Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Жас бауыржаншылар" клубы
Біздің мектепке Тәуелсіздік күнінін қарсаңында Бауыржан Момышұлы аты берілді. Мектепте алғашқы «Жас Бауыржаншылар» клубының мүшелерінің ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты жиында мектеп директоры М.К. Мамбетоваға құттықтау сөз берілді. Клуб жетекшісі , алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі ,Нурмуханов Бакытбек Маукенович 5 «Г» сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырған шараға Ауған соғысының ардагері және «Жас Бауыржаншылар» клубының мүшесінің ата-анасы Мурат Кенестанович Козбаевті құрмет қонағы ретінде шақырды. Бұл шараға 5 «Г» сынып жетекшісі, Б.С. Мукашева және ата-аналар қатысты.   IMG_8037 IMG_8038   IMG_8029 Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты соғыс ардагерінің ересең ерліктері жайында және жерлес ардагеріміз туралы мәлімет беру, атамыздың елімізге сіңірген еңбектері жайында мағлұмат беру мақсатымен мектебімізде «Майдангер ұстаз – Аликов Рахымберді Жақиянұлы» туралы естелік кеші өткізілді. Сол кеште «Жас Бауыржаншылар» клубының оқушылары белсенді қатысты. IMG_7110 IMG_7112  

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Павлодар қаласының №22 ЖОББМ-не

халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы есімі берілді

«Жақсының аты өлмейді» демекші елімізде де Бауыржан Момышұлы атындағы мектептер ашылып, жас ұрпақты ұлттық патриоттық рухта тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай №22 мектебіне Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы батырдың есімі берілді. Соңымен қатар 8 мамыр күні мектепте Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Ұлы Отан соғысының даңқты батыры Бауыржан Момышұлының аты иегері болуына орай салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды мектеп директоры Мамбетова Майра Кабиденқызы құттықтау сөзімен ашты. Жиынға келген ҚР ардагерлер ұйымының өкілдері, ұстаздар, ата-аналар, «Жас Бауыржаншылар» мүшелері. Салтанатты жиынға «Евразия 1» мен «Қазақстан-Павлодар» арналарының өкілдері келіп, келген қонақтардан, ұстаздардан, оқушылардан сұхбат алды.