Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тұңғыш Президент кабинеті
photo-mainphoto-mainphoto-mainphoto-mainphoto-main

«Тәуелсіздік еліміздің тұлғалы Президенті!»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің тәуелсіз ел атанып, бүгінгідей әлем таныған мемлекеттердің қатарына қосылуында жасаған еңбегі өлшеусіз. Мұны өз елі мен Елбасын сүйген әрбір адам құптайды. Тәуелсіздік алғаннан бері көптеген нәтижелерге жеттік. Еліміз халықаралық сахнада жақсы орынға ие болды. Соның әрине үлкен орын алатын себебі, оның кепілі - ол біздің Президент. Елордасы - Астана бүгінде әр қазақстандықтың мақтанышы. -Егер тарихқа көз жүгіртсек, 1997 жылдан бастап Ақмола қаласы астана рөлін атқаруда. Дәл сол уақытта қазақ халқы үшін өте қиын жағдай болды. Соған қарамастан, астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруге бел байлап, өз дегеніне жетті деуге болады. 10-15 жылдың ішінде қазіргі астанамыз гүлдену үстінде. Елбасымыз қазіргі ұрпақтың тәрбиесіне, олардың адамгершілігіне, азамат ретінде көп үлес қосып жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауында айтылған: «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. _MG_1588 _MG_1579 _MG_1577 Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы! Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз. 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Елбасымыз Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын деп тілек білдірді. Ұлаңғайыр мемлекетіміздің гүлденуі мен көркеюі болашақ жастардың қолында. Еліміздің мақтанышы, білімнің көшбасшылары, тіліміздің жанашылып болуға, ата-анамыз бен ұстаздарымыздың сенімін ақтауға, ерлігіміз бен елдігімізді ардақтайтын азаматтар болуға дайынбыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрылуы, бүгінгі мектептің, жас азаматтардың еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуде, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Тәуелсіздіктің тұғырын бекіткен, ел сенімін ақтаған кемеңгер ел ағамыздың үкілеген үмітін «Жас Ұландар» ақтайтынына еш күмәніміз жоқ. Тұңғыш Президент күні құтты болсын! _MG_1575 _MG_1581 _MG_1578