Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ИнЕУмен ынтымастық


     

 

 

       

Сайт және білім алатын порталы  www.ineu.edu.kz

 

             

 

26.12.2014.

«ҰБТ-ға дайындалу, өткізу кезеңдерінде қорқыныш феноменіне қарсы тактика және стратегия тәсілдерін пайдалану» –бойынша 11 сынып оқушылары екі күндік  тренинг өтті.  Біздің түлектер  өздерін мазалайтын сұрақтарға жауап іздеді: ,Келешегіміз қандай болады? Корқыныш сезімдеріңіз оянама? Болжамыңыз қандай, айларға ма жылдарға ма?  Нені көбірек ойлайсыз, өткенді ме, болашақты ма? Сәтсіздіктер уақытының  90 пайызын өткенді ойлауға кетіреді. Жеңісті адамдар уақытының  70 пайызын келешекті ойлауға жұмсайды. Қорытындысында келешекке ұмтылған адамдар жеңісті болады. Тренинг кезеңінде қатысушылар өзін-өзі бақылауға, реттеуге ұйреніп, қобалжылық пен қорқынышты атқару әдістерін иемденді.  Бұл тренингтің екі күн аралығында тиімділігі жоғары болғанына  ИнЕУ қабылдау комиссиясының хатшысы Берик Айтбаевич Матаев өткізді.

 

25 желтоқсан күні ИнЕУ  инновациялық тіл орталығы  №20 лицей-мектебінің  білікті элитасын «Меrry Christmas» мерекелік ойын-сауығына шақырды.
Орталық директоры Елена Азарова мекеменің жұмысы туралы айтып, оқушыларды ағылшын тілі курсының бағыттарымен таныстырды. Лицей оқушылары ойынға шаттана кірісіп, ағылшын тілінен жақсы білімдерін көрсетті.

 

10.12.2014.

«Өлеңдерім – менің өмірбаяным»

    Бүгін ИНЕУ – де «Өлеңдерім – менің өмірбаяным» атты Қимаш ағамыздың 90 жасқа толуына арналған  облыстық жас ақындар айтысы өтті. Біздің оқушыларымыз көрермендер ретінде қатысты. Осындай іс – шаралар арқылы оқушылардың патриоттық сана – сезімін оятуға, тіл байлықты, Отанына деген сүйіспеншілікті дамытуға болады.

 

04.09.2014.

Мастер-класс

    Бүгін 20 лицей-мектебінің оқушылары прфессор, математика ғылымының докторы Д.И.Исмаиловпен кездесті. Профессор «Математика» пәнінің жаңаша, жоғары деңгейде оқыту мәселелеріне тоқтап, ғылыми жобалар, олимпиада дайындық, қатысу  салаларынан нақты түсініктеме берді. 8-11 сынып оқушыларымен өте кұрделі есеп шығару іс-әрекеттері бойынша  «мастер-класс» өткізді.

23.05.2014 ж.

Филология ғылымының докторы, профессор А.Р.Бейсембаевтың «Старт в науку»атты жинағы жарық көрді. Бұл жинақ Павлодар облысы оқушыларының филология, история, математика, информатика, өмір қауіпсіздігінің негіздері   туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарынан тұрады. №20 лицей-мектебінің оқушылары: М.Казиманованың "Особенности эмоциональных реакций подростков с компьютерной зависимостью" (ғылыми жетекшісі орыс тілі және әдебиет мұғалімі Г.Т.Топанова), Р.Темирбулатовтың  "Сортировка и реализация твердых бытовых отходов в современных условиях" (ғылыми жетекшісі, химия мұғалімі О.Н.Темирбулатова), Е.Абилпаттың  "Экологические проблемы Павлодарской области" (ғылыми жетекшісі, тарих және география пәні мұғалімі М.О.Жакупов) ғылыми-зерттеу жұмыстарының тезистері осы жинақта басылып шықты.

 

5.05.2014 ж.

Н.Рерих орталығы (Алматы қ. ) өкілдерімен кездесу.

     2014 жылдың 5 мамырында «Мектеп-ЖОМ» қарым-катынасы аясында, ИнЕУ-дің Халықаралық ғылыми оқыту  «Культура и мир 21 века» орталығы директоры, философия ғылымының докторы Г.К.Билялова  және,  Н.Рерих мәдени орталығының (Алматы қ. ) бас маманы И.А Садовскаямен кездесу өтті, ол 10-11 сынып оқушыларына "Международный пакт Н. Рериха о защите культуры: история и современность", " Центральная Азия в художественном наследии Н. Рериха" тақырыптары бойынша дәріс оқыды.

12.04.2014 г.

Сұхбат алаңы: «Тілдер аясындағы мемлекеттік саясат»

12 сәуір, 11.30-де, ИнЕУ-дің мәжіліс залында «Тілдер аясындағы мемлекеттік саясат» тақырыбында сұхбат алаңы өтті.
Бас спикер - Павлодар облысы әкімінің орынбасары, профессор А.А. Орсариев.
Модератор – филология ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Бейсембаев.
Сұхбат алаңы бағдарламасында төмендегідей мәселелер қаралады:
- Қазақстан Республикасының тілдік саясатының тиімділігі;
- мемлекеттің оңтайлы тілдік кеңістігін құру мақсатында аймақтағы тілдік құрылыстың ерекшелігі;
- көптілді тұлғаны қалыптастырудың стратегиясы мен тактикасы;
- полиэтникалық ортадағы тілдердің қызметтік арақатынасын анықтау.
ЖОО-ның жетекші мамандары, оқытушылары мен магистранттары, № 9,20 мектеп директорлары  сұхбат алаңына қатысты.

