«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»мемлекеттік қызмет стандарты
Жалпы ережелер
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары көрсетеді.
- Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
- Мемлекеттік қызмет мынадай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:
- Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz. ресми сайтында орналастырылады.
- Мемлекеттік қызметті алушыға берілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны білім беру ұйымдарының жалпы орта білім беретін ұйымдарға оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
- Аталған қызмет Қазақстан Республикасының 7-18 жастағы азаматтарына (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
- Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі мемлекеттік қызметті алушылар қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап бір жұмыс күнін құрайды:
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ұйымдарға құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет барлық санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін болып табылады.
- Мемлекеттік қызмет көрсету демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша және аталған білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағын (шағын аудан) есепке ала отырып, білім беру ұйымдарында көрсетіледі.
- Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Министрліктің www.edu.gov.kz ресми сайтынан, сондай-ақ білім беру ұйымдарының ақпараттық стенділерінен алуға болады.
- Мемлекеттік қызметті алушының құжаттары білім беру ұйымының кеңсесіне жауапты тұлғаға тапсырылады.
- Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға қажет құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
- Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі:
- Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болуы мүмкін:
- Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
- Мемлекеттік қызметтің сапалық және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына наразы болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушылар аудан (қала) білім бөлімдері бастығының атына шағымданады.
- Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
- Шағым беру кезінде мемлекеттік қызметті алушы еркін нысандағы өтінішті тапсырады.
- Қабылданған шағымдар білім бөлімдерінің кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.