Телефон доверия
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Адрес: улица Майры, 49/1
тел. 62-78-01
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 16:00-18:00 Пятница: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера

Виртуальная приемная директора школы, вопросы и ответы

С 26 декабря 2009 года вступил в силу Закон Республики Казахстан по вопросам защиты прав граждан на неприкосновенность частной жизни. В связи с этим, запрещается распространение сведений о частной жизни лица, составляющих его личную и семейную тайну, без его согласия, в публичном выступлении или в средствах массовой информации, причинивших вред правам и законным интересам граждан. Также не подлежат рассмотрению анонимные обращения. Анонимным обращением является обращение, по которому невозможно установить авторство, отсутствуют подпись, в том числе электронная цифровая подпись, почтовый адрес заявителя. При нарушении вышеназванных требований такие обращения будут удалены без права на их размещение. В связи с этим, просьба более конструктивно и корректно излагать волнующие Вас проблемы и вопросы.
ФИО: Есимханова Алия
Вопрос/обращение:
Здравствуйте, мой ребенок идет в первый класс, есть ли в вашей школе гимназические классы? если есть то как туда поступить?
Добавлен: 04 Июня 2014
Ответ:
Сәлеметсіз бе,1 сыныптарда гимназия сыныптары жоқ.
ФИО: Жакупбекова Мадина Канатовна
Вопрос/обращение:
Здравствуйте! Скажите какие учителя будут делать набор в первые классы?
Добавлен: 28 Мая 2014
Ответ:
Салеметсіз бе, 1 сыныпқа оқушыларды биыл 4 сыныпты шығаратын мұғалімдер қабылдайды.
ФИО: Мұқашева Фарида Айтақанқызы
Вопрос/обращение:
Қүрметті Самал Оспанқызы! Сізге және барлық мектеп әкімшілігіне,жалпы ұстаздарға және 1 "Б" сынып жетекшісі Смаилова Майгүл кабыкенқызына алғысымды білдіремін,Еліміздің өркендеп өсіп- өнуіне жасап жатқан жұмыстарыныз жемісті болгай! Біздің мектеп талай белестерді бағындыратына нық сенімдемін. Ізгі ниетпен 1"Б" сынып ата-аналар комитетінің мүшесі Ф.А.Мұқашева
Добавлен: 20 Мая 2014
Ответ:
Ізгі тілегіңізге рахмет!Барлық жеңістер жемісінің дәмін балалар татып, ата-аналар мен ұстаздарды қуанта берсін!
ФИО: Ата-Ана
Вопрос/обращение:
Салеметсыз бе, Самал Оспанкызы. Қалалық тіркеусыз 1сыныпка бала аласыздар ма?
Добавлен: 17 Мая 2014
Ответ:
Сәлеметсіз бе,мектепке қабылдау Усолка ықшамауданы бойынша жүзеге асырылады.
ФИО: Сачанова Шолпан Тюлюгеновна
Вопрос/обращение:
Здравствуйте! Почему в шестом классе "А" требовали тетради по английскому- купили, но в них так и не работали?!!!!!! Как начался май месяц домашних заданий нет! Экзамены по английскому- консультаций нет!!!!! Билеты учитель по английскому дал на распространение одному ученику, тот болел, затем если к нему обращались, может быть шуткой, но предлагал купить, в конце концов затем дал, что это за отношение учителя к экзаменам?!!!! А не нужно ли было посадить всех детей, обьяснить, раздать, ведь так было всегда? Или у вас новый метод работы????????
Добавлен: 14 Мая 2014
Ответ:
Сәлеметсіз бе! Сіздің сұрағыңызды түсінбедім. Себебі 6 "А" сыныбында ағылшын тілінен емтихан өткізілмейді, сәйкесінше ешқандай емтихан билеттері таратылған жоқ!Балаңыздың қай сыныпта оқитынын және қай пәндерден емтихан болатынын анықтап алғаннан кейін мектептің жұмыс әдістемесі туралы сөз етсеңіз.Емтихандар кестесі және өткізілу уақыты мектептің ақпараттың тақтасында ілулі және сәуір айындағы ата-аналар жиналысында болсаңыз,емтихан тапсыратын пәндер айтылған болатын.
ФИО: ата-ана
Вопрос/обращение:
У седьмых классов экзамен. Экзамен сдавать будут все? Или только тройшники? И почему экзамен по двум предметам ?