 

1.03.2014.

Жас интеллектуалдар конкурсы

ИнЕУ-де «Инновациялық Павлодар-2014» атты инновациялық жобалар конкурсының екінші айналымы өтті, онда Павлодар облысы мектептерінің 9-11-сынып оқушылары өздерінің бизнес-жоспарларын қорғады.
Естеріңізге сала кетейік, университет білім алушылардың интеллектуалды шығармашылығы мен зерттеу әрекеті дағдыларын дамыту, сонымен қатар қоғамның инновациялық әлеуетін дамыту мәселелеріне жұртшылық назарын аудару мақсатында конкурсты жыл сайын өткізеді.
Биыл конкурсқа 24 өтінім беріліп, конкурсқа қатысуға 15 жоба іріктеліп алынды. Олардың ішінен екінші айналым, яғни жартылай финалға алты қатысушы шықты. Конкурсты комиссияның 2014 жылғы 1 наурызда өткен екінші отырысында «Экономика және менеджмент», «Есеп және аудит» кафедралары оқытушыларының жетекшілігімен оқушылар дайындаған төрт бизнес-жоспар ұсынылды. Олардың ішінен финалған қатысатын үш жоспар таңдалды:

  • «Создание дополнений к мультимедиа с помощью Flash-технологии» (авторы - Тлеумов Даниял, дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның 11-сынып оқушысы, Ақсу қ.);
  • «Организация экологического велотуризма в Баянауле» (авторы - Абдыгомар Айымгуль, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің 11-сынып оқушысы, Баянауыл селосы);
  • «Сортировка и реализация  твердых бытовых отходов в современных условиях» (авторы - Темирбулатов Рамазан, №20 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы, Павлодар қ.). ағымдағы жылдың 15 наурызында өтетін финалда жас интеллектуалдар Инновациялық Еуразия университетінде грант бойынша оқу құқығы үшін күреседі.

Александр АБРАМЕНКО,
ғылыми-ұйымдастыру
жұмыстар бөлімінің бастығы
Аударған: Мемлекеттік тіл
және аударма орталығы

 

15.02.2014.

ИнЕУ-дің студент-физиктері «Әдеттегі құбылыстардың ғажайып физикасы» атты үйірменің кезекті сабағын өткізді, оған Павлодар қ. №20 мектеп-лицейінің бітірушілері шақырылды.
Далада сақылдаған аяз тұрса да жылу беру, электрлендіру, магнетизм құбылыстарымен, энергияны сақтау және өзгерту заңдарымен байланысты көп тәжірибелердің әсерінен үйірме сабағына келгендерге «ыстық» болды. Студенттер суы бар бөтелкеде торнадоның пайда болуы мен «тірі» бояулардың бейберекет әрекетін көрсетті. Мектеп оқушылары кәдімгі лимонда электр тогының пайда болуы мен батарейка және сағыз орамасының көмегімен от шығарудың мүмкін екенін білді. «Перғауын жыланы», «Сүттегі түстердің дүмпуі», «Реактивті қозғалтқыш», «Шамдардан жасалған әткеншек» сияқты тәжірибелер асқан қызығушылық туғызды. Студенттер барлық қызықты тәжірибелер мен эксперименттерді толық түсіндіріп, слайдтар көрсетті.
Бітірушілер алдында әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі проректор п.ғ.д., профессор Б.Д. Каирбекова, Инженерлік академияның күндізгі оқыту факультетінің деканы, т.ғ.к. А.К. Жунусов, «Энергия үнемдеу технологиялары» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. А.К. Кинжибекова, кәсіби бағдар беру және қабылдау орталығының дайындау бөлімшесінің меңгерушісі Ж.Х. Исаевалар сөз сөйледі. Олар ИнЕУ-де оқудың артықшылықтары, гарант беру үшін конкурсқа қатысу шарттары туралы айтты және мектеп-лицей бітірушілеріне ҰБТ тапсыруда сәттіліктер тіледі. Студент-физиктер үйірме сабағын әр түрлі аудиторияда екі тілде қатар жүргізді, себебі мектеп-лицейдің бітіруші сыныптары қазақ және орыс тілінде оқытылады. Мектеп оқушыларына тәжірибелер жүргізуге қатысу мүмкіндігі берілді, бұл материалды жақсы қабылдауға көмектесіп, көрген-білгендерін қызу талқылауға әкелді.
Мектеп-лицей бітірушілерімен ФЗ-202 (Нурлыбек Н., Елеусизова Р, Оспанов Д.), ФЗ-201 (Сейтахмет Е., Сарсенова М., Дуан А., Каршибаев Б.) және ФЗ-102 (Прокопец В., Егинбаев М., Романовцев А., Гребеньков С.) тобының студенттері жұмыс жасады, іс-шарадан кейін олар бітірушілерге алдын ала тестілеу жүргізді және ҰБТ-ға сәтті қатысулары үшін естелік тұмар-таға сыйлады. Мектеп оқушылары университеттің зертханаларымен танысты, ИнЕУ мамандықтары туралы білді, әрине, физика бойынша өз білімдерін толықтырды. Өз кезегінде студенттер мектеп оқушыларымен жұмыс жасау дағдысын игерді, физика аясындағы өз танымдарын кеңейтті және шешендік қабілеттерін дамытты. Университет студенттері мектеп бітірушілерімен     достық, еркін сипатта қарым-қатынас жасады, бұл сабақ балалардың есінде көпке дейін сақталатынына сенімдіміз. Ең бастысы, физика пәніне тек ғылым ретінде ғана емес, болашақтағы өз мамандықтары ретінде қызығушылықтары артады деп үміттенеміз.

