татар , белорус, киімдері кигізілген қуыршақтар да бар. Жұлдызшалардың үлкен колекциясы аймағымыздың кө жылдық өмірін сипаттайды.

Архиологиялық экспанаттар бұл өнірдің тарихын көрсетеді. Адамзаттың кешегі өмірін сипаттап, сол кездері мал шаруашылығымен қатар жер өніру мен аң аулау болғандығы айқын көрінеді. Адамдар қызығушылығын еңбек құралдары шапашот, қақпан сияқталар тудырады. Сонымен қатар экспозицияда нағыз арқардың мүйізі де  ұсынылған. Сол сияқты «Шідертілік феномен», Маралды-дала оазисі, Аққарағай-аңыздар мекені, Айыр және Желітау етегінде және т.б. күнделікті архиологиялық жазбалар да үлкен қызығушылық тудырады. Мұражай қорынан сирек кездесетін ақындар жинағын да кездестіруге болады. Атап айтсақ, Абай Құнанбаевтың 1948 жылғы жинағы, 1964 жылғы «Айтыс» және т.б. өмір туралы және де біздің аймақтағы мәдени қайраткерлер, атақты жазушылар мен ақындардың шығармашылықтарды.

Оқушылардың картинкалары, рефераттары, альбомдары, буклеттер, т.б. көп еңбектері  қойылған.

Мұражайға келушілер қазіргі заманға сувенирлерді тамашалай алады..

«Атамұра» этнографиялық мұражайының жиналған бай материалдары тереңнен зерттеуді қажет етеді.

Экскурсионды электорлық топ арқылы мұражай материалдарының оқушылардың халық салт-дәстүрі мен мәдени байлықтарын әрі қарай дамытуға маңызы өте зор.