Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тамақтанудың сапасын тексеру бойынша мектеп комиссиясының айлық есебі

2021-2022 оқу жылының оқушылардың қыркүйек айындағы тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссиясының есебі

     Барлық есепті кезең ішінде мектептегі бракераж комиссиясының мүшелері төмендегі жұмыс түрлерін атқарды:

  • мектеп асханасының жұмысы;
  • ас блогі қызметкерлерінің міндетті медициналық тексеруден уақтылы өтуін және жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылау;
  • келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасы;
  • мектеп асханасы қызметкерлерінің азық-түлік пен дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен шарттарын;
  • тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын бақылау;
  • тамақ өнімдерінің сапасын, олардың сапасын куәландыратын құжаттардың болуын бақылауды жүзеге асыру;
  • тағамдарды дайындау технологиясы мен сапасын бақылау;
  • ас мәзірінің дайындық дәрежесін, нормаға және бекітілген ас мәзіріне сәйкестігін бақылау;
  • дайын тамақты органолептикалық бағалау;
  • дайын тағамдардыңорганолептикалық бағалау нәтижелерін «Дайын
  • өнімнің бракераж журналына» енгізуді қадағалауды жүзеге асырды.

 

Мектеп бракераж комиссиясының тексеріс  қорытындысы:

  • Асхананы жалға алушы  ЖК "Г.С. Байрамкулова" болып табылады.
  • Ыдыстарды, ас үй мүкәммалын, үстелдерді жуу және дезинфекциялау санитарлық-гигиеналық нормаларға  сәйкес күн сайын жүргізіледі.
  • Жалға алушыда барлық әкелінген өнімдедің сертификаттары мен құжаттары бар.
  • Асхана қызметкерлері қауіпсіздік техникасы мен нормаларын сақтайды.
  • Тамақтану кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
  • Бракераждық комиссия мүшелері оқушылардың тамақтануына күнделікті бақылау жүргізеді.
  •  Есепті кезеңде жалпы білім беру қоры есебінен тегін ыстық тамақпен әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан 160 оқушы қамтылған. (Әлеуметтік педагогта қамқоршылардың, ата-аналардың растаушы құжаттары, өтініштері, қамқорлықтағы, аз қамтылған балалардың барлық оқушыларына ТЖТ актілері бар).

Бракераж комиссиясы асхананы жалға алушының жұмысын қанағаттанарлық деп таниды.

 

 

Комиссия  мүшелері:

М.К.Мамбетова –мектеп директоры

А.Х.Акбанова– директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

А.С.Кабдракишева-қамқоршылық кеңес мүшесі

А.Е.Жолдасбекова –қамқоршылық кеңес мүшесі

А.С.Жумабаева- ата-аналар комитетінің мүшесі

Е.С.Түменбаев – ата-аналар комитетінің мүшесі

С.Б.Алдангорова-ата-аналар комитетінің мүшесі

Г.З.Ибраева -медбике

А.Е.Сембі-әлеуметтік  педагог