Д.С. АЙГУМУСОВА,
физика магистрі, «Энергия үнемдеу технологиялары»
кафедрасының аға оқытушысы,
Инновациялық Еуразия университеті.

 

8.02.2014.

«Инновациялық Павлодар 2014»: бірінші тур қорытындысы

2014 жылғы 8 ақпанда Павлодар облысы мектептерінің 9-11-сынып оқушыларының «Инновациялық Павлодар – 2014» конкурсына ұсынылған инновациялық жобалар презентациясы ұйымдастырылды.
Конкурстың негізгі міндеттері: оқушылардың бойында зияткерлік шығармашылық пен зерттеу іс-әрекеті дағдыларын дамыту, сондай-ақ қоғамның инновациялық әлеуетін дамыту мәселелеріне қоғам назарын аударуға тарту. Конкурсқа 24 конкурстық өтініш берілді, олардың ішінен конкурсқа қатысу үшін 15 жоба жіберілді, 9 жоба конкурс басымдықтарына сәйкес келмегендіктен және формальды белгілері бойынша қабылданбады. Конкурстық комиссияның бірінші отырысында 13 жоба ұсынылды және тыңдалды. Олардың ішінен екінші турға, яғни жартылай финалға, төмендегі алты қатысушының жобалары іріктеліп алынды:

  • Сайран Р., Павлодар қ., Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы;
  • Тлеумов Д., Ақсу қ., дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның 11-сынып оқушысы;
  • Абдымогар А., Баянауыл селосы, Ш. Айманов атындағы қазақ жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;
  • Темирбулатов Р., Павлодар қ., № 20 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы;
  • Рахим А., Павлодар қ., № 25 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы;
  • Ситдикова Э., Павлодар қ., № 9 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы.

Жартылай финалға өткен қатысушылар 2014 жылғы 1 наурызда конкурстық комиссияның кезекті отырысында өздерінің бизнес-жоспарларын қорғайды, өздерінің жоспарларын олар «Экономика және менеджмент», «Есеп және қаржы» кафедраларының оқытушылары: Кашук Л.И., Полетаева Н.К., Жалтырова О.И., Амирова М.А. жетекшілігімен жасайды.

Александр АБРАМЕНКО,
ғылыми-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы
Фото: Лидия РУСИНА
Аударған: Мемлекеттік тіл
және аударма орталығы

17.01.2014.

"Мектеп-ЖОО" қарым-қатынасы аясында

  Тұлғаның кәсіби өз орнын белгілеуі - оқу бітіруші сынып оқушыларының саналы мамандық таңдау үрдісі. Ол қиын іс. Ол жолды мектеп қабырғасынан бастау керек. №20 лицей-мектебінде тұлғаның кәсіби қалыптасуына үлкен көңіл бөлінеді, мұнда барлық жұмыс оқушының қызығушылықтары мен қабілеттеріне жауап беретін мамандықта саналы таңдауға, оқу үрдісінде тұлғаның өзіндік дамуына бағытталған.  Осы мақсатта 17.01.2014ж лицей-мектебінде дәстүрлі ата-аналар жиналысы болып өтті, мұнда ИнЕУ-ден әріптестеріміз қатысты:білім сапасы мен оқу-әдістемелік бөлімінің проректоры, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Комардина Л.С., әлеуметтік және жастар саясаты бойынша проректоры, педагогикалық ғылымдар доктары Каирбекова Б.Д., сонымен қатар ЖОО-ның Инженерлік және Педагогикалық академиясының факультеттерінің декандары. ЖОО әкімшілігі түлектерінің ата-аналары біздің аймақтағы еңбек нарығы, сұранысы жоғары және келешегі жоғары мамндықтар заманауи маман мен оның негізгі құзіреттіліктері жайлы мағлқмат беріп, сонымен қатар ата-аналардың туындаған сұрақтарына жауап берді.

Г.Т. Топанова № 20 лицей- мектебінің директоры

30.12.2013.

Жаңа зерттеушілер мектебі

  «Мектеп- ЖОМ» қарым-қатынас моделін іске асыра отрып, №20 лицей-мектебінде, филология ғылымының докторы, профессор, «Журналистика және орыс филологиясы» кафедрасының меңгерушісі  А.Р.Бейсембаевтың  қатысуымен семинар өткізілді.
 Семинарда оқушылардың  ғылыми-зерттеу жұмыстарының  кезеңдері  тыңдалды.

 

27.12.2013.