Добавлен: 03 Мая 2014
Ответ:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылығы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі Ережесіне сәйкес (2013 жылғы 28 маусымдағы №241 бұйрығымен өзгерістер енгізу) барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5» болған 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі. Аталған Ереже бойынша 5-8, 10 сыныптардың аралық аттестаттауын, яғни емтихандарын мектеп өзі белгілейді және екі пәннен артық болмау қажет. Сол себепті, 5-8, 10 сыныптары екі пәннен емтихан тапсырады.
ФИО: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе!Басқа мөлтек ауданнан балаларды қабылдайсыздар ма? Шарттары қандай? 6 жасар баланы 1 сыныпқа қабылдайсыз ба?
Добавлен: 28 Апреля 2014
Ответ:
Усолка мөлтек ауданында мектепке баратын оқушылардың саны көп болғандықтан, ең бірінші, мөлтек ауданында тұратын оқушылар қабылданады. Себебі мектеп 1078 балаға арналған. Қазіргі таңда мектепте 1583 оқушы білім алып отыр. Сынып тығыздығы өте үлкен, кабинеттер жетіспейді. Басқа мөлтек аудандарынан 1 сыныпқа қабылдау мүмкіншілігі жоқ.
ФИО: ата-ана
Вопрос/обращение:
Курметти Самал Оспанкызы сиздердин ужымга биздин балаларга кутиммен карап, билим берип жаткандарынызга алгысымды билдиремин. Бала окыту, тарбиелеу улкен ари ауыр жумыс екенин билемиз. Уакыттарыныздын коби осы уяда отетини де рас. Мен оте разымын. Менин бир усынысым балалардын ки!м улгиси бирдей тамаша, кейде устаздарды байкамай жатамыз. Устазга да бир галстук не бейджик т.б.белгиси болса типтен тамаша болар еди.
Добавлен: 26 Апреля 2014
Ответ:
Сіздің бізге білдірген ілтипатыңызға ризамыз! Оқушыларымыздың барлығы бірдей формада жүргеннен кейін, мұғалімдерді арасынан танымай қалу мүмкін емес деп ойлаймыз. Негізінде әрбір мұғалімде бейджиктері бар. Барлық мұғалімдердің тағып жүруін назарға аламыз.
ФИО: сұрақ
Вопрос/обращение:
мектептегі ең білікті ұстаз кім?
Добавлен: 26 Апреля 2014
Ответ:
Мектептегі ең білікті ұстаз бүгінгі заман талабына сай білімі жоғары алдынғы қатарлы заманауи технологияларды жүйелі меңгерген, оқушының психологиялық ерекшелігін терең игерген ұстазды атаймыз. Ұжымымызда сондай дәрежедегі мұғалімдер көптеп саналады.
ФИО: Жагипарова Майгуль Болатхановна
Вопрос/обращение:
СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ?! БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНЕ ОРЫН БАР МА? 2014 -2015 ОҚУ ЖЫЛЫНА. ЕҢБЕК ӨТІЛІМІМ: 5 ЖЫЛ (ІІІ - ДЕҢГЕЙЛІК КУРСТЫ АЯҚТАДЫМ) ТЕЛ. 87056142086
Добавлен: 22 Апреля 2014
Ответ:
Келесі оқу жылында неше бірінші сынып ашылатындығына байланысты бастауыш сынып мұғалімінің қажеттілігі туындауы мүмкін. Сол себепті Сіз жетістіктеріңіз бен еңбек өтілі көрсетілген түйіндемеңізді әкеліп тастаңыз.
ФИО: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Мектеп 1-ші сыныпқа балаларды қабылдауды қашан бастайды? Қашан өтінішті жазуға болады?
Добавлен: 17 Апреля 2014
Ответ:
Мектепке бірінші сынып оқушыларын тамыз айынан бастап қабылдайды. Сол тамыз айында бірінші сыныпқа қабылдауға қажетті құжаттарды жинақтап, келгеннен кейін өтініш жазасыз. Қандай құжаттар қажеттігі, маусым айының басында мектептің сайтында немесе хабарландыру тақтасында ілінеді.
ФИО: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Самал Оспанқызы,салеметсиз бе!Менің ұлым бірінші ауысымның 3 сыныбында оқиды.Таңертең мектепке ерте барады. Бірақ кезекшілікте тұрған оқушылыр мен оқытушылар 8 ге дейін аудиторияға кіргізбей, вахтада күттіріп қояды. Оқушылардың мектепке апаратын сөмкелері де өте ауыр екенін білесіз, сондықтан кезекшілер бастауыш сыныптың оқушыларын неге ертерек кіргізбеске?!
