Телефон доверия
8 (7182)53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Айманова, 37
8 (7182)53-71-04
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 14.00 до 19.00, Пятница с 14.00 до 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
БЕСІНШІ ЕҢБЕК ТОҚСАНЫ

 

Еңбегінің ел кәдесіне жарағанын сезіну – үлкен бақыт

 

БЕСІНШІ ЕҢБЕК ТОҚСАНЫ

 

   «Бесінші еңбек тоқсаны» аясында жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін, табиғатқа және қоршаған ортаға деген көзқарасын сапалы деңгейде қалыптастырып, жауапкешілікке баулу мақсатында мектебіміздің 342 оқушысы мектеп жанындағы үлескіде және экологиялық мектепте еңбектенді. Оқушыларға мектеп маңын жасыл желектендіру, гүлдерді, көкөністерді күтіп, баптау жұмыстарын ұйымдастыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау міндеттері қойылды.

Қаланы көркейтуге байланысты адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш азаматты тәрбиелеп, еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастырып, жауапкешілік сезімін жетілдіру мақсатында жоғарғы сынып оқушыларының арасында еңбек топтары құрылып 47 оқушы «Горзеленстрой» ЖШС-де жұмыс істеді.