Мектеп-ЖОМ

Бүгін №20 лицей-мектебінің11 К сынып оқушыларына  ИнЕУ  ЖОО-ныңқазақтілі  кафедрасынан  қонақтар келді. Олар қазақтілі мен әдебиет пәндерәбойынша қандай мамандықтарға түсуге болатындындығын түсіндірді, сонымен  қатар қазақтілін білу – қазіргі заманныңталабы, сондықтан да талапкерлер  болашақта жұммысыз қалмайтындығын айтты.

 

12.12.2013.

Айтыс

12 желтоқсанда Тәуілсіздік  күніне арналған ИнЕУ-де жас ақындар арасында айтыс сайысы өтті. № 20 лицей-мектеп оқушылары айтыс сайысына қатысты.

 

06.12.2013.

2013 жылдың6 желтоқсанында ИнЕУ ұйымдастырған экстремизмге қарсы лекция сабағына біздіңлицейімізден 11"Г" сынып оқушылары қатысты. Олар экстремизм тақырыбы бойынша өздеріне керекті көптеген мәліметтер алып, ой түйді. Бейнефильмдер көріп, сұрақтарға жауапберді.

 

11.11.2013.

«Ұстаздардың ғылыми-зерттеу жұмысына құзырлы көзқарасы» сұрағы бойынша семинар

2013 ж. 11қарашасында, №20 лицей-мектебінде , үнемі әрекетті «Ұстаздардың ғылыми-зерттеу жұмысына құзырлы көзқарасы» сұрағы бойынша семинар өтті.  Семинарға пән мұғалімдері және филология ғылымының докторы профессор А.Р. Бейсембаев  қатысты.

 

13 желтоқсан, сағ. 15.00-де,

Инновациялық Еуразия университетінің салтанат залында

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні тойланады.

Мерекелік бағдарламада:

  • Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетінің құрылу тарихына арналған баяндама (Г.Т. Топанова лицей-мектебінің директоры);
  • қоғамдық өмірге белсенді қатысатын, отансүйгіштікті тәрбиелеуге, өз мемлекетінің тарихын білуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуде белсенділік танытатын оқушылармен оқытушыларын құрмет грамоталарымен және алғыс хттарымен марапаттау(О.Н. Темірболатова);
  • мектеп оқушылармен жәнеоқыту факультеттері студенттерінің қатысуымен мерекелік концерт                                 (Г.М. Ахметжанова ).

 

Инновациялық Еуразия университетінде жыл сайын Ректор кубогына қазақ тілінде жүргізілетін КВН ойыны осындай ұранмен өтті.

Ойын, нақтырақ айтсақ, кубок үшін күрес жоғары эмоциялы деңгейде өтті, қалжың да болды, ән айтылып, би де биленді. Командалар бар күштерін салды. Олар бір қарағанда, әртүрлі, бірақ жігерліліктері бойынша қатты ұқсас. Ойындары көрген жан қызығатындай әдемі, жеңіл, тартымды және еркін түрде өтті.

Барлық командалар ойындарын Инновациялық Еуразия университетімен амандасудан бастады, бұл бізді қуантып қана қойған жоқ, сонымен қатар ойынды ұйымдастыруға асқан жауапкершілікпен қарау керектігіне тағы бір мәрте көзімізді жеткізді.

Әзіл де, ойын да, сахнада болып жатқанды бағалап, қатысушыларды қолдап, қошемет көрсетіп отырған көрермен де бар. 

- Әртүрлі жастағы адамдарды біріктіретін және мейлінше күліп, өзіңді балаша сезінуге мүмкіндік беретін жалғыз ойын КВН шығар, сірә, - дейді әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі проректор, п.ғ.д., профессор Бағжанат Дындарбекқызы Каирбекова. - Осы сезімнен артық әрі жоғары не болуы мүмкін? Ештеңе… Ректор кубогына өткізілген ойынға 12-ден астам команданың қатысқаны қуантады. №20 мектеп-лицейдің бірегей командасын, Ертіс ауданының мінсіз командасын, ПМУ-дың ерекше командасын, ПМПИ-дің супер-командасын, ИнЕУ колледжінің тату командасын, ойын иелерінің тапқыр  командасын ерекше атап өткім келеді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша, ректордың шағын Кубогын ИнЕУ колледжінің «Арлан» командасы иеленсе, үлкен Кубокты тағы да Ақсу қ. командасы иеленді. Құттықтаймыз!

- Ойынға қатысушылардың барлығын құттықтай отырып, идеяларға шабыттандырушы және ойыншы Данияр Шайдазымов: Ақтық ойында кездескенше, - деп қоштасты.
Құрамында аймағымыздағы үш ЖОО-ның өкілдері жұмыс істеген қазылар алқасына рахмет айтамыз. Олар да бір командадай қызмет етті, себебі олар әзілді сүйеді әрі бағалай біледі, себебі өздері де КВН-ді шебер ойнайды, ең бастысы, Мақсат Нышанбаев сияқты жастарға тәжірибелерін беру үшін күштерін де, уақыттарын да аямайды.

