Мектеп тарихы
Бауыржан Момышұлы атындағы
№22 жалпы орта білім беру мектебі
Тың және тыңайған желерді игеру жылдарының бастапқы кезеңінде Павлодар облысы Мостопоезд атты тыңшылар поселкісінде №22 сегізжылдық мектеп жұмыс істей бастады.
Павлодар қаласының халық депутаттар Кеңесінің шешімімен 1980 жылы 7 тамызда Мостопоезд поселкісіне қатысты, №22 сегізжылдық мектеп Лесозавод поселкісіндегі бастауыш мектепке айналсын. 1981 жылғы тамыздың екісінде қалалық халық депутаттар Кеңесінің орындаушы комитеті шешім шығарды: “...Мектеп ғимараты пайдалануға келмейтіндіктен және оқушылар саны аз болғандықтан №22 мектеп жабылсын. ” Улес 1981 жылдың 29 тамызында Павлодар қаласы халық депутаттар Кеңесінің 33 Мөлтек ауданында 1568 орындық мектеп пайдалануға берілуі туралы шешім қабылданды. 1981 жылдың 3 қыркүйегінде 33 Мөлтек ауданындағы 1568 орындық мектепке 22 номері берілсін деген қалалық халық депутаттар Кеңесінің шешімі шықты. 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай №22 мектебіне Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы батырдың есімі берілді.Осы мектепке жетекші еткен адамдар:
1)Овчинникова Зоя Петровна – мектептің алғашқы директоры. 1981-1987 жылдар аралығында директор болды. Қалыптастырған қабілетті ұжымы мектептің дамуына мол еңбек етіп, қаланың үздік мектептерінің қатарына қосты. 2)Романтеева Наталья Анатольевна – орыс тілі мен әдебиет мұғалімі. 1987-1993 жылдары мектепті басқарды. Зоя Петровнаның жұмысын сабақтастыра білді. 3)Нечаева Валентина Георгиевна – 1993-1995 жылдары еңбек етті. №29 мектепте директор орынбасары болып істеп жүрген жерінен келіп, ғылыми және әдістемелік эксперименттерді батыл еңгізді. Өзіне де, ұжымға да талапқойғыштығымен ерекшеленді. 4)Хамитова Лейла Рошитбековна – 1995-2000 жылдары істеді. Оған дейін математика пәнінің мұғалімі, директор орынбасары болды. Оқу-тәрбие үрдісіне дамыта оқыту тәжірибесін кіргізді. Занковскийдің әдістемесі бойынша сыныптар жұмыс істей бастады. 5)Рымбаева Разия Бариевна – 2003-2004 жылы директор болды. Сол жылы тәрбие жұмысы жүйесінде айтарлықтай жұмыстар жасалды. Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясының филиалы статусын алды.