Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Айманова, 37
8 (7182)53-71-04
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 14.00 до 19.00, Пятница с 14.00 до 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
2008-2009, 2009-2010, 2010-2011 оқу жылдарындағы мектептегі үйірмелер мен секциялар жұмыстарының салыстырмалы мониторингі

 

Оқу жылы

2008-09

2009-10

2010-11

2011-12

Үйірмелер мен секциялар саны

9

10

12

12

Қатысатын бала саны

248

303

312

329

%

29

42

44

46

 

         2008-2009 оқу жылында көркемөнерпаздар бағытында 2 вокал, 1 би, 1 домбыра үйірмелері және спорттық бағыттағы волейбол – 1, баскетбол – 2, атлетика – 1 және әскери-патриоттық «Ұлан» клубы жұмыс істеп, барлығы    9 үйірме 248 оқушыны қамтыды. Сонымен қатар 11 гимназия сыныптарына бөлінген пәндік үйірмелер жұмыс істейді. Атап айтсақ, тоғызқұмалақ, шебер қолдар, жан қадірін білу, жас ақындар және т.б.

         2009-2010 оқу жылдары барлығы 10 үйірме ұйымдастырылды. Вокал – 3, би – 1, театр -1, волейбол – 2, баскетбол – 2 және әскери-патриоттық «Ұлан» клубы жұмыс істеді. Бұл жылы үйірме, секцияларға барлығы 303 оқушы қатыстырылды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда 13% өскенін байқауға болады. Бұл жылы1 вокал үйірмесі қосылады. Бұл оқу жылында да әдеттегідей  12 гимназия сыныптарына бөлінген пәндік үйірмелер жұмыс істейді. Атап айтсақ, тоғызқұмалақ, шебер қолдар, жан қадірін білу, жас ақындар, жас ғалым және т.б.

         2010-2011 оқу жылында 2 – вокал, 2 – би, 1 – театр, 1 – көркемсурет, шеберқолдар – 1, спорттық бағытта волейбол – 2, баскетбол – 2, футбол – 1 және әскери-патриоттық «Ұлан» клубы жұмыс істеп, барлығы 12 үйірме 312 оқушыны қамтыды. Бұл жылы 2%-ға көтерілген. Гимназия сыныптарына бөлінген пәндік 12 үйірмелер жұмыс істеді (Тоғызқұмалақ, шебер қолдар, жан қадірін білу, жас ақындар, жас ғалым т.б.).

         2011-2012 оқу жылында мектеп көркемөнерпаздар және спорттық бағытта жұмыс істейтін үйірмелер мен секциялар саны 9-12 дейін көбейді,соған сәйкес мектепішілік үйірмелер мен секцияларда қамтылған оқушылар саны да 29%-46%-ға дейін өскенін байқауға болады. Биылғы оқу жылында гимназия сыныптарына бөлінген 15 пәндік үйірмелер жұмыс істеуде. Жалпы қорытындылай келгенде жылдан жылға үйірме, секциялардың саны артып, оқушылардың бос уақытының қамтылуының да өсуін байқауға болады. Үйірме, секциялардың санының көбейіп, түрлерінің артуына байланысты, үйірме секцияларға балалардың қатысуының артуын да байқауға болады.

 

 

 

 

«Ұлан» әскери-патриоттық клубы

Клуб жетекшісі: Джамбусинов Аманжол Қабдрахманович

 

      Мақсаты мен міндеттері:

1.     Қазақ жеріне, еліне, халқына деген патриоттық рухын ояту, тәрбиелеу;

2.     Жауынгерлік салт-дәстүрлерді құрметтеу, әскери оқу орындарына түсем деушілерге бағыт беру;

3.     Клуб мүшелерінің салтанатты шерумен жүру дайындығын машықтау.

4.     Қазақстан Қарулы Куштері және қару-жарақ түрлерінен ақпарат беру, ату дайындығын жетілдіру;

5.     Қалалық және мектепішілік әскери-спорттық, ату-сайыстарына қатысу;

6.     Салауатты өмір салтын дәріптеу;

7.     Дене шынықтыру жаттығулары барысында дене тәрбиесін жетілдіру.

8.     Арнайы жаттығулар барысында қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін (жалаң қол қарсыласқа қарсы тұру, қарумен келгенде, әр-түрлі құралдармен кез келген жағдайда) үйрену;

9.     Қалдағы әскери-патриоттық спорттық клубтарға бару, жұмыс ретімен танысу;

10. Алғашқы әскери дайындық пәніне деген қызығушылығын арттыру;

11. Қатысушылардың үлгілі тәртіпте негізделген мектеп мәртебесін жоғарылатуға үлесі мен патриоттық сезімдерін ұштастыру.

 

Ұраны:

Еркіндіктің көк байрағын көтерер,

Ұланымыз ел намысын жетелер.

 

 

«Өнер» үйірмесі

Үйірме жетекшісі: Спатилова Рысалды Темірболатқызы

 

Мақсаты: Мектептегі өнер үйірмесі - әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы бар талантты жастарды тәрбиелейді.

 

 

Домбыра үйірмесі

Үйірме жетекшісі: Бейсебаева Айгерім Рамазанқызы

 

Мақсаты: Өзінің тілін, дінін, дәстүрін, өнерін, әдет-ғұрпын біліп, халқының асыл қазынасының мұрагері сезінетінін, өз елін, туған жерін, атамекенін сүйетін ҚР азаматтарын тәрбиелеу.

 

Міндеттері:

1.     Домбыра сүйемелдеуімен ән айту, күй тартып үйрену;

2.     Балалардың шығармашылық ынтасын, ой-өрісін, қиялын дамыту;

3.     Дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырымдылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу, мәдениетті, жан-жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу.

Балаларға домбыра қағыстарын көзбен көрсету, құлақпен естірту, сол күйдің шығу тарихын білу арқылы халқының тарихын тереңірек түсіну.

Домбыраға репертуарлар балаларға жеңіл болумен қатар құлаққа кеңінен танымал ән-күйлер алынып отыр.

 

«Достар» вокал үйірмесі

Үйірме жетекшісі: Искакова Айгүл Қапанқызы

 

 

«Жас талап» вокал үйірмесі

Үйірме жетекшісі: Рахметова Динара Сағымбекқызы

 

 

«Қарлығаш» би үйірмесі

Үйірме жетекшісі: Адылханова Алтынай Жеңісқызы

 

 

Спорттық секция жұмысы

Секция: футбол

Секция жетекшісі: Мурсалимов Айтмұқан Төлепбергенұлы

 

Спорттық секция жұмысы

Секция: волейбол

Секция жетекшісі: Байжырықов Думан Бекмұхамбетұлы

 

Спорттық секция жұмысы

Секция: баскетбол

Секция жетекшісі: Жұмжұманов Дастан Ғабитұлы