 

Патриоттық тәрбие 

 

Тұңғыш Президент күнін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлауға орайластырылған іс-шаралар аясында Инновациялық Еуразия университетінде «Елбасы. XXI ғасыр» тақырыбында ашық дәріс өтті.
Дәріс басталар алдында бірінші проректор-инновациялық даму жөніндегі проректор ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Е.Б. Никитин құттықтау сөз сөйледі.
Философия ғылымдарының докторы «Тарих, география және әлеуметтік пәндер» кафедрасының профессоры, «21-ғасырдағы мәдениет және әлем» ғылыми орталығының директоры Г.К. Билялова өз дәрісінде Президент тұлғасының мемлекетіміздің қалыптасуындағы ролі туралы айтты.
Дәріс тыңдаушылары, университет студенттері және № 20 лицей-мектебінің оқушыларүшін университетіміздің ғылыми кітапханасы ҚР тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі туралы кітап көрмесін ұйымдастырды.

 

 

Юнесконың мектептері

Инновациялық Еуразия университетінде Павлодар қаласының мектеп директорларымен Павлодар қ. ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектептерін ашу мүмкіндіктері және «Халықаралық білім беру және білім қоғамын дамыту: проблемалары мен перспективалары» атты халықаралық семинарға қатысу туралы семинар – диалог өтті.

Қауымдастырылған мектептердің қызметі туралы, біздің жағдайларымызда оларды қалай ашуға болады, ол үшін қандай құжаттама қажет, мектепке бұл не береді және Павлодар қ. қауымдастырылған мектептердің келешегі қандай екендігі жайлы философия ғылымдарының докторы, білім академиясының «Тарих, география және әлеуметтік пәндер» кафедрасының профессоры, ИнЕУ жанынан құрылған «21-ғасыр мәдениеті мен әлемі» Халықаралық ғылыми-білім беру орталығының директоры Гульмира Кайсаровна Билялова айтып берді, аталған орталық осы процеске жетекшілік ететін болады.

Павлодарлық мектептер директорларын қауымдастырылған мектептерді ашу үшін материалдық-техникалық база қандай болу керек, ақшалай қаражат пен қажет кадрлар және де бұл мектептің дамуына бөгет болмай ма дегендей мәселелер қызықтырды.

Мектеп директорлары барлық сұрақтарға толық жауап беріліп, «Халықаралық білім беру және білім қоғамын дамыту: проблемалары мен перспективалары» атты халықаралық семинарға қатысу мүмкіндіктері туралы екінші мәселеге көшті. Ол семинар 2013 жылғы 3-6 желтоқсан аралығында Мәскеу қ. өтеді, онда қауымдастырылған мәскеулік мектептердің жұмысы, олардың даму перспективалары мен біздің мектептермен бірлесіп қызмет ету жолдары туралы айтылады.

 

Қауымдастырылған мектептерді құру – халықаралық деңгей мен халықаралық нарыққа шығудың тура жолы. Мен үшін Мәскеу қ. халықаралық семинарда қауымдастырылған мектептер ғана емес, ақпараттық қоғамнан білім қоғамына көшуге қатысты сұрақтар да қызықты. Әріптестерім менімен келіседі деп ойлаймын.   Директорлармен өткен диалог қаламыздың бірден бес мектебінің: №20 мектеп-лицей, №40 ОМ, №25 ОМ, №7 ОМ, №11 ОМ өз мектептерінде қауымдастырылған мектеп ашуға ниет білдірді.

 

 

 

25.10.2013 ж.

Ғылыми-практикалық конференция

 2013 жылғы 25 қазанда  ИнЕУ-мен байланыс  жасау шеңберінде оқушылар мен студенттер арасында аймақтық «Туған өлкені тану – ғылымға бастар жол»  ғылыми – практикалық конференция өткізілді.    № 20 лицей-мектебінің oқушылары Тлеулинова А. 2 орын  , Абилпатта Е. – 3 орын ие болды.   Конференцияның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

1.10.13ж

Біз КВН-ды бастаймыз

1 қазанда ИнЕУ бас корпусында ЖОО академиясы кубогына арналған КВн өтті, оған студенттермен қатар №20 лицей-мектебінің лицеистері де қатысты. Ойын қорытындысы бойынша лицеистер "Красавчики" номинациясында дипломға ие болды. Сайыс әділ қазылары жас КВН ойыншыларына жасаған батыл қадамдары мен жеңіске деген ынталарына алғыс білдірді. 

 

Алғыс жариялау

"Білім мен ғылым интеграциясы - болашаққа қадам" атты ҚР Кіші ғылым академиясының 39- ғылыми -тәжірибелік конференциясының ұйымдастыру комитеті  №20 лицей- мектебінің директоры Г.Т.Топановаға және жүлделі орындарға ие болған ғылыми жобаларының ғылыми жетекшісі болғаны үшін  Ә.А.Апсалямова,Б.М. Бисмельдинова, Г.Қ.Молдабаева, М.О.Жұматов, З.Е.Нұралина, Р,Т,Нұралинаға, Р.Т.Сулейманға сол сияқты Ж.К.Жунусова, О.Н.Подлесная, С.К.Сүлейменова, Т.И.Харитонович, Е.Н.Чижова, А.Шакирт, Т.Ж.Шарапиденоваға конференцияға қатысушы оқушылардың ғылыми жобаларының жетекшілігі үшін зор алғысын білдіреді. 

