Қысқы мезгілде Павлодар қаласының мектептерінде сабақты тоқтатуға рұқсат етілетін температуралық жағдаймен таныс болыңыздар.
1. Ауа- райы желсіз немесе желдің орташа жылдамдығы секундына 5 метрге дейін болғанда:
* 1-4 сыныптарда t - 30°С және төмен болғанда;
* 1-9 сыныптарда t - 33°С және төмен болғанда;
* 1-11 сыныптарда t - 38°C және төмен болғанда.
2. Желдің күшеюі секундына 5 метрден немесе одан көп болғанда:
* 1-4 сыныптарда t - 28°С және төмен болғанда;
* 1-9 сыныптарда t - 30°С және төмен болғанда;
* 1-11 сыныптарда t - 35° және төмен болғанда.
3. Желдің жылдамдығы секундына 20-25 метрге дейін болғанда 1-11 сыныптарда температураға қарамастан сабақ болмайды.
Сабақтың тоқтатылуы туралы ақпарат күнделікті облыстық радиодан хабарланып тұрады. Бұл туралы таңертең оқитын оқушылар таңғы сағат 7.10-да, ал екінші ауысымда оқитын оқушылар түскі сағат 12:00-де радиодан тыңдап біле аласыздар. Сонымен қатар, сабақтың болмауы жайлы ақпарат қалалық білім беру сайтында да жарияланады.
Павлодар қаласының температуралық жағдайы Астана қаласымен сәйкес еместігін ескертеміз.