Добавлен: 12 Апреля 2014
Ответ:
Таңертеңгі уақытта сағат 8.00-ге дейін мектепке келген барлық оқушыларды, сынып жетекшілері қарсы алып, кабинеттеріне алып кетеді. Әр аптаның дүйсенбі күні сағат 8.05-те «Мемлекеттік гимн» орындалады, ал қалған бес күнде 8.05-те «Ертеңгілік жаттығу» орындалады. Аталған шаралардың орындалуына байланысты қозғалыс тоқтатылады. Бірақ бастауыш сынып оқушылары «Таңғы жаттығуға» кешіккенмен , сыныптарына жіберіледі.
ФИО: Кажыбекова Алия
Вопрос/обращение:
Баланың бағаларын сайтта қалай көруге болады?
Добавлен: 10 Апреля 2014
Ответ:
Баланың бағасын көру үшін: 1. e.edu.kz сайтына кіресіз. 2. "ХАБАРЫМ БАР" батырмасын басасыз. 3. "ЖҮЙЕГЕ КІРУ" батырмасын басасыз. 4. Логин және құпия сөзін еңгізесіз. 5. Тоқсанды және аптаны таңдайсыз да бағаларын көресіз.
ФИО: родитель
Вопрос/обращение:
Когда начнутся работы по ремонту школьного футбольного поля?
Добавлен: 29 Марта 2014
Ответ:
Қаржы бөлінуіне байланысты.
ФИО: Жакаева Сауле Тулебаевна
Вопрос/обращение:
Бос вакансия бар ма? Жакаева Сауле Тулебаевна Телефон: + (7182) 53-79-81 Моб. телефон: 8777 937 43 11 Павлодар қаласы Академик Бектуров көшесі 2/1үй, 141пәтер Жалпы ақпарат: Туған жылы: 25.02.1958жыл. Ұлты: қазақ Жынысы: әйел Азаматтығы : Қазақстан Республикасы Мамандығы: Филолог. Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы, жоғарғы санат. Жалпы еңбек өтілі: 35 жыл, педагогикалық - 27жыл Білімі : жоғары, педагогикалық 1986-1991 ж.ж. Алматы қаласы. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті ( Каз. ГНУ). Квалификация: Филолог, Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы. 1973-1977 орта арнаулы білім В.В. Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесі Квалификация: Бастауыш сынып мұғалімі Жұмыс тәжірибесі: 2010 – 2013ж.ж. Павлодар педагогикалық институты колледжі. Павлодар қаласы. 2009-2010 ж.ж. Экономика-заң колледжі. Астана қаласы. 2005-2011 ж.ж. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты колледжі. Павлодар қаласы. 1998-2005 ж.ж. №24 мектеп. Павлодар қаласы. 1991-1998 ж.ж. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты. Павлодар қаласы. 1977-1982 ж.ж. Краснокутск орта мектебі, Павлодар облысы. Тілді игеруі: қазақша-орысша – еркін, немісше – сөздікпен. Компьютерде: Excel, Word бағдарламаларымен жұмыс жасай біледі. Жеке басына тән қасиеттер: адамгершілік, жауапкершілік, адалдық, мақсаттылық, әділдік. Қосымша ақпарат: Қалалық, облыстық білім саласы қызметкерлеріне арналған конференциялар мен семинарларда баяндама жасау, тәжірибе алмасу жұмыстарына қатысып отырды. № 24 мектепте қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын сыныптың оқу бағдарламасын жасап, білім сапасын көтеруде жетістікке жетті. Мектеп, колледж оқушыларымен ақын-жазушылар шығармашылығын теле-радио мен баспасөзде насихаттау жұмыстарына белсене атсалысты. Оқушы, студент жастар арасында «Жас қалам», «Жас тілші» шығармашылық топтарын ұйымдастырып, жетекшілік етті. Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізіп, оқушылары түрлі сайыстарда жүлделі орындарға ие болды. Кәсіби біліктілігін көтеруге үнемі көңіл бөледі. Біліктілігін жоғарылатқан жылдары: ОПМБАИ тір. № 0006525 «Білім мазмұнын оқу әрекетін белсендіру арқылы сапалы меңгерту» ; РҒПКБАИ тір.№ 0021273 «Тілдік материалдарды сатылай комплексті талдаудың тиімділігі» ; ПО «Ертіс дарыны» АҒТО «Қазіргі және олимпиадалық деңгейде оқушы дайындаудағы проблемалар» ; ПМПИ МБА тір.№ 220. « Қазақ тілі мен әдебиетті оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері» ; ПМПИ МБА тір. № 633 «Интерактивті тақтамен оқу-әдістемелік жұмысының жүйесі» ; АКБАҚДИ «Кәсіби білім беруде жаңа технологияларды қолдану» . Астана қаласы, 2010 жыл. Марапаттар, құрмет белгілері, Ұстаздық еңбектегі, оқушыларға қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі жетістіктері үшін алғыстар – еңбек кітапшасына жазылған, ақын-жазушылар шығармашылығын насихаттау бағдарламасын жасауға белсене атсалысқаны үшін облыстық теледидар басқармасы мақтау қағазы, алғыс хатымен марапатталды. Мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарына белсене қатысқаны үшін Тілдер департаментінің дипломы, алғыс хатымен марапатталды. Колледж білім жүйесінің нәтижелі дамуына қосқан үлесі үшін ПМПИ колледжі әкімшілігінің алғыс хатымен марапатталды Студент жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беру ісіне қосқан қомақты үлесі үшін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ректорының құрмет грамотасымен марапатталды Қызығушылығы: Кітап, баспасөз деректерін үзбей оқу, жас ерекшелігіне қарай спорт түрлерімен айналысу, түрлі сөзжұмбақ түрлерін шешумен айналысу, таза ауада серуендеу.
