Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әлеуметтік педагог

   Әлеуметтік педагогтың қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңында негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңын басқа да нормативтік актілер мен құжаттарды басшылыққа алады.

   Әлеуметтік педагогог социумның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін олардың қабілетін, қызығушылығын зерттейді. Ресми емес ұйымдардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтайды. Ол психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік-этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектеседі. Қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық үйлестіруші бола отырып, тәрбиеленушінің қалыптасуына балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани-адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал етеді.

   Осы орайда біздің мектепте «Мектепке жол» атты республикалық акциясының барысында жыл басынан бастап күн көрісі төмен, көпбалалы отбасы балаларына және 2 жетім оқушыға жаппай оқу қорынан және ата-аналар, мұғалімдер тарапынан көмектер жүйелі түрде жүргізіліп тұрады.

   Кабулов Ербол және Мүсілім Самат деген ата-аналар күн көрісі төмен оқушыларға кеңсе тауарларымен көмек көрсетті. Мектеп асханасы осындай 7 оқушыны бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтандырады.

   Сынып жетекшілер әр баланың пәтерлерін аралап тұрмыс-жағдайларын жиі танысып отырады. Күн көрісі төмен отбасынан шыққан оқушыларға ақылы шараларға қатысып отыруға жеңілдіктер қарастырылған.

   Жанұя құрамы,  кәсібі, жанұя өмірінің тұрмыстық және гигиеналық жағдайлары, материалдық қамтамасыз етілуі, жанұя тәрбиесі туралы мәліметтер акт, зерттеу актілерін толтырады.

   Әлеуметтік педагог пен ата-ананың бірлескен әрекеті ортаның тәрбиелік ауасын байытады, егер өзара әрекет мақсатты формада жүргізілетін болса тұлғаны қалыптастырудың әлеуетті қуат-күші ашылып, әлеуметтік педагог пен ата-ана қызметінің мазмұны мұратқа жетеді.