 

ИнЕУ-дің профессорлық-ұстаздық құрамымен ғылыми кеңес отырысы

 

27.05.13 . күні ИнЕУ-дің профессорлық-ұстаздық құрамымен ғылыми кеңес отырысы өткізілді, оған №20 лицей-мектебінің мұғалімдеріде қатысты. Отырыста лицей-мектебінің бейінді оқыту жөніндегі директор орынбасары Р.Т.Сулейман  "№20 лицей-мектебі мен ИнЕУ-дің бірлесіп істеген жұмысы жәнетоның болашағы" атты баяндамамен сөз сөйледі.   Р.Т.Сулейман өз баяндамасында  бірлескен жұмыстың нәтижелері, ЖОО-мен қарым-қатына сының тұрақтылығымен нәтижелері жөнінде мағлұмат берді.

26.04.2013.

№20 лицей – мектебінде 26.04.2013 жылы «Лицей жұлдыздарынжарқыратады!»атты дәстүрліата–аналарконференциясыболыпөтті. Бұл- лицейұжымыныңата – аналармен бірлесе атқарғаніс- әрекеттерініңқорытындысытүріндежылсайынсәуірайындаөтетінүлкенмереке.    Міне, бүгінделицей өмірініңоқужәнетәрбиеүдерісінеоқужылыбойына өзүлестерінқосып, белсенділіктанытқаната- аналарсалтанаттытүрдемадақтауқағаздарыменмарапатталды. Конференцияныңекінші бөлімібойыншаата–аналарназарына«Лицейжұлдыздарынжарқыратады!»атты мерекелік концерт ұсынылып, лицейліктерән, би, өлеңдеріменөзөнерлерініңсанқырынкөрсетті. Мерекелікіс- шарағаата- аналарданбасқаИнЕУөкілдерідеқатысып, өздерініңжүрекжардытілектерінбілдірді.

20.04.2013.

20.04.2013 жылы ИнЕУ білім ордасында "Көптілділіктегі жаңалықтар" атты мұғалімдердің Бірінші Республикалық форумы өткізілді. Оған барлық аймақтың мұғалімдері, оның ішінде №20 лицей- мектебінің ұстаздары да қатысты. Тапсырылған 31 жұмыстың ішінде алдын- ала іріктеуден өткен 17 жұмыс тыңдалды.Педагогтардың жұмысын бағалаушы әділқазылар алқасының құрамына ИнЕУ оқытушылары кірді: білім Академиясының директоры Б.Д.Қайырбекова, ф.ғ.д.профессор, "Журналистика және орыс филологиясы" кафедрасының меңгерушісі А.Р.Бейсенбаев, ф,ғ,д, "Журналистика және орыс филологиясы" кафедрасының профессоры Г.У.Имамбаева, ф.ғ.к, доцент, "Ағылшын тілі және аударма ісінің теориясы мен практикасы" кафедрасының меңгерушісі Г.А.Хамитова, ф.ғ.к, доцент, Т.В.Зенкова, сол сияқты ф.ғ.к, Новгород университетінің профессоры В.И.Заика болды.Жақсы жұмыстардың ішінде Г.Т.Топанованың және О.Н.Подлеснаяның арнайы курстары аталып, марапатталды және сертификаттар берілді.

16.03.2013.

«Мектеп – ЖОО»  бірігіп  қызмет ету аясында ИнЕУ базасының«Журналист және орыс филологиясы»  кафедрасында «Оқыту және тәрбие барысындағы құзыреттілік» тақырыбы бойынша филология  ғылымының докторы, профессорА.Р.Бейсембаевтың қатысуымен семинар болып өтті. Семинарға оқу–тәрбие үрдісінде ҚТБ технологиясын белсене қолданатын №20 лицей–мектебінің педагогтары қатысты.Семинар барысында ИнЕУ оқытушыларымен бірлесіп барлық негізгі пәндер бойынша технология үлгілерін жасау және аталған технология бойынша әдістемелік жинақ жасау тралы ұсыныс жасалды.

25 ақпан күні  №20 лицей- мектебінің 10 Г, 10 М сыныптар арасында «Мамандықты дұрыс таңдай білу керек» атты тәрбие сағаты өткізілді.

«Армансыз адам, қанатсыз құспен тең», -деп халқымыз тегін айтпаған ғой. Мамандық пен өнерді адам өз жүрегінің қалауымен,өз қабілетіне қарай таңдайды.Осы мақсатта ф.ғ.к.кафедра меңгерушісі, шет тіл маманыХамитова Гүлмира Әбуқызымен кездесу өтті. Тіл маманы, білікті маман, белгілі ұстаз-Гүлмира Әбуқызы түлектерге көптеген кеңес беріп, адамның жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделу жолдарын түсіндіріп, терең білім алуға талпыну керек екенін айтты. Оныншы сынып оқушылары алғыстарын айтып,келешекте еліміздің өркендеуіне үлес қосатындарына сенімді екенін айтты.

Қытай жаңа жылын қарсы алу

  11 ақпан күні Инновациялық Еуразия университетінің шет тілдерінің теориясы мен практикасы  кафедрасының  ұйымдастыруымен өткізілген Қытай күнтізбесі бойынша «Жаңа жыл» мерекесіне  №20 лицей мектебінің 8 және 9 сынып оқушылары да қатысып, бірге тойлады. Лицейіміздің 8 және 9 сынып оқушылары оқу бағдарламасы бойынша ағылшын және араб тілдерінен басқа қытай тілін меңгеріп жатқандықтарынан ерекше қызығушылықпен бұл іс-шараны тамашалады.

