Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Өлкетану

  Өлкетану жеке тұлғаны тәрбиелеудің бірегей үлгісі, белсенді демалыс және қамтылудың ұйымдастырылуы, табиғат аясында мінез-құлық мәдениетінің дамуы,  тарих және мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарау, туған өлкені тәжірибелік тұрғыда танып білуі, әлеуметтік бейімделуі, кәсіби тұрғыда бағдарлануы мен азаматтылық және отансүйгіштіктің тәрбиеленуіне жағдай жасайтын тиімді бағыттарының бірі болып табылады.

  Өлкетану бағыты «Өлкетану» бөлімінің қызметі арқылы жүзеге асырылады, негізгі мақсаты - оқушылардың өлкетану қызметіне қызығушылықты қалыптастыру, оқу-танымдық, ғылыми-тәжірибелік, ізденіс-зерттеу құзыреттіліктері өздігінен даму және жетілдіру қабілеттілігі мен әралуан дәрежелі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жүйесінің (шолу-тақырыптық экскурсиялары; аймақтық құрауышы негізінде демалыс күн жорықтары, экспедициялар, тәжірибелер, тарамдалған шығулар; байқаулар; семинарлар, шеберлік сыныптары) дамуын қамтамасыз ететін жағымды әлеуметтік-құндылықтық ұстанымдарын меңгеруі мақсатында шарттар жасау болып келеді.

  «Өлкетану» бөлімінің құрамына өлкетану, экскурсиятану, өлкетану және этнография, «Жас эколог» мұражайы бағыттары бойынша 9 балалар бірлестіктері кіреді.

  Бөлім негізіндегі оқу-тәрбие үдерісі білім беру және «Жас экскурсия жүргізушісі», «Туған өлке экономикасы» элективтік курстары бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.

  «Жас эколог» мұражайы адам және табиғат мәселелеріне арналған. Бұл тек өткен мен осы шақтың зерттелуіне ғана емес, сонымен қатар археолог, жол көрсетуші маманы, туристік-өлкетану маршруттарының экскурсия жүргізушісі дағдыларының меңгерілуіне жағдай жасайтын зертхана болып келеді.

  Оқыту үдерісі барысында мұражайлық шығармашылығы мен өлкетану зерттеу жұмысының үлгілерін белсенді және өнімді қолданатын білім беру мекемелерін анықтау мақсатында бөлім жыл сайын келесі іс-шараларды өткізеді:

 - мектеп мұражайлары жас экскурсия жүргізушілерінің байқауы;

- «Баршаға үлгі болатын есімдер» шығармашылық жобалар байқауы;

- «Ұмытылмас каһармандар» қалалық әскери-отансүйгіштік әнінің байқауы

  Мектеп мұражайлары жас экскурсия жүргізушілерінің қалалық байқауы - жұмыс қорытындыларын шығару, алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасу, үздік экскурсия жүргізушілері және олардың тәлімгерлерінің өз жетістіктерін көрсетудің шеберлік мектебі болып келеді.

  «Баршаға үлгі болатын есімдер»шығармашылық жобалар байқауы әйгілі тұлғалардың естелігін сақтап қалу, өзінің туған жерін еңбек ерлігімен атағы шыққан жерлестерді анықтау бойынша оқушыларды ізденіс-зерттеу қызметіне баулумақсатында өткізіледі.

   Бөлім жыл сайын жастарға рухани-адамгершілік, отансүйгіштік тәрбие беру, оның шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «НұрОтан» ХДП Павлодар облыстық филиалы, «ҚР ІІМ ІӘ 5512 әскери бөлімі» РММ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бірлесе 170 оқушылардың қамтылуымен «Ұмытылмас каһармандар» әскери-отансүйгіштік әнінің қалалық шығармашылық байқауы өткізіледі.

  Байқаудың соңында әскери бөлімінің барша қатысушыларды нағыз жауынгерлік ботқасынан дәм татқызуы дәстүрге айналды.

  Осы шараларға қатысу әрбір оқушыға өз халқының тағдырына қатыстылығы, жауынгерлік ерлігі үшін мақтаныш пен Отан үшін ерекше алғысын сезінуіне мүмкіндік береді.

  Денсаулық сақтау, коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша тиімді кешенді құралы аймақтық құрауышы негізіндегі «Аңыздар жолымен», «Тарих жолымен», «Туған жер-алтын бесік» туристік-өлкетану тәжірибелері болып табылады.

  Жыл сайын «СЮТур» БАК бірлесе балалар бірлестіктері оқушыларының туристік-экспедициялық жасағы «Менің Отаным-Қазақстан» республикалық слетіне қатысып, Орталығымыздың намысын қорғай білді.

  Бөлім тарапынан жазғы каникул уақытында балалар мен жасөспірімдердің сапалы қамтылуын ұйымдастыруы мақсатында басты мақсаты оқушыларды туған өлкенің тарихи-мәдени және табиғи мұрасын зерттеу және қалпына келтіруге қатыстыру арқылы өлкетану құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылатын «Атамекен» жобасы жүзеге асырылады.

  Өлкетану білімдерінің дәріптелуіне бағытталған жобаның бағдарламасы оқушылардың ой-өрісін кеңейтудің тиімді қосымша құралы болып табылады, «Менің Отаным - Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру көлемінде негізгі білім беру жүйесінде меңгерген білімдер кешенін толықтырып дамытуға мүмкіндік туғызады.

  Жоба жыл сайын мамыр және тамыз айлары аралығында іске асырылады. Жобаның қатысушылары: экологиялық-ботаникалық кешені учаскелерінде тәжірибеден өтетін экологиялық жасақтар, мектеп жанындағы лагерлерлеріне қатысатын оқушылар, БЖЭТО клубтарының тәрбиеленушілері болып келеді.

  Бөлім ұстаздары экскурсиятану, мұражайтану, археология және этнография бағыттары бойынша белсенді тұрғыда әдістемелік жұмысын жүргізеді. «Мектеп мұражайларының қызметін ұйымдастыру», «Негізгі өлкетану құзыреттіліктерін дамыту», «Өлкетану бақылауларын жүргізу ережелері», «Денсаулық экологиялық-өлкетану соқпағын ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулар» әдістемелік нұсқауларыжалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдері, қосымша білім беру ұстаздары, мектеп мұражайларының жетекшілеріне арналған «Заманауи мектеп мұражайы: кәсібилік негіздері» жыл сайынғы қалалық семинарының мазмұнын негіздеді. «Жас экскурсия жүргізушісі», «Туған өлке экономикасы» элективтік курстары жалпы орта білім беру мектептерінің оқыту бағдарламасында кеңінен талап етілген.