Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 65-18-37
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше

Мектеп директорының виртуалдық қабылдау болмесі, сұрақтар мен жауаптар

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделерінен ұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады. Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
Аты-жөнi: Ата- ана
Вопрос/обращение:
Здавствуйте, Самал Оспановна. На прошлой неделе на родительском собрании в 5 "Г" классе в присутствии завуча поднимался вопрос о преподовании математики в этом классе,в связи с тем, что очень снизился процент успеваемости в сравнении с прошлым годом. Заместитель директора уверяла родителей, что преподователь очень хороший. Может оно и так,но как объясните отсутствие оценок по данному предмету за всю первую четверть в электронном журнале. По остальным предметам оценки выставленны, но к сожалению без домашних задании.
Добавлен: 19 Қараша 2013
Ответ:
Құрметті ата-ана математика пәні мұғалімінің құпия сөзі мен логинінің сәйкес келмеуіне байланысты уақытында сынып журналынан электрондық журналға көшірмесі түсірілмеді. Бүгінгі күні бағалары күнбе күн қойылуда. Сыныптың білім сапасы мен үлгерімі былтырғы оқу жылымен салыстырғанда айтарлықтай түскен жоқ. Түскенде де сынып оқушыларының жоғары сыныпқа икемделуіне байланысты, ол көрсеткіш ІІ тоқсанда көтеріледі деген үміттеміз. Жалпы пән мұғалімдерінің қатысуымен 30 қараша күні өтетін ата-аналар жиналысына келіп туындаған сұрақтарыңызды қоюға болады, немесе жеке өзімнің қабылдауымда болып, жолығуыңызға болады.
Аты-жөнi: сегізінші сынып оқұшы
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздер ме!сіздін мектепке ауысу болады ма? мен орыс мектепте сегізінші сыныпта оқимын.Бірақ менде қазақ тілінен бес бағасы қойылған.
Добавлен: 12 Қараша 2013
Ответ:
Біздің мектепке ауысуға болар еді, бірақ 8-сыныпқа дейін орысша оқысаң қазақ мектебінде оқуыңды жалғастыру қиындық туғызады ғой деп ойлаймын. Қазақ мектебінде оқытылатын пәндердің оқу бағдарламасы орыс тілді мектепте оқытылатын қазақ тілі пәнінен әлдеқайда күрделі.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе! Біз жанұямен Усолка шағын ауданда пәтер жалдап тұрамыз. Балам Совхоз-Техникум мектебінде оқиды. Егер біз ауылда пропискада болсақ, сіздің мектебінізге келіп оқуға болады ма?
Добавлен: 12 Қараша 2013
Ответ:
Біздің мектепте білім алып жатқан оқушы саны бүгінгі күні 1600, ал мектептің сыйымдылығы жалпы 1078 оқушыға арналған. Сол себепті мектепке бөлінген мөлтек ауданда салынып жатқан үйлердің санының көбеюіне байланысты оқушыларды мектепке қабылдағанда тұрғылықты мекен жайынан анықтама қағазын талап етеміз.
Аты-жөнi: Төлегенова Ә.Б.
Вопрос/обращение:
Сіздің мектебінізге орыс тілі мұғалімі керек пе?
Добавлен: 11 Қараша 2013
Ответ:
Керек,толық ақпарат алу үшін директордың орынбасары Ажар Төкенқызына жолығуға болады.

бiрiншiсi 1 6 7 8 кел. соңғысы соңғысы

Сұрақ қою