Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Экология

    Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - ұзақмерзімді тұрақты даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін қоғамның қоршаған ортамен өзара қатынасын үйлестіруге бағытталған жаңа көзқарас пен заманауи ойлауды қалыптастыру болып табылады.

    Экологиялық бағыттағы БЖЭТО қызметі «Экология» бөлімі, экологиялық-ботаникалық кешені, питомник және жылыжай жұмысы арқылы іске асырылады.

    «Экология» бөлімінің құрамына келесі бағыттар бойынша 10 балалар бірлестіктері енеді: фенология, сәндік-қолданбалы шығармашылығы, оқушылар ғылыми қоғамы, бақшатану, экология.

   Бөлім қызметінің негізін «Фенология», «ОҒҚ көлемінде зерттеу қызметін ұйымдастыру», «Бақшалар әлемі», т.б. оқыту бағдарламалары мен «Құпиялы және танымал әлем» және «Жаз - ғажайып маусым» кешенді жобаларын жүзеге асыру, сонымен қатар бұқаралық экологиялық және табиғатты қорғау, ғылыми-тәжірибелік пен шығармашылық іс-шаралары - еңбек десанттары, акциялар, байқаулар мен конференцияларды өткізу құрайды.

   Оқушылар бақшатану және сәндік жемістану, гүл өсіру мен ландшафты әрленімнің негіздерін  тропик өсімдіктері бар жылыжай, ағаш-бұта және жеміс-жидек дақылдарының питомнигі, бақша, гүлзарлар мен саяжолдарды қамтитын 3,5 гектар алаңымен экологиялық-ботаникалық кешені аумағында үйренеді.

     Орталық негізінде 150 м2 алаңымен бөлме және экзотикалық өсімдіктерінің екі жүзге жуық түрлерін қамтитын жылыжай қызмет атқарады.

  Жыл сайын жылыжай негізінде тек Орталық балалар бірлестіктерінің оқушыларына емес, сонымен қатар қалалық мектепке дейінгі, мектеп білім беру ұйымдарының оқушылары, арнаулы орта және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған мыңнан астам шолу және тақырыптық экскурсиялары өткізіледі.

    Осы экскурсиялардың маңыздылығы бұрыннан белгілі өсімдік туралы жаңа мен ғажайып мәліметтерді танып білу мүмкіндігі болып табылады, әсіресе жылыжай «тұрғынының» атауы, шығу-тегі, қоныстануы мен қолданылуымен байланысты аңыздар өте қызықты және танымдық болып келеді.

   15 жылдан астам «Жас зерттеуші» оқушылар ғылыми қоғамы өз жұмысын атқарып келеді. ОҒҚ – бұл «Интродукция биотүрлілікті сақтаудың факторы ретінде», «Жасыл экономика», «Пластик қалдықтарының қайта өңделуі», «Таңқурай сұрыптарын зерттеу», т.б. көкейкесті тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу, тәжірибелік пен жобалық жұмысын жүргізетін зерттеу және эксперименталды топтары, «Біз және экология» облыстық сырттай экологиялық мектебінің жұмысы.

    ОҒҚ оқушылары - әртүрлі дәрежелі экологиялық олимпиадалары, форумдар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.Көптеген балалар үшін зерттеу қызметі сөре кәсіби сатысына айналды.

    15 жылдан астам БЖЭТО оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған өлкені тәжірибелік тұрғыда танып білу, қоршаған табиғат, тарих және мәдениет ескерткіштерімен танысуы мақсатында «Менің Отаным - Қазақстан» дәстүрлі аймақтық оқушылар ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

   Жыл сайын жалпы орта білім беру мектептері, мектептен тыс мекемелерінің клубтары, секциялары, зерттеу топтары мен басқа балалар бірлестіктерінің 100 астам оқушылары «Біз және экология», «Зерттеу жұмысы», «Өз өлкеңді танып біл», «Тарих бесігі – мұражай», «Ғылымға бастапқы қадам» секцияларында өз ғылыми жұмысының тәжірибесімен бөліседі.

