Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Паспорт школы

2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап "М.Әуезов атындағы № 42 ЖОМ" ММ "Балдәурен" шағын орталығы ашылды  

 

Ақпараттық сараптау бөлімі.      

1

Нормативтік құқұқтық статус

Мемлекеттік мекеме

2

Ашылған күні

2010 жылғы   1қыркүйек

3

Құралтай мекемесі

Павлодар қаласы Білім беру бөлімі

4

Жобалау және нақты қуаты

 

 

50 бала

Нақты 57 бала

5

Жұмыс тәртібі

Аптасына 5 күн

6

Балалар контингенті

 

I- (қазақ тіліндегі) топ-29

II-(Орыс тіліндегі)топ-28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті ата-аналар!

«Балдәурен  шағын» –орталығының ұжымы

Мектепке дейінгі мекемемізде сіздерді қуана қарсы алуға әзір.

Шағын орталық  5-6 жастағы балаларды оқыту-тәрбиелеу мақсатында және балаларды   жан-жақты дамытуда ата-аналарға кеңес беру мақсатында ашылып отыр.

Шағын орталықтың паспорты:

Мекеменің аты: «Балдәурен» шағын-орталығы.

М. М. М.Әуезов атындағы №42 жалпы орта мектеп.

Мекен жайы: Ткачев 15.

Ашылған жылы: 2010жыл.

Шағын орталықтың негізгі түрі: Аралас(оқу іс-әрекеті мемлекеттік тілдегі,орыс тіліндегі )

Бала саны: 52

Топ саны : 2

№ 1 Топ «Еркемай»

№ 2 Топ «Солнышко»

Мемлекттік тілде оқып білім алатын топта-25 бала.

Орыс тілінде оқып білім алатын топта-27 бала.

Қызметкерлер құрамы:

Әдіскер-1

Тәрбиешілер-4

Тәрбиешінің көмекшілері-2

Қазақ тілі пәні мұғалімі-1

Ағылшын пәні мұғалімі-1

Музыка пәні жетекшісі-1

Шағын орталықтың жұмыс істеу тәртібі:

Бес күндік. Дүйсенбі-жұма. 07.00-19.00

Сенбі, жексенбі-демалыс.

Мақсаты:

1.Балалардың денсаулығын нығайту мен өмірін сақтау бойынша жұмысты жетілдіре отырып ,жүргізу.

2.Білім беру жетістіктерінің сапасын арттырудың негізгі кілті ретінде қолданылатын оқу дидактикалық ойынды кеңінен қолдану.


1.09.2011ж «Білім күні» Шағын орталыққа жаңадан келген балаларды қарсы алып ,мерекелік ойын түріндегі оқу-іс әрекеттері жоспарға сай өткізілді.

6.09.-30.09.11 аралығында апта сайын директордың қатысуымен өткізілген отырыста айлық жұмыс жоспары талданды,әр түрлі мәселелер қарастырылды.№1 педагогикалық кеңес өткізілді әр топта жеке-жеке ата-аналар жиналысы өткізілді.

27.10. 11. Алтын күз мерекесі мерекесі өткізілді. Ата-аналар, мектеп әкімшілігі,қонақтар қатысты.Мерекелік ертеңгілікте балалар өз өнерлерін көрсетті,ән айтты, би биледі, тақпақтар айтты ойындар ойнатылды.Екі топта ертеңгілік өз деңгейінде көңілді, қызықты өтті.Ата-аналар ,қонақтар ризашылықтарын білдірді. Әсіресе жаңадан келген балалар үшін бұл ертеңгілік қызықты болды

 

Мектеп жасына дейінгі баланы оқыту және тәрбиелеу.

                                                                                          тәрбиеші: Мұхажанова А.Б.

