Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мектебім - алтын ұя бесігім

Мектебіміздің тарихы

Жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беру келелі мәселелерін оң шешу жолында мектебіміз ауқымды өзгерістерді өткерді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Мемлекетпен қоғам алдында ұлттың зияткерлік әлеуетін сақтап қалу ғана емес оны арттыру жас ұрпақты өмірге дайындауда, олардың бойына отаншылдық, имандылық, кәсіби шеберлік тәрізді игі қасиеттерді сіңіру міндеттері де тұр» деген болатын.

Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мектебіміздің ұжымы адаптивті мектепті қалыптастыру бағытында жұмыс жасауда. Қазақ тілінде оқытатын № 35 жалпы орта білім беретін мектеп 1974 жылдан қызмет етіп келеді. Мектептің ең алғаш директоры - Гейм Елена Константиновна. Оқу ісінің меңгерушілері Тарасуло Феликс Аронович, Новокшанова Тамара Михайловна, ал тәрбие ісінің меңгерушісі Дитте Ирина болды. Мектеп ұстаздары Больт Н.М, Бульдыгерова А.В, Ясная Л.А, Галенина В.М, Исамбаева В.М, Старосадчева Г.Е, Головань Е.Е және т.б.

Ең алдымен орыс тілді одан аралас 1994 жылдан бастан мемлекеттік тілде оқытатын мектеп болып қалыптасты.

1993-1994 оқу жылында аралас мектебінде директор Бахралинов Сағадат Габбасович. 1994-2005 оқу жылдарында қазақ мектебінің директоры Омарбекова Бахыт Мукановна. 2005-2007 оқу жылдарында мектеп директоры Хасанова Сауле Төлегеновна. 2007 жылдан бастап мектеп директоры Асаинов Мұрат Бакенович Мектептің позитивті келбетін қалыптастыру - мектеп ұжымының басты мәселесі болып отыр. Мектеп ұжымында барлығы 54 мұғалім, жоғары білімді - 50 мұғалім, арнайы орта - 4 мұғалім, жоғары санатты - 17, 1 - санатты 19, 2- санатты 11, санатсыздар саны - 7. Мектеп ұжымы мектептің позитивті келбетін қалыптастыру мәселесін шешуде төмендегідей бағыттарды анықталды: 1. Мектеп тұжырымдамасы 2. Мектептің даму бағдарламасы 3. Соңғы нәтиже мектеп түлегінің моделі 4. Мектеп түлегінің тұлғасына сай келетін педагог тұлғасы Мектебіміздің ғылыми жетекшісі В.Н. Афанасьеваның жетекшілігімен мектептің моделі жасалып, әдістемелік негіздері анықталады. Сонымен қатар мектептің типі - адаптивті, нәтижеге бағытталған, әлеуметтік ашық мектеп болатындығы айқындалды. Мектептің концептуалды құжаттары: Тұжырымдамасы, Даму бағдарламасы құрастырылды. Ұлттық түпкі тамырдан жалпы адами құндылыққа дейін жетуді мектеп философиясы талап етеді. Ал мектептің саясаты- мектепте әр баланың жеке басын құрметтеу, оқыту, бірігіп өмір сүруге үйрету; Миссиясы - терең ойлы, қоғамда өз орнын анықтай білетін жасөспірімді өмірге дайындау болып табылады. Оқу үрдісі мен тәрбиелеу үрдісінің басымдықтары белгіленеді: - Оқушыларды оқытуда білімнің көлемі емес, білімнің дамуы маңызды; - Білімді трансляциялау емес, оны өздігінен немесе ынтымақтасып отырып игеруі маңызды; - Жанұяның, халқының, ұлтының, салт-дәстүрлерін құрметтеу қажет; Осындай жаңашыл мектептің менеджменті мектеп моделінде өз орнын айрықша анықталады, Мектептің моделі негізінде мектептің эмблемасы жасалды. Мектеп эмблемасының функционалды мазмұны төмендегідей: - алынатын білімінің сапалылығы; - денсаулық сақтау технологияларын қолдану; - баланың қажеттілігін қанағаттандыру; Берілген белгі Қазақстан жаңа мектеп ұжымының таңдаған жолын айқындайды. Мектеп «Нәтижеге бағытталған оқыту моделін» жүзеге асыруды көздейді. Жүзеге асырудың төмендегідей нақты үш негізін белгілеп отырмыз: - Мақсат - мектеп бітірушінің тұлғасы. - Құрал - көрсеткіштері айқындалған мектептің оқу тәрбие жүйесі. - Жағдай - мұғалім. Мектептің таңдап алған жолы - анық. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Еліміздің келешегі – оның білімді азаматтарына байланысты». Мектеп тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы жоғары көрсеткіштері – күтетін нәтижеміз. Облыстық ғылыми жоба жарысында «Ең үздік қала мектебі» номинациясы берілді. Бұл: - білім мен құзыреттілік сапасы; - тәрбиелік деңгей; - аралық аттестаттау, ҰБТ мен ОЖСБ көрсеткіштері; - грантқа түсетін оқушылар саны, яғни өз білімін кәсіптік оқу орындарда жалғастырып жатқан түлектер саны; - ғылыми жоба, олимпиада, интеллектуалдық сайыстарға жүлделі орындардың саны; - мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық жұмыстары, баспа өнімдері мен оның көлемі.