"Балдәурен" жазғы сауықтыру лагері.
"Балдәурен" жазғы сауықтыру лагері
Лагердің І- ауысымы маусым айының 2-нен 22-не дейінгі аралықта өтті.
"Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінің басшысы: Бердыгожаева Ж.А.
"Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінің мақсат, міндеттері:
- Балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау.
- Балалардың денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету
- Олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру
- Азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын ұйымдастыру.
- Ғылыми, техникалық, көркемдік шығармашылықта, спортта, туризм мен өлке тануда білімін, біліктілігін кеңейту, тереңдету.
І-ауысым бойынша лагерге 226 бала жиналды. Оның ішінде 83 бала аз қамтамасызданған отбасынан және 1 жетім бала. Жалпы отряд саны-10, әр отрядта 20-21 баладан. Барлық жұмыс істейтін тәрбиешілер саны- 25. Балалардың демалып, ұйықтайтын бөлмелер саны-13. Әр бөлмеде 13 баладан ұйықтайды.
Балалардың шығармашылық жұмыстары. Икебано құрастыру
Отбасылық спорттық сайыс
Балалардың ұйықтау бөлмелері:
Өнерлілер сайысы
"Нептун" күні