Виртуальная приемная директора школы, вопросы и ответы
С 26 декабря 2009 года вступил в силу Закон Республики Казахстан по вопросам защиты прав граждан на неприкосновенность частной жизни. В связи с этим, запрещается распространение сведений о частной жизни лица, составляющих его личную и семейную тайну, без его согласия, в публичном выступлении или в средствах массовой информации, причинивших вред правам и законным интересам граждан.
Также не подлежат рассмотрению анонимные обращения. Анонимным обращением является обращение, по которому невозможно установить авторство, отсутствуют подпись, в том числе электронная цифровая подпись, почтовый адрес заявителя.
При нарушении вышеназванных требований такие обращения будут удалены без права на их размещение.
В связи с этим, просьба более конструктивно и корректно излагать волнующие Вас проблемы и вопросы.
ФИО: мама
Вопрос/обращение:
Скажите пожалуйста можно ли поступить в вашу школу если ребенок плохо знает казахский язык? и можно ли туда попасть в вашу школу если мы проживаем в усольском микрорайоне уже много лет но не прописаны тут?Добавлен: 17 Февраля 2014
Ответ:
Сәлеметсіз бе,ата-ана!Егер сіз осы мөлтек ауданда тұратындығыңызды растайтын құжат әкелсеңіз,мектепке қабылдауға тиістіміз.Мектептің оқыту тілін таңдау шешімі ата-аналар құзырлығында.
ФИО: ЖАС ДИРЕКТОРЛАР МЕКТЕБІНІҢ АТЫНАН!
Вопрос/обращение:
Құрметті Самал Оспанқызы! Сізді туған күніңізбен құттықтаймыз. Шығармашылық табыс,еңбегіңізге жеміс тілейміз!
Ізгі тілекпен:№17,19,20,23,29,31,34 мектеп директорларыДобавлен: 14 Февраля 2014
Ответ:
Құрметті әріптестер! Құттықтауларыңызға рахмет!Өздеріңіз басқарып отырған ұжымдарыңызға сарқылмас шабыт,таусылмас жігер тілеймін! Беріп жатқан білім мен тәрбие оқушыларыңызға қонымды болсын!
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Құрметті Самал Оспанқызы! Сізді туған күніңізбен құттықтаймыз! 25 мектебіміз күннен күнге көркейе берсін. Сізге табыс тілейміз!Добавлен: 14 Февраля 2014
Ответ:
Құрметті ата-ана! Игі тілегіңізге рахмет! Біздің оқушыларымыз сіздердің баларыңыз аман болып, алар асулары көп болсын!
ФИО: Карим Асхатович
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе. Бізді толғандырып жүрген сұрақ: немерем осы мектепте оқиды, сынып жетекшісі болса Одиссея разумаға міндетті түрде баруларын керек деген талап қоюда. Бірақ оның бағасы өте қымбат: 55 мың одиссеяға, 18 мың жолға, тағы тамағына да ақша беру керек, бағасы 80 мыңға жетеді. Бұл не сұмдық. Біз зейнеткерміз. Біз бармаймыз дегенге мұғалім бар ызасын баладан алады. Баланың толық аты жөнін жазсам, ертең балама күн көрсепей қояды. Сіз ақылды басшы болғаннан кейін департаментті шулатпай жазып отырмын. Бастауыш сынып мұғалімдерімен сөйлесіп көрерсіз. РахметДобавлен: 08 Февраля 2014
Ответ:
Құрметті Карим Асхатович!
