Рухани жаңғыру логотипі
Логотип көкке ұшқан түрлі-түсті құс кейпінде бейнеленген.
Елбасы Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құру туралы қаулы еткен болатын. Комиссияның құрамына қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, журналистер, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, өңірлер мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері кірді.
26 сәуірде Ақордада Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның бірінші отырысы өтті. (www.strategy2050.kz;)