ОЖСБ-2016
Тестілеу кезіндегі оқушыларға арналған ереже:
- бір орыннан екінші орынға ауысуға болмайды;
- кезекшінің рұқсатынсыз тестілеу материалдарын ашуға болмайды;
- тестілеу материалдарын басқа оқушының материалдарымен айырбастауға болмайды;
- калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі таблицасынан басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, корректор сұйықтығын және байланыс құралдарын пайдалануға болмайды;
- қасындағы оқушылармен сөйлесуге және көшіруге, сондай-ақ шпаргалка қолдануға болмайды;
- кезекшінің және Министрлік өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға болмайды.
Аудитория кезекшісінің функциясы:
-
аудиториялардың тестілеуді өткізуге дайындығын тексереді;
-
оқушыларды аудиторияларға кіргізуді жүзеге асырады;
-
оқушыларды орындарына отырғызады;
-
Министрлік өкілінен тестілеу материалдарын алады;
-
тестілеу материалдарын үлестіреді және толтыру ережелерін түсіндіреді;
-
жауап парақтарының және сұрақ кітапшасының мұқабасының дұрыс толтырылуын қадағалайды;
-
тестілеу рәсімі аяқталғаннан кейін оқушылардан тестілеу материалдарын қабылдайды, қораптың ішінде болатын «Интервоид» пакетіне салып, оны акті бойынша Министрлік өкіліне тапсырады;
-
технологияның және аудиториядағы тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.
Құрметті оқушылар төмендегі сілтемелерге басу арқылы онлайн жүйесінде тестіленуге болады. Информационно-образовательный портал Умник http://www.testent.ru/