Сенім телефоны
8 (7182)319268
email: sosh31@goo.edu.kz
Мекенжайы: Космонавтов көшесі 1
8 (7182)319268
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дұйсенбі - 15.00 -17.00 Сәрсенбі - 15.00 -17.00 Жұма - 15.00 -17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Назарға!

«Мектепке жол»

 

Біздің мектепте азқамтылған, көпбалалы, жайсыз отбасының балалары, жетім балалар оқытылады. Бірінші қыркүйекте олар үшін мектеп есіктері айқара ашылады. Осы күн олардың көңілінде жарқын әсерлер қалдыруы біздің қолымызда.

 

Жыл сайын оқу жылының алдында біз азқамтылған отбасының балаларына, ата-аналары мен жақындарының қамқоршылығынан айырылған балаларға,  әлеуметтік себептермен мектепке бара алмай отырған балалаларға олардың өмірдегі ең жауапты кезеңі- оқуға баруға көмектесу үшін«Мектепке барар жол» қайырымдылық акциясын өткіземіз.

 

Биыл «Мектепке барар жол» қайырымдылық акциясын 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін өткіземіз.

 

Көмектің кез-келген түрі, мәселен, мектеп құрал-жабдықтары және киім, оргтехника немесе оқу құралдары, жихаз және ойыншықтар, тұрмыстық техника және спорт құралдары, азық-түлік немесе кітаптар балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектеседі, олардың оқу, тәрбиелену, демалу жағдайларын жақсартады

Өмірдің қиын жағдайында қалған балалардың тағдырына немқұрайды қарамайтын, мұқтаж балаларға мереке сыйлауға ықыласы бар барлық азаматтарды осы акцияға қатысуға шақырамыз.

 

Акцияға қатысуға тілек білдірушілер төмендегі телефон арқылы хабарласуына болады:

 

-         №31 ЖОМ ММ – (87182) 33-73-82