Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов к., 51
53-23-04 53-75-41
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі с 16:00 до 18:00 Жұма с 16:00 до 18:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қазақстан Республикасы Конституциясы күні
Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне дайындық және оны өткізудің ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу – Конституция күнінің іргелі негізі болып табылады. Негізгі заңның мерейтойын мерекелеудің негізгі мақсаты - қоғамдық сана-сезімде Конституцияның жоғары заңды күші бар, демократиялық және құқықтық мемлекетті құруды қамтамасыз еткен мемлекеттің қолданыстағы құқығының өзегі ретіндегі рөлі мен маңыздылығын арттыру. Ақпараттық-имидждік жұмыстың негізгі аспектісі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстандық елдіктің қалыптасуындағы және оны конституциялық тұрғыдан ресімдеудегі ерекше тарихи рөлін бекіту болуы тиіс. Конституция күнін мерекелеу Мемлекет Басшысы жариялаған «Қазақстан-2050» стратегиясының және Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының мақсаттарына қол жеткізу жолында қоғамның бірігуі мен шоғырлануын іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс. Барлық іс-шаралар бұқаралық және атаулы сипатта өтуі, азаматтарда ел жетістіктеріне жеке қатыстылығы сезімін, қоғамдық сана-сезімде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын қалыптастыруғасептігін тигізуі тиіс. Идеялық-мазмұндық жұмыста бірыңғай көзқарас пен тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында: - мерекелеуді ұйымдастыру және оны ақпараттық-имидждік сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру (халықтық ойын-сауықтар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, халық шеберлерінің қолданбалы өнер көрмелері, кітап көрмелеріне шолулар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар); - елді мекендердің орталық алаңдары мен басты көшелерін мерекенің идеологиялық мазмұнын ескере отырып, тақырыптық безендіруді қамтамасыз ету; - халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік-экономикалық жағынан қолдауға бағытталған атаулы іс-шараларды ұйымдастыру; - халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтердің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыру қажет. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері: - ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік концерттер ұйымдастырсын; - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ардақты, айбынды Ата Заң», «Елдің даму кепілі», «Болашаққа бірге аяқ басамыз», «Конституция – тұрақтылық кепілі», «Әділ Заң», «Конституция – елдіктің негізі» атты көрмелер, ақпараттық сағаттар, патриоттық флеш-мобтар, мультимедиалық тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырсын; - Конституция күніне орай ұлттық спорт түрлерінен мерекелік турнирлер өткізілсін; - орталық алаңдар мен көшелерді, ұйымдар ғимаратының, кәсіпорындар мен мекемелердің қасбеттерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік туларымен рәсімдесін; - өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды құрметтеуді және ынталандыруды ұйымдастырсын. Облыс мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы: - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концертті ұйымдастырсын; - Қазақстан Республикасы Конституциясының күніне арналған «Конституция - мемлекеттің негізгі заңы» атты концерттік бағдарламаны ұйымдастырсын. Облыс жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы: - «Жастар -Отанға!» атты жастар этномәдени лагерін ұйымдастырсын. Облыс білім беру басқармасы: - оқу орындарында 1 қыркүйек күні «Қазақстан Республикасының Конституциясы» сабағын өткізуді ұйымдастырсын. Облыс дене тәрбиесі және спорт басқармасы: - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуді ұйымдастырсын. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу қазақстандық қоғамның Тәуелсіздік құндылықтары аясына топтасуына, қазақстандықтардың азаматтық бірлік сезімінің нығаюына және құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етуі тиіс.