Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жыр алыбы - Қалижан!
0АЛИЖАН 15 желтоқсанда Баянауыл өлкесінде әулиелі Қызыл тауда дүниеге келген (азан шақырып қойған шын аты Қали-Мұхаммед). Әкесі Мәшһүр Нұрғожа Троицк қаласындағы Зейнолла ишанның медресесін үздік бітірген. Мәшһүр Жүсіппен, Ақан серімен, Исамен айтысқан, кейбір болыстарды шенеп сын айтқан ақын болған адам. 1932 жылы Сәкен Сейфуллин Ақан серінің өлеңдерін шығарған. Сол жинақта Ақан сері мен Сүйіндік Нұрғожаның айтысы келтірілген. Бекхожин Қайыржан Нұрғожаұлы (1910-1979)-қазақ совет баспа сөзінің зерттеуші ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор (1965) Павлодар қаласында кедей-шаруа семьясында туған. Ол журналист қызметін 1929 жылы Павлодар округінің «Кеңес туы», аудандық «Колхоз» газеттеріне хат-хабар жазудан бастады. 1935-39 жылдары Семей облысы «Екпінді» газетінде істеді. 1942 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. 1942-45 жылдары Қостанай облысы «Большевиктік жол» газетінің редакторы. 1945-47 жылдары өзi оқыған университеттің журналистика факультетінің аға оқытушысы, деканы болды. 1948 жылдан журналистика кафедрасының меңгерушісі. Ол «Айкап» журналын зерттеуде көп еңбек сіңірген ғалым. Бекхожин 60-тан астам ғылыми мақала мен «Қазақ баспа сөзінің даму тарихы» атты монографиялық кітаптың авторы». Бала кезінде жалдамалы молдадан арабша хат таныған Қалижан бала кезінде қисса-жырларды көп оқып, әдебиетке ерте құмартады. 1924 жылы дін оқуынан кеңес мектебіне ауысқан. 1929 жылы комсомол қатарына өтеді. 1930 жылдың басында Ертіс бойындағы Ақсу ауылында мұғалім болып істеген. 1932 жылы 19 жасында аудандық "Колхоз" газетінде 8 наурыз - әйелдер күніне арналған тырнақ алды өлеңі басылып шықты. Содан кейін осы газеттің жауапты хатшысы қызметіне жүмысқа шақырылады. 1934 жылы мамыр айында Алматыға Қазақстан жазушыларының I съезіне Павлодардан делегат болған. 1934 жылы ҚазПИ-ге оқуға түседі. Ағылшынның атақты ақыны Байронның "Чайльд Гарольд" поэмасының бірнеше тарауларын аударып, ол казақ әдебиетінің 8 сыныбына арналған хрестоматияда (1937) жарияланады. Ғалымның жастық шағы туралы оның туған інісі ақын Қалижан Бекхожин өзінің «Жазушы» баспасынан 1986 жылы басылып шыққан “Өлең өткелдері” деп аталатын әдебиет хақындағы ойлар, толғаныстар мен естелітерінде: «Cipә, мен алты жасымда хат таныған шығармын. Мені әкем сол алты жасар кезімнен ескіше хат тануға баулыды да, жалдамалы молда сымақтарға діни оқуға берді. Ал менен үш жас үлкен (мен 1913 жылы дүниеге келіппін) Қайыржанды араб әліппесін үйретіп, хат білгеннен кейін, орыс мектебінде оқытты. Әкем Қайыржанды өзінің жанынан артық көріп: Нұғожа бас жігіттің болған бipi, Тарқаған қалам алса көңіл кipi. Құдайға қазір алса ризамын, Артымда Қайыржаным қалса mipi. – деп өлең де арнады. Мен жас кезіде осы бip жылы сөздң Қайыржаннан іштей қызғанатын да едім. Баласына білім, өнер іздеуді мұрат еткен әке Қайыржанға былай деп өсиет етеді: Кел, балам, ғылым оқы, өнер серік, Хақ жолға ықтихатың болсын бepiк. Ізденіп, талпынып бақ;, көзімм барда, Мақсұдың ден сау болса тапсын ерік. Әкенің бұл өсиетін Қайыржан ақтады. Оқып, білім алғанның арқасында кейін тарих ғылымының докторы, КазГУ-дың профессоры болды», - деп жазды. 1938-1939 жж. "Партизан Балтабай" ("Кек"), "Орман қызы", "Аксақ құлан" атты үш дастан жазған. "Орман қызы" Қазақстан Орталық комсомол комитеті жариялаған бәйгеде жүлде алған. 1939 жылы аты шулы Кенесары, Наурызбайды мадақтайтын "Батыр Науан" атты поэма жазған. Кейін 1950 жылдары осы поэмасы үшін қуғын көрген, кітаптарын шығаруға тыйым салынған.