Добавлен: 29 Марта 2014
Ответ:
Сәлеметсіз бе,қазақ тілі пәнінен вакансия жоқ.
ФИО: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе, Самал Оспанқызы! Менің балам 9 сыныпта оқиды, норма сыныбында. Әрқашан жиналыстарда 9а мен 9ә сыныптарын мақтап, ал 9б мен 9в-ны жамандайды. Бірақ қарасақ, көңіл 9а мен 9ә ғана бөлінеді. Мұғалімдері де өзгермейді, сабақтары да дұрыс өтеді. Мысалы, математика пәнін алайық, 5-ші сыныптан бастап мұғалімдері әртүрлі, қалай беретіндері де аңық, қазіргі мұғалім зейнеткер екен, сабақта ұйықтап отырады екен, дәптерлерді мүлдем тексермейді екен, берген тапсырмасын ұмытып, басқа тапсырма сұрайды, балалардың аттарын да білмейді, ұлға қыздың есімін айтады, ондай мұғалімдерді қалай ұстайсыздар. Біз балаларымызды білім алуға жібердік, ал мындай білім бізге керегі жоқ. 9 сынып бітірген соң мемлекеттік емтихан тапсырады, ҰБТ тапсырады. Қалай олар тапсырады? Сіз айталасыз ба? Ойламаңыз, математика ғана деп, бұл бір ғана мысал, ал ондай мысалдар менде жетеді. Үндемей жүріп, әбден шаршадым. Балаларды аяймын. Мен осы мектептен көңілім қалды, Усолка мөлтек ауданында бір үлкен мектеп болса да, сапасыз мектеп екен.
Добавлен: 25 Марта 2014
Ответ:
Құрметті ата-ана сіздің қойған сұрағыңыз орынды. Расымен де 9б, 9в сыныптарында тек математика пәнінен зейнеткер- ұстаз сабақ береді, бұл сыныптарда математикадан сабақ берген мұғалімдері бала күту демалысында екендігін білесіз,сол себепті негізгі орта мектепті бітірушілерге білімдерін жетілдіре түсу мақсатында оқу жылының басында жас маман емес, еңбек өтілі көп, санаты жоғары мұғалім жүргізуін ұйғардық. Себебі, аталмыш зейнеткер- ұстаздың оқушыларға қоятын ұстамы мен талабы жоғары, жоғарғы сыныптарда жұмыс жасау тәжірибесі мол. Ал 9 а,ә сыныптарына келетін болсақ, онда да математика пәнін зейнеткер –ұстаз жүргізеді. Кез келген ата-аналар жиналысында әр сыныптың жетістігін немесе олқылық тұстарын айтып жатсақ, болашақта жұмыс жасау бағытын айқындау үшін қажет деп білеміз. Ол мұғалімдер тарапына да, ата-аналар тарапына да бірдей айтылатын сын. Өкінішке орай, аталмыш сұрақ жыл басынан өткізіліп келе жатқан ата-аналар жиналсында да, 9 сыныптардың арасында менің қатысуыммен өткізілген жиналыста да немесе жеке-дара көтерілмеді. Сонымен қатар 1 оқушыға немесе 1 мұғалімге қатысты айтылған пікірмен бүкіл мектептің жұмыс нәтижесін жоққа шығару орынсыз деп есептеймін, көпке топырақ шашуға болмайды. Мектеп әкімшілігі тарапынан қатысқан сабақтарда, жоғарыда аталған кемшіліктер байқалмады. Пән мұғалімдерімен жыл басынан бірнеше мәрте ОЖСБ-ға және алдағы мемлекеттік емтиханға дайындық барысы мен білім сапасы жөнінде жиналыстар мен кіші педагогикалық кеңестер өткізілді. Жоспар бойынша алдағы сәуір айында тағы бір отырыс өткізілмек. Дегенмен, 4 тоқсанда қойылған сұрақ бойынша тікелей өзім және орынбасарларымның тарапынан мән-жайды анықтау үшін қатаң бақылауға алынады және 9 сынып оқушыларымен кездесуді жоспарлап отырмын. Егер жауабыма қанағаттанбасаңыз немесе толғандырып жүрген басқа да сұрақтарыңыз болса жеке -дара қабылдауыма келуіңізді сұраймын.