18 қаңтаркүні 2013 жылысағат 18.00-де «Мектеп – ЖОО» көлемінде  ИнЕУ Президенті А.Д.Фрезоргердің қатысуымен жалпы мектепішілік ата – аналар жиналысы болады.

Жалпымектепішіліката-аналаржиналысыныңкүнтәртібінде :

 

1.       № 20 лицей-мектебінің 9,11 сынып түлектерінің мамандық таңдауы  

(жауаптылар – ИнЕУ кафедра меңгерушілері).

2.   9,11 сыныпоқушыларыныңсыртқыбілімінбақылауды дайындаужүйесі (жауаптылар–КОжДОР.Т.Сулейман, О.М. Жұматов – ОТЖжДО)

3.   Оқушылардың мектепішілік және мектептен тыс уақытта айналысатын ісін ұйымдастыру (жауапты – Темірболатова М.Ш – ТЖжДО)

4.   1 жартыжылдықбойынша 8 – 11 сынып оқушыларының оқу үлгерімі қорытындысы.

5.      Әртүрлі.

Өтілетінорны:

-    9,11 сыныпоқушыларыныңата-аналарыүшін 5 корпус (ғылыми кітапхана),  №209 аудитория;

-     8,10 сыныпоқушыларыныңата-аналарыүшін № 20 лицей- мектебінің №320, 321, 323,325, 328 аудиториялары.

                                                                                          Әкімшілік

 

Жалпы мектепішілік ата – аналар жиналысы

 

18 қаңтар күні 2013 жылы сағат 18.00-де.20 лицей- мектебінде «Мектеп – ЖОО» көлемінде   қаржы дамыту бойынша вице –президенті, экономика ғылымының докторы, ИнЕУ профессоры А.Д.Фрезоргердің, оқу ісінің проректоры, биология ғылымының докторы, ИнЕУ профессорыЛ.С.Комардиноның,Академия директорлары, ИнЕУкафедра меңгерушілері, сол сияқты ИнЕУ колледжінің тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары К.П. Елубаеваның және ӨОК- 2 кураторы, педагог-психолог  С.Л.Новоселованың қатысуымен жалпы мектепішіліката – аналар жиналысы  болып өтті.

Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

I.  № 20 лицей- мектебінің 9,11 сынып түлектерінің мамандық таңдау бойынша.

II. 9,11 сынып оқушыларының сыртқы  білімін бақылауды дайындау жүйесі.

III.№ 20 лицей- мектебінің оқушыларының мектепішілік және мектептен тыс уақытта айналысатын ісін ұйымдастыру.

IV. 1 жартыжылдық бойынша 8 – 11 сынып оқушыларының оқу үлгерімі қорытындысы.

V. Әртүрлі.

 Жиналыс барысында ата-аналар назарына Инновациялық  Еуразия университеті туралы документалдық фильм көрсетілді.Ата – аналар алдында ИнЕУ мен № 20 лицей- мектебінің өзара байланысы және ЖОО түсу ережелері туралы Л.А.Фрезоргер , Л.С.Камардина сөз сөйледі.. Өз кезегінде ИнЕУ колледжінің тәрбие жұмысы жөнінде директордың орынбасары К.П.Елубаева  колледж туралы және оқу орнына қабылдау ережелеріне нақты тоқталды. Жиналыс соңында барлық қатысушыларға ақпараттық- жарнамалық бүктемелер ұсынылды.

 

 

 

«Оқушылардың ғылыми – зерттеу іс- әрекетін ұйымдастыру»

атты семинары

 

 4 қаңтар 2013 жылы «Мектеп- ЖОО» бірлесе қызмет ету көлемінде №20 лицей- мектебінде «Оқушылардың ғылыми – зерттеу іс- әрекетін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша филология ғылымының докторы, ИнЕУ «Орыс филологиясы және журналист» кафедрасының меңгерушісі  А.Р.Бейсембаеваның қатысуымен семинар өткізілді.Семинар өткізу барысында мектеп оқушыларының ғылыми зерттеу жұмыстарының  кезеңдері қарастырылды. Семинардың тәжірибелік бөлімінде  педагогтар топпен жұмыс жасай отырып, ғылыми жобаның  проблемасы, мақсат және міндеттерін анықтады.

 

Біз Қайырымдылық Күнін қарсы аламыз.

 

  «Мектеп – ЖОО» бірлесе қызмет ету жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қайырымдылық Күніне байланысты іс- шара өткізілді. Лицейліктер мен "Шет тілі және аударма теориясы мен тәжірибесі" кафедрасының студенттері мерекеге арналған дәстүрлі тағамдар даярлап,  кулинарлық шеберлік бойынша сайысты.Мереке өте қызықты өтті: лицейліктер мен ИнЕУ студенттері осы күні алыстағы Ағылшын елі дайындайтындәстүрлі тағамдар даярлады.Дастарқан үстінде не болмады дейсіз: олар-тауық етінен жасалған тағамдар, алмадан жасалған пирог және әртүрлі пудингтер. Лицейліктер де ұятқа қалған жоқ, осы сайыста жүлделі 3- орынды иеленді.

 

Құттықтаймыз!

