Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп әкімшілігі
 

АХМЕТЖАНОВА ГҮЛЗАТ НҰРСАПАҚЫЗЫ

Гульзат копия Директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары! Гүлзат Нұрсапақызы-терең білімді, тәжірибелі ұстаз. 2007 оқу жылдарында М.Әуезов атындағы №42 мектебінде физика, информатика пәндерінің мұғалімі, әдістеме бірлестігінің жетекшісі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қалалық шығармашылық топ мүшесі болып жұмыс атқарды. Өз пәнін жоғары деңгейде меңгерген, дайындығы шыңдалған, шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді де, білікті ұстаз. Ұстаз әдістемесін жетілдіруде деңгейлеп оқыту және ақпараттық оқыту технологиясы пайдаланады. Физикадан 8-сыныпқа арналған «Технологиялық карта» мұғалімдерге әдістемелік көмекші құралының авторы. Облыс көлемінде физиканы информатика пәнімен кіріктірілген сабақтарды таратушы. 2010 жылы 7-11 сыныптарға арналған «Адам физикасы» тақырыбында арнаулы курс бағдарламаларын құрастырды. Оқушылары қалалық, облыстық, халықаралық сайыстардың жүлдегерлері. Атап айтсақ, 2009 жылы жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың халықаралық «IX Сәтбаев оқулары» ғылыми жобасында 8- сынып оқушысы Сейтахметова Амира II-ші дәрежелі дипломмен, 2010 жылы халықаралық Грецияда өткен рейтінгілік-олимпиадасында 11-сынып оқушысы Есляу Ернур III- дәрежелі дипломмен марапатталды. Халықаралық «Білім мен ғылым саласында сапаны басқарудың қазіргі заманғы көзқарастары» атты ғылым-әдістемелік семинарға қатысты. Мектебімізде өзі басқарып отырған ҰБТ-ның орташа ұпайы 2010 жылы 97,1 %-ды көрсетті. Ұжымда беделді, сапалы білім, саналы тәрбие беруде шығар тауы биік, үнемі ізденіс, даму арқылы өз кәсіби шеберлігін шыңдауды мақсат тұтқан ұстаз. 2008 жылы «Мұғалімдердің үздіксіз білім алу негіздері ретіндегі құзырлық көзқарастар», 2009 жылы «Интерактивті құралдарды пайдалану» атты ОПМБАИ-да біліктілік арттыру курстарынан өтті.

ҚАЙЫРБЕКОВА ГУЛСІМ ХАСЕНҚЫЗЫ

Қайырбекова Гулсім Хасенқызы
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Жоғары санатты, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі. Оқушылардың орфографиялық сауаттылығын көтеру мақсатында «Жас лингвист» арнаулы курс бағдарламасын құрастырған. Республикалық және халықаралық «Ақбота», «Русский Медвеженок» интеллектуалды сайыстарында оқушылары жүлделі орындар иеленген. Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасы 68%-ға дейін тұрақты көрсеткіш береді. “Дарынды мектеп оқушыларына көптілдік білім беру әдіснамалар мен тәжірибелер” атты Республикалық семинар-конференцияда “Абай оқулары” іс-шарасын дайындады. Ата-аналар мен оқушылардың алдында сыпайы, ұжымда беделді ұстаз.
KАДЫРОВА ЗАУРЕШ НАЖМИДЕНҚЫЗЫ
Kадырова Зауреш Нажмиденқызы
Директордың оқу - тәрбие жөніндегі орынбасары, 2004 жылы Павлодар білім беру басқармасының Құрмет грамотасы,2006 жылы ұлттық ғылыми - практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының құрмет грамотасы, 2007 жылы Ұлттық ғылыми - практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының алғыс хаты,2010 жылы Павлодар қалалық білім беру бөлімінің \"Ұстаздық қошамет -2010\" дипломы, Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау депортаментінің \" Алтын жүрек\" номинациясы бойынша Алғыс хаты, 2011 жылы Павлодар білім беру басқармасының Алғыс хаты, 2011 жылы Павлодар педагог кадрларының біліктілігін арттыру интитутының Алғыс хаты!  
СУЛЕЕВ МАНАРБЕК МУРАТОВИЧ
СУЛЕЕВ МАНАРБЕК МУРАТОВИЧ
Білімі: Жоғары Санаты: Екінші Педагогикалық өтілі: 5 жыл Мектепте электрондыоқыту жүйесін (ЭОЖ – E-lerning) басшылық етуші ұстаз! Мектептегі ХХІ ғасырдың жаңа заманауи жүйесі «электронды оқыту жүйесін» сапалы ұйымдастырып, мектептегі компьютер базасынының толықтай жұмыс жасауын қадағалайтын және мектеп сайты мен электронды оқыту порталын толығымен жасақтап, безендіріп, жалпы жүйесін ұйымдастырып басқаратын бірден бір маман иесі. Жетістіктері: 1) Қалалық мұғалімдер арасында өткен информатика пәні бойынша олимпиададан ІІІ орын жүлдегері (2008-2009 жж) . 2) 5-11 сыныптарға арналған пән бойынша ашық сабақтар, практикалық презентация, флипчарт жұмыстары келесі ғаламтор беттерінде жарияланған (2008-2009 жж):www.myxatai2006.narod.ru, www.infust.kz, www.45minut.kz 3) Тамыз конференциясына қатысушы Баяндама: «12 жылдық білім берудегі ақпараттық технологиялар» (2011 ж). 4)Республикалық КИО қашықтық олимпиадаға қатысушы (2012-2013ж ж). 5) Облыстық мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мультимедиялық кабинетінің эскизін жасап,оны жүйелі түрде тексеру комиссия мүшесі (2012 ж).. 6) «Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері» ІІ Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияда «Ақпараттық технологияны қолдана отырып бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың қажеттілігі» атты мақаласы баспа өніміне шықты (Астана 2012 ж).. Қалалық білім беру бөлімінің алғыс хаты (2012 ж).Өзіне және оқушыларына талап қоябілетін тәжірибелі ұстаз. Оқушылары, әріптестері арасында беделді.  

УАХИТОВА ЕЛМИРА ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ

Уахитова Елмира  Орынбасарқызы
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары 2008 жылдан. Жоғары санатты. Сынып жетекшілердің жұмысын басқарып, кәсіби шеберлігін арттырады. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануын, мектептен тыс мекемелердегі әр-түрлі спорттық секциялар мен үйірмелерге қатысуын, құқықтық жаппай білім беру т.б. жұмыстарын қадағалайды, басқарады. Әлеументтік педагог, аға тәлімгер,психологтардың жұмысын қадағалайды. Бастауыш сыныптың оқу бағдарламаларын негізге ала отырып дүниетану пәніне арналған "Бастауыш сыныптарға арналған дүниетану пәнінен тест жинағы" құрастырылған. 2007 жылы Облыс білім департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталған.