Сенім телефоны
8(7182)61-03-02
email: sadl31@goo.edu.kz
Мекенжайы: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 7/2
8(7182) 68-01-25 вахта 8(7182) 61-03-02 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Басшының жұмыс күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Жеке мәселелер бойынша қабылдау: сәрсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін жұма сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
Әдістемелік сыр-сандық

           

ӘДІСТЕМЕЛІК СЫР-САНДЫҚ

 

 «Педагогикалық идеялар аукционы» 

 

 

Тақырып: "Тіл дамыту технологиясы"

Мақсаты:  тіл дамыту бойынша балалармен жұмыста тәжірибелік дағдыларды қамту.

Өткізу түрі: педагогикалық идеялар аукционы.

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер!

 2017 жылдың қазан айында біздің ұжым МДМ басшысымен және әдіскермен білім беру процесінің шексіз теңіздері бойынша саяхатқа аттанды.  Капитан көмекшісінің каютасында тәрбиешілер командасын қалай мобильдеуді шешу үшін шайқаста тексерілген педагогикалық қызмет жиналды..

- Мүмкін біз жұмыста барлық жұмыс түрлерін қолданбаған шығармыз? – деп айтты капитан көмекшісі.

 Әкімшілік құрам түсінді: жұмысқа деген жұмыс көңіл-күйін қолдау үшін қажетті нәрсе жасау керек. Осы сәтте капитан көмекшісі шексіз педагогикалық теңіз бойынша жылжи отырып, мектепке дейінгі мекеме командасы әр тәрбиешінің жұмысына өте қажетті және пайдалы қазынаны тапқандығы есіне түсті. Педагогикалық идеялар аукционын ұйымдастыру шешімі қабылданды.

Сіздерді «№ 31 сәбилер бақшасы» атауымен аралдың тыныш айлағында жинай отырып – біз Аукционымызды бастаймыз – бұл сауда-саттықты қолдана отырып тауардың көпшілік сатылымы. Тауар көптеген сатып алушылардың қатысуымен сатылады. Тауардың бағасы тауарды сатып алу құқығы үшін өз арасында сатып алушылардың саудаласу процесінде анықталады. Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз:

 • Аукционды жүргізуші – «Речецветик»шығармашылық тобы.

 • Аукционерлер – балабақша педагогтары.

Аукционерлер қандай да бір қызықтырған лотпен танысуға және оны алуға құқылы. Ол ең жоғарғы баға берген адамға бұйырады. Біздің алғашқы кездесуімізде алған купондар аукционымыздың төлем құралы болып табылады. Әр қайсыларыңызда 5 купоннан бар.

ØБіздің жұмысымыз үйлесімді болу үшін «Бір мезгілдік» жаттығу-ойынын ұсынамыз (5 минут).

 

 Барлық қатысушыларға қандай да бір жақтың командасысыз бір мезгілде шапалақ ұрулары, ал біраз үзылыстен кейін (мысалы 3 секунд – бұл талқылау және дайындық сәтінде анықталады) қайта шапалақ ұрулары қажет. Ойын барлық қатысушылардың бір уақытта барлық шартты орындаған кезде ғана жақсы орындалды деп есептелінеді.

 «Мозговой  штурм»ойынын ұсынамыз

ØТДМ деген не? Тілдің дыбыстық мәдениеті түсінігіне нелер кіреді?

-  дыбыстың және сөздің дұрыс айтылуын қалыптастыру;

- орфоэпиялық дұрыс тілді тәрбиелеу ( екпін, айтылу)

- тіл мәнерлілігін қалыптастыру

Øтілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу бойынша жұмыс түрлері

- сабақта оқыту

- сабақтан тыс

ØБала тілінің интонациялық мәнерлілігін қалыптастырудың негізгі жолы қандай?

- дыбыстың айқын, түсінікті айтылуы;

- дұрыс тыныс алу;

- дауыстың үнділігі;

- айқын дикция;

- тілдің қалыпты қарқыны;

- дауыс күші және оның жоғарылығы;

ØТілдің грамматикалығы деген түсінік өзіне нелерді қосады?