 

  «Ағылшын филологиясы және аударма» кафедрасы студенттерімен бірлесе,дөңгелек үстел отырысына қатысып және «Ең білімді» номинациясын жеңіп алуымен № 20 лицей- мектебінің оқушыларын құттықтаймыз.Каферойк меңгерушісі п.ғ. Г.А.Хамитова  лицейліктерді құттықтап, марапаттау қағазын тапсырды.

 

Тіл апталығы

 

«Мектеп – ЖОО» бірлесе қызмет ету жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қайырымдылық Күніне байланысты іс- шара өткізілді. Лицейліктер мен  "Шет тілі және аударма теориясы мен тәжірибесі" кафедрасының студенттері мерекеге арналған дәстүрлі тағамдар даярлап,  кулинарлық шеберлік бойынша сайысты. Жиырма төртінші қыркүйек күні  2012 жылы тілдер апталығына арналған№ 20 лицей- мектебінде  «Ағылшын филологиясы және аударма» кафедрасымен бірлескен дөңгелек үстел отырысы өтті. Мерекелік іс- шараны кафедраның аға оқытушысы Фанапова Любовь Вячеславовна өткізді. Оған шет тілі 1 курс студенттері мен лицейоқушыларынан құралған төрт команда қатысты. Қатысушыларға көркем шығарма бойынша мәтін тапсырмалары, сөздік ойындар мен викториналар берілді. Барлығы тек ағылшын тілінде сөйлесті, бұл оқушылардың білімін сапалы бағалауға әсер етті. Лицей- мектебінің оқушыларыөздерінің үздік білімін көрсетіп,ағылшын тілінің білгірі ретінде танытты. Мерекелік іс- шара көңіл көтерумен қатар, танымдық сипатта көрсетілді.Қарсыластар арасындағы жақсы көңіл – күй, мықты жігер аудитория ішін толтырды.  Барлық қатысушылар кездесу туралы көтеріңкі, жақсы көңіл күйде тарады. № 20 лицей- мектебінің ұжымы осыіс- шараны ұйымдастырушы «Ағылшынфилологиясы және аударма» кафедрасының аға оқытушысыФанаповой Любови Вячеславовнаға ерекше алғысын білдіреді.

  

 

 

Қала мектептерінде шет тілі жас мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

 

  8 сәуір күні № 20 лицей- мектебіндеИнЕУ – мен біріккен қала мектептерінде шет тілі жас мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өткізілді. Аталған іс- шараны білім бөлімінің әдіскері  Данное мероприятие начала методист отела образования Алейник Л.А.,бастады, әрі қарай семинарбағдарламасы бойынша далее по программе семинара выступили учитель ШЛ№20 ЛМ мұғалімі Подлесная О.Н., заведующая кафедрой английского языка ИнЕУ ағылшын тілікафедрХамитова Г.А.Слушателям семинара были предложены практические задания по изучению иностранного языка, раздаточный материал.

 

 

 № 20 лицей- мектебінің VII «ПРОБЛЕМалар, ізденіс, шешім» атты     ғылыми-тәжірибелік КОНФЕРЕНЦИясы  жайлы ақпарат

 

          «Проблемалар, ізденіс, шешім» - №20 лицей- мектебінде жыл сайын өткізілетін мектепішілік ғылыми- тәжірибелік конференция осылай аталады. Ағымдағы жылы жетінші конференцияболды.Конференция жұмысы 5 секция бойынша өткізілді:

1.     Тіл білімінің өзекті сұрақтары (қазақ тілі).

2.     Тіл білімінің өзекті сұрақтары(орыс тілі,шет тілі).

3.     Математика, информатика, физика.

4.     Педагогика менпсихологияның өзекті сұрақтары.

5.     Адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау.

№20 лицей- мектебінің мұғалімдерімен бірге конференция жұмысына  эксперттік комиссия құрамына кірген ИнЕУ оқытушылары да атсалысты: Ибраева М.Б.,ф.ғ.к,журналистика және орыс филологиясыкафедрасының аға оқытушысы, Маняпова Т.К., ф.ғ.к., ҚФкафедрасының доценті , Сатынская А.К.п.ғ.к, ПжәнеПкафедрасының доценті , Понамарева Т.М., биологиякафедрасының доценті , Хамзина Ш.Ш., п.ғ.к.,химиякафедрасының доценті, Балтабаева А.М., т.ғ.к. тарих кафедрасының доценті, Жетписбаев Е.К., физикакафедрасының аға оқытушысы, Салий П.А.,математикакафедрасының оқытушысы, Асылбекова С. К.математика кафедрасының аға оқытушысы.

Комиссия тарапына, комиссия мүшелері атап өткендейэксперименттік және теориялық бағыттағы 35 баяндама ұсынылды. Сол сияқты ИнЕУ оқытушылары өтілген  ғылыми- тәжірибелік конференцияның маңыздылығын атап өтті, себебі ол оқушылардың ғылыми және шығармашылық, танымдық  деңгейін дамытуға әсер етеді, дарынды балаларды анықтауға және коммуникативтік дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылар әр түрлі ғылым бойынша өзекті сұрақтар қарастырылған жұмыстарды ұсынды: тіл білімі мен журналистика, тарих пен өлкетану, құқықтану, қоршаған ортаны қорғау, психология мен педагогика, информатика және математика.Комиссия 21баяндаманы үздік деп танып, оқушылардың ғылыми байқауына әрі қарай қатысуына ұсыныс жасады.