     Көптеген ғасырлар бойы адамдар баланы не нәрсеге және қалай оқыту , оларды қалай тәрбиелеу керек екенін ойланып келген. Бірақ баланы түсініп білу үшін, оның айналасындағы дүниені қалай қабылдайтыны,оны қалай жадында сақтайтыны,ойлайтыны жұмбақ болып келген.Л.Н.Толстой мектеп жасына дейінгі шақ туралы:»Бәлкім қазір бойымдағы бар нәрсенің бәріне мен бала кезімде ие болған шығармын және көп тез иленгенім сонша қалған бүкіл өмірімде мен соның жүзден біріне де ие бола алмаған шығармын . Бес жастағы баладан маған дейін бір ғана адым, ал жаңа туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық»- деп жазған екен.Бала айналасындағылармен араласу процесінде тілін, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін меңгереді. Егер қалыпты дамыған бала 3 жасында 500-дей сөз қолданса, 6-жасар бала 5000- нан 7000 –ға дейін сөз қолданады.Балалардың зерек санасы қажетті, үйлесімді сөзді оңай іріктеп ала алады.Сөйтіп оның сөйлеп жүрген тілі ана тіліне айналады.Баланың ойлау қабілеті белгілі бір проблеммалық жағдайдың дұрыс шешімін табуға қажетті білімнің болу, болмауымен ерекшеленеді.4-5 жасар баланың ақыл ойының дамуы алғашында қарым –қатынаста, заттық әрекеттерде,ойындарда жүзеге асады.Олардың бойында айналадағылар жөнінде қарапайым білімнің жеткілікті қоры жиналады,олар негізгі ойлау операцияларын меңгереді,заттар мен құбылыстардың елеулі белгілерін айыра алады.Осының бәрі жүйелі түрде жүргізілуге тиісті оқу іс-әрекеті нәтижесінде іске асады.Баланың ой-өрісінің даму деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын,қоршаған болмысты тану мүмкіндігі соғұрлым мол болады.Егер бала белгілі бір затты бұрыннан білетін болса онда ол затты қабылдау қас-қағым сәтте болады.Бала ол затты бірден таниды және ол зат туралы білімі болады.Сондықтан ата-ана баланың ең алдымен өз ана тілінде дұрыс сөйлеуін,сөздік қорының мол болуын, есте сақтау қабілетінің дамуын, зейінді болуын дамытуды нысаналы да ұйымдастырылған процеске айналдыруықажет. Кейбір кезде ой-өрісі және психикасы дұрыс дамымаған балалар тілінің дамуында қиыншылықтар көреді. Бұндай балалар көбінесе жиі ауырғандықтан  немесе баланың тілінің шығуына ата-ананың мән бермеуінен болады.Ата-аналар және тәрбиешілер балаларға сөзді дұрыс айтуға жаттықтыруы керек. Сөздерді , қатты дауысты шығарып айтуды және фонематикалық сөзді дұрыс естуді дамытумен айналысуы керек.Үлкендер баламен сөйлесу барысында өздері асықпай сөйлеп,дыбыстарды нақты шығарып, немесе жай мейірімді ,жылы шыраймен сөйлескендері өте маңызды.Баланың ойлауы мен сөйлеуі бір-бірімен тікелей байланысты.Бала өмірінің алғашқы жылдарында тіл мен танымдық процестерді игеруге өте құлшынады.Баланың сөйлегеніне ,тілінің қалай дамығанына қарап ,оның тілін қалыптастыратын ортаға баға бере аламыз.Демек баланың ақыл ,ой-өрісінің дамуы алдымен ата-аналарға,олардың бала тәрбиесіне зор мән беруіне байланысты деп айтамыз

 

4-5 жастағы балалардың жас ерекшеліктерінің дамуы

Қабылдау және заттық -ойын қызметі: 
 Үш құрамдық және төрт құрамдық матрешканы қолдану немесе зейіні арқылы талқылайды және құрастырады. Көру қабілеті арқылы дөңгелектердің үлкендігіне байланысты пирамиданы жинастырады. 

 Ес. Бала есінің дамуы:
 2-3 ұсыныстарды 2-3 тізбектері арқылы орындайды; үлкен адамның айтуымен 5 сөзге дейін есіне сақтай алады. 

 Зейін:
 15-20 минут ағымында қызықты жұмыспен айналысады. 

 Сөйлеу. :
 Жалпылау сөздерін қолданады; жануарларды және олардың төлдерін, адамдардың мамандықтарын, заттарды атайды. Үлкендердің көмегімен ертегілерді мазмұндайды, қысқаша берілген тақпақтарды жатқа айтады. 

МАТЕМАТИКА:
 Сөйлеу барысында кө және біреу, дөңгелекті, үшбұрышты, төртбұрышты, шар, кубтарды қолданады. Айналаған заттар арасынан геметриялық фигураларды көре алады. Жыл мезгілдерін, апта күндерін дұрыс атайды. Оң және сол қолдарының айырмашылығын біледі.