Ата-аналар назарыңа!
Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік қағидалары
Қауіпсіз мұз – берік, мөлдір, көпіршіксіз, көгілдір–жасыл түсті. Жалғыз келе жатқан адам үшін мұздың қалыңдығы 7 см кем болмауы керек. Бір топ адамға 12-15 см кем болмауы керек. Жаппай сырғанау үшін 25 см. Жүк машиналар үшін 45 см. Есіңізде болсын, көктем-күз мезгілдерінде мұз ерекше қауіпті.
Қауіпті мұз:
– су ағынының жанында;
– қатып қалған қамысы көп жағаның жанында;
– қардың қалың қабатымен басылып қалған мұз;
– көпірдің астында, өзендердің ирелеңінде, ағыны тар жерлерде;
Мұзда өзін-өзі ұстау қағидасы:
- Жұқа, қатпаған мұзда жүрмеңіз.
– Шанамен, шаңғымен тік жар жағадан жұқа мұзға қарай сырғанамаңыз.
– Мұздағы тесіктерге, жарықтарға, ойықтарға жақын келмеңіз.
– Мұздың бөлек бөлігінде топталып тұрма.
– Тыйым салынған жерлерден, су қоймаларындағы мұздан өтуге болмайды.
– Мұзды аяғыңызбен жармаңыз.
Төтенше жағдайда “Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменты судан құтқару қызметі” ММ-сіне хабарласыңыз!
Мекенжай: Павлодар қ-сы, 140000 Никитин к-сі, 106 Телефон: 8 (7182) 32-36-49