   Аймақтың экологиялық бағыттылығындағы қосымша білім беру қорларының бірі ретінде БЖЭТО қала мектептері мен Орталық балалар бірлестіктерінің оқушылары үшін «Жасыл толқын», қалалық акцияларын өткізудің үйлестірушісі, «Құс қанатындағы арман»,«Қанатты достар» акциялары, экологиялық мерекелерді атап өтуге арналған «Жер Күні», «Су Күні», «Халықаралық биологиялық түрлілілік Күні», «Қоршаған ортаны қорғау Күні» сияқты іс-шаралардың ұйымдастырушысы болып келеді.

   Жыл сайын бөлім ұстаздары Б.К.Текенова, С.М.Боровикина құзыретті әділ қазылары ретінде «Үздік мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскесі» байқауы қалалық және облыстық сатыларының көлемінде іргелес аумақтарды көгалдандыру және көріктендіру бойынша білім беру ұйымдарының жұмысын бағалайды.

    Орта және қосымша білім берудің бірлесуі мақсатында БЖЭТО ұстаздары жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына арналған «ОҒҚ көлемінде оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру», «Қоршаған ортаның экологиялық мониторингісі», «Фенологиялық бақылауларды ұйымдастыру», «Флористика», «Ландшафты әрленім» элективтік курстары жүргізіледі.

  «Ғажайып бөлме өсімдіктері», «Жылыжай бойынша жолсілтемесі», «Сәндік безендіру және гүл дақылдарынан бұйымдар жасау», «Бөлме өсімдіктерін күтудің агротехникалық тәсілдері» бөлім ұстаздары құрастырған әдістемелік құралдары мен нұсқаулары тек Орталық жас ұстаздары ғана емес, сонымен қатар тәжірибелі ұстаздар, жалпы орта білім беру мектептері жылыжайларының қызметкерлері және әуесқой гүл өсірушілері үшін үстел кітабына айналды.

   Бірлесу өзара әрекеттестігінің тиімді үлгісі экологиялық лекторийлері болып табылады. БЖЭТО әдіскерлері мен ұстаздары С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесе бірқатар жылдар бойы «Экологиялық жағдаяттарды шешу», «Қажетсіз заттардың қайтара өмірі», «Тіршілік көзі - су», т.б. көкейкесті тақырыптары бойынша қалалық жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары, колледждер мен ЖОО-ң студенттеріне арналған экологиялық лекторийлерді жүргізеді.

  Ұстаздар өз қызметінің тәжірибесін конференция материалдары мен баспа басылымдарында жарыққа шығарады: халықаралық конференцияларының материалдары, «Экоәлем» республикалық журналы, «Звезда Прииртышья», «Наша жизнь», «Сенің әлемің» облыстық газеттері, «Қазақстан-Павлодар», «Ирбис», «24-kz» телеарналары.

    Орталық әлеуметтік серіктестігі көлемінде барша үлгідегі білім беру ұйымдарына ақысыз сәндік ағаш-бұта өсімдіктері, жеміс-жидек дақылдары, гүл дақылдары мен бөлме өсімдіктерінің көшеттерін бөлуі негізінде көгалдандыру және көріктендіру бойынша белсенді қоғамдық қызметін атқарады.

   «Саябақтар шеруі» және «Жасыл толқын» акциялары көлемінде БЖЭТО балалар бірлестіктерінің оқушылары қаланың саябақтарын көріктендіру бойынша жұмысын жүргізеді.

   Орталық экологиялық-ботаникалық кешені бөлімінің меңгерушісі С.М.Боровикина құзыретті агроном ретінде Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы тұсындағы экологиялық кеңесінің мүшесі болып, қаланың жасыл қорының түрлік құрамы мен санитарлық ахуалы бойынша белсенді кеңес беру жұмысын іске асырады.