- сөздерді қажетті септікте, санында қолдану;

- сөзжасам;

- етістік қорын, сын есімдер сөздерінің қорын кеңейту;

- жағымды дыбыс ортасын жасау;

ØГрамматика негіздерін біле отырып, дұрыс айтыңыз:

- У каждого ребенка есть полоте…., у одного  три полоте…, у второго пять полоте…., у третьего шесть полоте…, сколько еще не хватает полоте…? Не хватает трех полоте…. Надо еще сходить за тремя полоте….

Ал енді назар аударыңыздар! (қоңырау сыңғыры)

 - Аукцион ашық (балғамен қағу)! Педагогикалық идеялармен сауда жарияланады. (балғамен қағу).

 Бүгін сатылымға тіл дамыту бойынша жұмыстың ең асыл маржандары қойылған:

 • Артикуляциялық жаттығу

 • Тыныс алу жаттығуы

 •  Дидактикалық ойындар

 • Тілге арналған жаттығу

 • «Ертегілер бойынша қиялдар» театры

Н.И.:- Ал енді сіздердің назарларыңызға «Артикуляциялық жаттығу» маржанын ұсынамыз. Оны Жанар Тлектесовна көрсетеді (тәжірибелік бөлігі – артикуляциялық жаттығуды орындау)

Н.И.:- Ендеше, № 1 лот «Артикуляциялық жаттығу» сатылымға қойылады. Лотпен бірге сіздер маржан аласыздар, оның ішінде артикуляциялық жаттығуға арналған жаттығуларды таба аласыздар:

 Бастапқы баға – 3 купон. (сатылым өткізіледі).

 Ж.Т: - Біздің келесі лот № 2 «Тыныс алу жаттығуы».

Жүргізуші: - Назарларыңызға № 3 лот – «Тыныс алу» маржанын ұсынамыз. Оны сіздерге Жанар Куттыбаевна көрсетеді.

(тәжірибелік бөлігі – тыныс алуға жаттығулар орындау)

 Бастапқы бағасы – 3 купон (сауда)

 Ж.К: - келесі лот № 4 – біздің көзқарасымызға құны жоқ, өйткені осы маржанның пайда болуы ойынды өткізу барысында алған нәтижелер қуанышқа байланысты «Дидактикалық ойындар». Назарларыңызға Надежда Ивановна өткізетін бірқатар дидактикалық ойындар ұсынылады.

Бастапқы бағасы – 3 купон. (сауда)+   ойындармен диск.

Н.И. Келесі №5 лот: Тілге арналған жаттығу

Тілге арналған жаттығулар қызықты ойын түрінде ұсынылған және дыбыстың айтылуы бойынша жұмыста пайдалы болады.. Таныстыратын Жанар Тлектесовна.

Бастапқы бағасы – 3 купон. (сауда)

Ж.Т.- Саудамыздың соңғы лоты, бірақ мәні бойынша соңғы емес № 6 лот  - «Ертегілер бойынша қиял» театрының маржаны.

 Театр көрсетілімі (тәжірибелік бөлігі – театр түрлерін көрсету)

 Бастапқы бағасы – 3 купон.

Н.И.: - Міне, осымен педагогикалық идеялар Аукционы соңына жетті. Бүгін сіздер мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту бойынша біздің жұмыс тәжірибемізбен танысып өттіңіздер. Біздің ойымызша нәтижесінде біз қызыушылықтың ахуалын жасай алды, дәлірек айтқанда балаларда сөйлеудегі қателіктердің алдын алу. Ал, сіздер өз кезектеріңізде осындай тәжірибемен алмасудың қатысушылары болдыңыздар, сіздердің тәжірибелік қосымшасы бар өздеріңізге ұнаған лотты алуға мүмкіндіктеріңіз болды. Сіздерді табысты сатып алуларыңызбен құттықтаймыз! Иегерлеріміз:

(«сатып алғандард» атап өту). Құттықтаймыз!

- Аукцион жабылды! (балғамен қағу).

Ж.К.:- Алыс сапар біздің қорымызды тауысты. Ендеше біз себеттерімізді бүгінгі іс-шара бойынша әсерлеріңізбен және тілектеріңізбен толықтыруларыңызды қалар едік.