ФИО: Шакирова Гафура
Вопрос/обращение:
Неге мұғалімнің баласы 4ке шығуы керек? Баласының қалай оқитынын біле тұра, баламды неге 3ке шығардын дейді? Мұғалімнің баласы 4ке шықса да, 4ке оқитын оқушыларда сын айтпай ма?
Добавлен: 19 Марта 2014
Ответ:
Нақты қай сынып және қай пән екені аталмағандықтан мектебімізде жұмыс істейтін мұғалімдердің қайсысының баласы 3-ке үлгеріп 4 қойылып тұрғандығы белгісіз болғандықтан сіздің сұрағыңызға нақты жауап беруге мүмкіндік жоқ. Себебі жұмыс істейтін әрбір мұғалім - ата-ананы кінәлауға дәлелсіз құқымыз жоқ. Мектепте істейтін мұғалімдердің балаларының барлығына бірдей үздік баға қойылып жатыр деп айта алмаймын. Әрине, егер мұғалімнің баласы шын мәнінде орташа оқып, сәйкесінше мұғалім- ата-ана басқа ата-аналар мен сыныптастарының алдында өз баласына бағаны жоғарылатуы жөнінде сұрақ қойса, бұл- орынсыз! Сол себепті қай бала туралы айтылып тұрғаны белгісіз.
ФИО: АТА -АНА!
Вопрос/обращение:
ЖЫЛ БАСЫ Наурыз мерекесімен №25 мектептің барша ұстаздардын құттықтаймын! Сіздерге алғысымды білдіре отыра шығармашылық табыстар тілеймін!
Добавлен: 13 Марта 2014
Ответ:
Рахмет! Қайырымдылық пен имандылықтың,бірлік пен құт-береке мерекесі атанған Наурыз мерекесі әрбір отбасына жақсылық әкелсін!
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
№25 мектептің мұғалімдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын! денсаулық,бақыт,табыс тілеймін!
Добавлен: 07 Марта 2014
Ответ:
Құрметті ата-ана! Құттықтауыңызға рахмет! Өздеріңізге де табыс тілейміз,жұмыстарыңыз өрге жүзе берсін!
ФИО: Алия Батжанова
Вопрос/обращение:
Здравствуйте, Самал Оспановна! Мой ребенок учится в 5 классе, им в этой четверти в очередной раз выписали оценки из журнала, но эти оценки не совпадают с оценками, которые в дневнике. Когда я попросила сына задать этот вопрос классному руководителю, на что получили ответ, что оценки из дневника не ставятся в журнал, как это понять? Значит не надо обращать внимание на оценки в дневнике, или как? Общее кол-во оценок по каждому предмету в дневнике и в журнале совпадают, но в дневнике больше "пятерок", а в журнале больше "четверок". Сказать, что ребенок не подает дневник на четверки, а подает только на пятерки тоже нельзя, общее же кол-во оценок же совпадает. Я не придираюсь, я хочу понять систему оценивания. Совпало только 2 предмета: Английский и еще 1 предмет, сейчас точно не могу вспомнить.
Добавлен: 25 Февраля 2014
Ответ:
Сәлеметсіз бе, Әлия Қанатқызы! Әрине, журналдағы бағалар мен күнделіктердегі бағалар сәйкесу керек.Дұрыс-бұрыстығын анықтап сізге нақты жауап беру үшін құжаттарды сәйкестендіріп тексеруімізге уақыт қажет,сол себепті аталмыш сұрақ бойынша жауапты жуық арада көп кешіктірмей ала алатын боласыз. Тексеріс нәтижесінде екі пәннен қойылған бағалардың кейбір апта күндерімен сәйкес келмейтіні байқалды. Пән мұғалімдері өз журналдарынан сынып журналына көшіргенде бағаларды салыстырып қарап шығуына нұсқаулық берілді. Бұл сұрақ сынып жетекшінің тікелей бақылауында болады.

первая 1 4 5 6 7 8 последняя

Задать вопрос