Мектеп директоры
Майра Қабиденқызы Мамбетова
Мектеп директоры
Білікті басшының әріптестеріне қоятын талабы – білім сапасы. Заманына сай іскер басшы атанып, қайраткерлік қырымен көзге түсіп жүрген Майра Қабиденқызың еңбегі өте зор.Тәжірибелі, педагогикалық шеберлігі шыңдалған мұғалім. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтарында жаңа технологияны пайдаланып, заман талабына сай сапалы білім береді. Бұған оқушыларының да, өзінің де жетістіктері дәлел: - 2013 ж.Павлодар облысының 75- жылдығына медальмен марапатталды. 2013 ж. Халықаралық «Русский медвежонок» атты сайысында 6 сынып оқушылары Багиенова Лаура, Абраева Динара жүлдегер атанып, дипломдармен марапатталды; - 2013ж. Шығармашыл ұстаз халықаралық ғылыми-әдістемелік «Диахроникалық зерттеудің әдістемесі: тілге деген когнитивтік бейімдеу» атты тіл мамандарына арналған семинарға қатысып, сертификат иеленді; - 2013 ж. Республикалық «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудегі жаңа сапаны қамтамасыздандыру факторы» атты педагогикалық оқулардың облыстық кезеңінде баяндама оқығаны үшін сертификат берілді; 2013 ж. Республикалық «Өрлеу» орталығында «Білім беру менеджментінің құзыреттілігін қалыптастыру" атты баяндама оқыды. 2014 ж. Қалалық тамыз конференциясында "Жүйелі жаңарту жағдайдағы білім беру мазмұнын сапалы түрде қамтамасыздандыру" атты баяндама оқыды. 2014 ж. Халықаралық «Новый урок» атты блиц-турнирінде орыс тілі пәнінен 2 оқушысы-ІІ орынға, 8 оқушысы-ІІІ орынға ие болды, орыс әдебиетінен 9 оқушысы-ІІ орын жеңімпазы болды. Павлодар қалаcының 33 шағын ауданында 1981 жылдың 1 қыркүйегiнде 1568 орынға арналған № 22-шi жаңа мектебi өз есiгiн тұңғыш рет ашты. Оқу-тәрбиелiк процесс мектеп жұмысының алғашқы күндерінен бастап оқушыларға сапалы бiлiм беру мен табысқа жетуіне бағытталды, сондықтан мектептiң басты мiндеттерiнiң бiрi тәжiрибелi педагогикалық ұжымның құрастыру болды. Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектептің бүгінгісі: