Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сайын Мұратбеков шығармаларындағы синоним сөздердің қолданысы

Сайын Мұратбеков шығармаларындағы

синоним сөздердің қолданысы

 

A.C.Айтжанова, №35 жалпы орта білім беру мектебі

Жетекшісі – A.Х. Ертаева, қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

           

Сайын Мұратбеков шығармаларындағы синоним сөздердің қолданысы” атты   тақырыпты таңдаған себебіміз: қазіргі кезде қазақ тіл білімінде синонимдер, оның ішінде сөз мағынасының дамуы нәтижесінде пайда болатын контекстік синонимдердің жалпы мәселелері зерттеліп жүргенімен, көркем шығармалардағы синонимдер, олардың тіл жүйесіндегі орны, жасалу жолдары, стильдік қызметі осы уақытқа дейін арнайы зерттеу нысаны болған емес.

            Біз бұл  жұмыста Сайын Мұратбековтің “Жабайы алма” повесіндегі синоним сөздерді зерттеп, автордың сөз қолдану ерекшелігін, ауызекі-сөйлеу тіліндегі жұмсалатын өзгешеліктерді синонимдер арқылы да тануға болатынын дәлелдейміз.

            Дәл осы жазушыны таңдағанымыздың бірнеше себебі бар. Біріншіден, Сайын Мұратбековтің шығармаларын оқи отырып, синонимдердің түрлі жасалу жолдарын, белгілері мен тәсілдерін анық байқауға болады. Екіншіден, қазіргі кезде Сайын Мұратбековтің кім екенін әркім біле бермейді. Сол себепті Сайын Мұратбековтің шығармалары арқылы сөз өнері мұраларын толықтырып, болашақ ұрпақты өз тілінде таза сөйлеуге үйретуіміз керек.

Ғылыми жобаныңнегізгі мақсаты:

-Сайын Мұратбековтың шығармаларында синонимдердің қолданысын зерттей отырып, синонимдердің қолдану аясын орнықтырып, саралап, бір ізге келтіру;

-  Сайын Мұратбеков шығармалары арқылы қазақ тіл мәдениетінің сөздік қорын жүйелеу.

Ғылыми жобаның міндеті:

•          Оқырманды Сайын Мұратбеков шығармаларын оқу арқылы сөз мағыналарын дұрыс танып, дұрыс жұмсай білуге үйрету;

•          Жазушының сөз қолданысындағы синоним сөздердің лексикалық мәніне назар аударту;

•          Оқушылардың шығармашылық жұмыстарында Сайын Мұратбеков қолданған синонимдерді үлгі ретінде пайдалана алуға жетелеу;

•          Әдеби көркем тілде сөйлеп, сөздік қорларын жетілдіруде Сайын Мұратбеков шығармаларының маңызы зор екенін таныту.

Зерттеудің кезеңдері:

•          Жазушының “Жабайы алма” повесі мен әңгімелерінен сөздік қорды жүйелеу;

•          Теориялық мәліметтер жинақтау;

•          Синонимдерді қолдануға байланысты жиналған мәтіндегі түзілім материалдарын саралау;

•          Жұмысты қорытындылау.

Жазушының плеоназмды, парафразаны, эвфемизмді сирек қолданса да, ол өзінің шығармаларында синоним сөздерді орынды пайдалана алды деп айтуға болады.

            Бұрыннан бері синонимдерді көп ғалымдар зерттеген. Қазіргі кезде олар толық зерттелген деп есептелінеді. Ал, біз зерттеп отырған Сайын Мұратбеков қолданған синонимдерге көңіл бөлінген жоқ. Осы ретте барлығымыз әдеби көркем тілде сөйлеп, сөздік қорларын жетілдіруде Сайын Мұратбеков шығармаларының маңызы зор екенін таныту   маңызды болып танылды.

            Егер синонимдерді жазба-ауызша тілде орынды қолданса, онда сөздік қорымызды молайтуға, ойды оқырманға жете түсінікті болатындай қылып жеткізуге тигізер әсері мол болады. Егерде адамдар жазушы қолданған синонимдердің мағынасын ұғып, пайдалана білсе, онда бұл олардың лексиконына әсерін тигізетіні сөзсіз және олардың лексиконы молайып, сөйлеуі жағымды, мәнерлі болады.