ФИО: Қожақметова А.К
Отзыв:
Мен,естиярлар қазақ тобының ата-анасы Айгулмін.Сіздерге қоятын сауалым бар.Қазақ халқының дәстүрлерін бала-бақшада сәбилерге қалай танытасыздар?
Өз халқымыздың дәстүрін балаларымыз біліп,танып,өссе болашақ еліміздің жанашыр ұрпағы болар деп сенемін.
Добавлен:
2011-10-18 17:11:47
Комментарий:
Халық дастүрлерен балаларға таныту
Тәрбиеші Адильханова Н.А.
Мақсаты: Ата-аналармен тәрбиешілердің арасындағы қарым-қатынасты дамыту. Бала тәрбиесінде екі жақтап, қолға алып,бірлесіп жұмыс жасау. Жиналыс тақырыбын аша отырып, балаға салт- дәстүрмен таныстыру.Ата-аналар танысып, күнделікті өмірде қолдана білуге баулу. Қонақты қарсы алу рәсімдерін, қазақ халқының ән-күйлерімен, бата түрлерімен, нақыл сөздерін мәдениетті жеткізу өнерімен таныту, ою-өрнек түрлерімен таныстырып, әр ою-өрнек нені білдіретінін мағна беретінін ашып, айту.Әр баланың қызығушылығын, арттыру, ата-аналарға қамқор болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуа тәрбиелеу.
Тақырыбы: « Қонақ болайық !»
Қолданылатын заттар, қажет көрнектіліктер:ақ қағаздар, бояу қарындаштар, ою-өрнек үлгілері, музыкалық аспаптар,Магнитафон, фото- аппарат,қайшы, карточкалар.,суреттер, ұлттық киімдер, бауырсақ, кәмпиттер.
Өтілу уақыты: 45 минут.
Өтілетін орын: «Өзін-өзін тану кабинеті»
Сабақтың өтілу барысы:
(Қазақтың ұлы күйшісі: Құрманазының «Сары арқа» күйінің әуенімен ата-аналар жиналғанша әуен ойнап тұрады ) Балалар кірген бетте бір-бірімен қазақтың салты бойынша амандасып, қуанышты сөздерді, тілектерді айтып, кіреді. Бұл салт бойынша жасалатын істер болып, табылады. -Аман-есенсіз бе?
Қуаныш қайырлы болсын! Мал-жан аман ба? -Қонаққа шақыраныңызға көп рахмет. - (келген қонақтар орындықтарға жайғасқан соң, тәрбиеші кіріспе сөз сөйлейді )
Қонақтың қорғанышы
Қазақтар «құдайы қонақ-пын» деп келген адамды кеудесінен итермей, «Барымен базар» -деп, оған шама-шарқынша сый-сияпат көрсетеді.Қонақ қашанда үй иесінің қамқорлығы мен қорғауындаболады.Ол тіпті сол отбасының дұшпаны болса да, қонақ болып отырған шаңырағында оған жамандық жасалынбайды. Халқымызда «түскенше қонақ ұялады, түскен соң үй иесі ұялады» дегенде қанатты сөз бар.Бұл қонақ күтудегі үй иесінің жауапкершілігін танытады.Қазақтар : «Үйге кірген жылана да,ақ құйып, шығарады»-дейді. Мұның мағнасы терең. Яғни, жылан улы, қауіпті жәндік болса да,оны үй ішінде өлтірмей, басына ақ құйып,жауыздыққа –жақсылық танытып,аман-есен сыртқа шығарып,жібереді. (кіріспе сөзді тыңдап болғасын әр үйде қонақты қалай қарсы алатынын айтады ) Отырған орындарында отырып, ойын ойнайды «Тақия тастамақ» Мақсаты: тақияны әр ойыншы басына киеді де, келесі адамғабереді. Тақия кімде қалса,сол адам өлең немесе би, тақпақ оқиды.Осылайша өнерге деген сүйіспеншілікті арттырады.
Келесіде ою-өрнекті жалғастыру ойынын бастамас бұрын «Ою-өрнек» туралы қысқаша тәрбиеші түсініктеме береді.
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.
Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.)
Балалар екі топқа бөлінеді . Екі үстелде жатқан ою-өрнектерді таңдап, өз ойларынан оюлардан шыққан өрнектерді әсемдеп әшекейлейді.Сосын оны әр топ қорғайды. Әр топтың алдындағы бірнеше оюлардың түрлері бар:қырықмүйіз, сынықмүйіз,төртқұлақ,жапырақ,түйемойын,табақ, қолтық, қошқармүйіз, т.б. Осылардың ішінен өздерінің көңіл-күйлеріне қарай таңдап,бір әдемі леп, ойларын жеткізулері қажет.(Оны орындап шыққасын келесі тапсырманы орындайды.)
Музыкалық үзінділердің қандай көңіл- күйді білдіретінін тауып, беру керек. Алдымен көңілді күй, одан соң вальс ырғағындағы ән, марш әуені, (әр топ өз ойларын толық жеткізуі қажет)
Келесі орындалатын тапсырма әр топтың сөйлеу дағдысын байқау, тілдерін дамыту мақсатында мақал-мәтел жарысы. Алдарында берілген мақал-мәтелдің жалғасын жалғастыруы керек. Мысалы: Қонақ аз отырып, көп сынайды т.б. Осылайша тез арада тауып алып, мақалдың манасын ашып, түсіндіреді.
Әр шаңыраққа қонаққа келген адам сол үй иесіне денсаулық, бақыт, қуаныш, береке тілейді. Оны қонақтың арасындағы үлкені қарияларға бата тілек айтқызады. Батаның бірнеше түрлері бар: той бата, бала туғанда беретін бата, бала жүргенде беретін бата т.б. Асыңа, асыңа асыңа, Береке берсін басыңа, Дастарханың мол болсын, Басың аман болсын! Қайтар кезде қазақ халқында салт бойынша дастарханнан дәмді үйлеріне тағамдар алады, оны үйдің иесі тартады. Оны сарқыт дейді.Той жасаған үйдің жолын бізге де, берсін – деп, біздің үйде де, той болсын деп үйде қалған адамдарға