Білімі: Жоғары
Санаты: Жоғары
Жұмыс өтілі: 21 жыл
«ҰБТ бойынша әдістемелік нұсқаулары» ұстаздың іс- тәжірибесін алмастыру мақсатында облыс мұғалімдеріне таратылуда. ҰБТ-де көрсеткен жақсы нәтижесі үшін Ақсу қаласы әкімінің алғыс хатымен, қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.Әдістемелік тақырыптағы мақалалары, сабақ үлгілері «Қазақстан мектебі», «Сынып жетекшісі» журналдарында жариялануда. Оқушылары әр деңгейдегі интеллектуалдық сайыстар, пән олимпиадасы, шығармашылық жарыстарда жүлдегер атануда, жұмыстары «Шоқан тағылымы», «Сәтбаев оқулары» атты халықаралық конференция материалдарының жинағына енді, алғыс хатпен марапатталды. 2003, 2011 жылдары озық педагогикалық тәжірибесі жинақталып, облыс деңгейінде таратылуда.
Біліктілігін арттыру бойынша оқыған курстары мен қатысқан семинарлары:
2003-2005 жылдары «Қазақ мектебіндегі қазақ тілі, әдебиеті оқулықтарының құрылым мен мазмұны, оны меңгерту әдістемесі», ПКБАИ. 2006 жылы «Мектептегі инновациялық процесті ұйымдастырып, басқару», ПКБАИ. 2008 жылы «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы проекті технологиясының тиімділігі», ПКБАИ. 2009 жылы «Интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін оқу процесінде пайдалану», АТО КМК. 2011 жылы «12-жылдық білім беру жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданудағы жаңа әдістер», БЖҒ ПКБАИ.
Оқушылары әр деңгейдегі интеллектуалдық, танымдық, шығармашылық сайыстардың, пән олимпиадасының жүлдегерлері.