Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тіл құдіреті
photo-main

«ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ-ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ»

52f4835472b86 Басты мақсат -тілдік мұраны сақтау және қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ тілінің қолдануын қамтамасыз етіп ,оның барынша дамуына қол жеткізу. Осы мақсатта біздің мектеп ұжымы, әсіресе қазақ тілі пән мұғалімдері әр трүлі іс –шаралар өткізеді. Қазақстан халқы дүниежүзінде үш тілді бірдей пайдаланатын ел ретінде көрінуі тиіс. Бұлар қазақ тілі ,яғни мемлекеттік тілі,орыс тілі-ресми тілі, ағылшын тілі-әлемдік экономиканың сәтті қолданысындағы тілі –делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында. Үш тілді үйрену ,үйрету аясында біздің мектепте « cегіз қырлы , бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашық. Мектепте бірнеше жыл биология ,тарих пәндері қазақ тілінде,математика сабағы ағылшын тілінде оқытылып келеді.Мектеп жоспары бойынша осы бағытта семинарлар өткізіп,Тілдер апталығы, декадасы және айлықтары өтіп тұрады.Мектеп оқушылары жоғары белсенділік танытып,үлкен қызығушылықпен қазақ, орыс және ағылшын тілінде өткізілген іс-шараларға қатысады. Соның ішінде атап өтетін « Тіл сыры» атты дөңгелек үстел .Қатысушылар 10-11 сынып оқушылары. Дөңгелек үстел қонағы болып Педагогикалық колледждің студенттері келді.Бұл шараның басты мақсаты тіл туралы танымдық деңгейлерін көтеру, білімдері жан-жақты болуға үйрету,бірнеше тіл білуге , үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. Дөңгелек үстел отырысы « Тәрбие басы-тіл» - дегенді Махмұд Қашқари неге айтты ? -деп басталды. «Тілге құрмет-елге құрмет» МОБ №14 Павлодар қаласы Адамова Г.К. қазақ тілі мұғалімі

ҰЛЫЛАРДАН ҰЛАҒАТ

526e20eb384b9 Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да болады. Әл-Фараби. ...Әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы бар. А.П.Чехов. Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал. Ж.Аймауытов. Ойың дұрыс болса, сөзің дұрыс, олай болса, ісіңнің иесі де дұрыс. Д.И.Писарев. * Құнды сөз – құнарлы ойдан туады. * Сөз көмескілігі – ой, пікір көмескілігінің айнымас белгісі. Л.Н.Толстой. Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайды. Б.М.Теплов. Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы-ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті.

ТІЛ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ

* Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. * Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын. * Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді. * Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды. * Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық. * Сөйлей білмес жаманның, Сөзі өтпес бір пышақ. Сөз білетін адамның, Әр сөзіне бір тұсақ.

ҚАРАТПА СӨЗ ХАҚЫНДА

Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХҮІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХҮІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған-ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа, сен!» деп аударған дұрыс дейді. Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Алайда оны қазақ тіліне аударып: «Еркек!», «Әйел!» деп айқайлар болсақ, ол өте ұятты. Сол себепті сөз мәдениетін түсінетін біздің бауырларымыз қоғамдық орындарда: «Апай», «Ағай», «Қарындас», «Інім» деген қаратпа сөздерді қолданып, ол транспортта, сауда орындарында, театрда өзара қарым-қатынас тіліне сіңісіп кетті. Шіркін, сөз қадірін түсініп, сөйлеу мәдениетін сақтай білсе, біздің қазақ тілінің мазмұны өте бай, сөздері өте сұлу, мейірім, имандылыққа толы ғой.

СӨЗДІ ТЫҢДАЙ БІЛМЕУ

526e2055a4dbd Кейбір адамдардың ерсі мінездері бар: басқаның сөзіне құлақ қоймайтын, өзіне айтылған сөзді аяғына дейін тыңдай білмейтін, өзгелердің сөзіне ретсіз араласып, әңгіменің шырқын бұзатын. Содан сөйлеп отырған адам кейде қақалып – шашалып, тұтығып та қалады. Әрбір адам өз басындағы осы кемшіліктер мен күресе білсе, біздің сөйлеу мәдениетіміз де одан әрі дами түсер еді. Және де кейбір адамдар диалогтық сөйлеудің талаптарын орындай бермейді. Содан көп сөйлеп, бір сөзді сан мәрте қайталап, тыңдаушысын жалықтырып та алады. Олардың ішінде өзіне қойылған сұрауларға, қарсы пікірлерге жауап бермей, өз ойын тәптіштеп айта беретіндері де кездеседі. Бұл да сөйлеу мәдениетіндегі

СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ

Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірегейі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, барлық қаракөз бауырларымыздың өз ана тілінде сөйлеуіне қол жеткізу. Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан шаруа бала бақша, үй, мектеп, жоғары оқу орындарында ұл-қыздарымызды тілдік қоры бай қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету. Содан, үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Олай болса, біздің бүгінгі әңгімеміз тіл, сөйлеу мәдениеті, ауызша, жазбаша сөйлеу хақында. Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті Адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты. Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады. Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі: 1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы). 2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері). 3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары). Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген.

ТІЛІМ-ТІРЕГІМ

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Алайда, Қазақстанда мемлекеттік тілді енгізу және дамыту мәселесі қазіргі уақытқа дейін толық шешілген жоқ. Бұл мәселе уақыт еншісінде деп санаймыз. ХХ ғасырдың басында Абай өзінің жиырма бесінші сөзінде «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да — бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды.» — деген болатын. Әрине, мақсат орыс тілінен бір күнде бас тарту емес, қазақ тілі мен орыс тілін бір біріне қарсы қою да емес. Дегенмен, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін шын мәнінде алуы ғана мемлекетті мемлекет ете алады.. Біз өз тәуелсіздігімізді алған жылдардан бері қазақ тілі біз үшін үлкен мәселе, үлкен мәселе болып қалмақ.