Алматы қаласында өтетін «Одиссея разума» сайысына сіздің балаңыз баруға міндетті емес. Бұл сайысқа ата-аналар балаларын ерікті түрде қатыстырады. Сондықтан ешқандай көңіл түсірудің қажеті жоқ. Бастауыш сынып мұғалімдерімен жұмыс жүргізілді. Балаңыздың аты-жөні аталмағаннан кейін осы жағдайға қатысты мұғалімді табу қиын. Бірақ, балаңызға алдағы уақытта келеңсіз жағдай болмайтынына кепілдеме береміз. Толғандырған сұрағыңыз шешімін таппай жатса өзіме тікелей келуіңізге болады
Мектеп әкімшілігі
ФИО: Ата -аналар
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе, Самал Оспанқызы!Мен сіздердің шәкіртеріңіздің ата - аналарымыз. Сізге және ұжымға алғысымызды айтқымыз келеді.25 мектеп шың биектерде көріне берсің!Добавлен: 04 Февраля 2014
Ответ:
Сәлеметсіздер ме, ата-аналар қауымы! Алғыстарыңызға рахмет! Шәкірт тәрбиелеудегі еңбек ұстаздар және ата-аналар қауымының ортақ жемісі деп ойлаймын.Балаларымыз қуанышқа кенелте берсін!
ФИО: Айжан
Вопрос/обращение:
Здравствуйте! Мы в этом году собираемся в первый класс в вашу школу. Что для этого нужно и когда подавать заявление?Добавлен: 01 Февраля 2014
Ответ:
Сәлеметсіз бе,ата-ана! Бірінші сыныпқа қабылдау 1 тамыз - 30 тамыз аралығында өтеді,егер Сіз Усолка ықшамауданының тұрғыны болсаңыз, осы мерзімде қабылдау бөліміне құжаттарды тапсыруға болады.Құжаттар тізімдемесін маусым айында мектептің кіре беріс ақпарат тақтасынан және сайттан көре аласыз.
ФИО: ата-ана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе! Қаламыздағы алдың мектептердің арасында біздің мектеп та орын алады, бірақ мектептің ішінде тамаша үлкен холлдың бір міні бар - дүңгіршектер немесе орындықтардың тарлығы сезіледі. Балаларды тосып тұрған ата-аналар да ол туралы айтады және оқушыларға орындықтар өте қажет. Маусымдық уақытта олар аяқ киімді ауысып тұрады, көбәнесе, кішкентай оқушыларға үлкен сумкаларымен бірге ыңғайсыз болады. Осы мәселеге көңіліңізді ілуге сұрймыз.Добавлен: 17 Января 2014
Ответ:
Құрметті ата-ана қойылған сауалыңыз орынды. Расымен де оқушылардың маусымдық киімдері мен аяқ киімдерін ауыстыратын жердегі орындықтар мектеп оқушыларының санының көптігінен тапшы. Бұл мәселе назарымызда. Алдағы уақытта шешімін табады. Ата-аналарды орындықтармен қамтамасыз ету мүмкіншілігі жоқ, бірақ ескеріледі.
ФИО: родители
Вопрос/обращение:
Здравствуйте, Самал Оспановна! Почему в дневниках детей классные руководители не вклеивают экраны успеваемости (каждые 2 недели), хотя в других школах ведется такая работа. Мы не можем увидеть оценки детей и оценки в дневниках не соответствуют с оценками журналов. Дневники не проверяются систематически. Итоговых оценок за 2 четверть до сих пор нет.Добавлен: 09 Января 2014
Ответ:
Сәлеметсіз бе,құрметті ата-ана! Оқушылардың бағаларын күнделіктеріне қою талабы пән мұғалімдеріне де,сынып жетекшілеріне де қойылады.Сонымен қатар оқушыларымызға да әр сабақтан кейін күнделіктерін баға қоюға ұсынулары керектігін айтып жатамыз.Сіздің сауалыңыз бойынша тез арада толыққанды шешім шығару үшін нақты сыныбын жазуыңызды сұраймын немесе менің жеке қабылдауыма келуіңізді сұраймын.
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
№25ЖББОМ орта мектеп ұжымын жаңа-жыл мерекесімен құттықтаймын! Қаламыздағы белді оқу орындарының бірі ретінде, биіктерден көріне беретіндеріңізге сенімдімін! Қазақи дәстүрге негізделіп,ұлттық құндылықтарды балаларымызға сіңіріп жүрген еселі еңбектеріңіз үшін мың алғыс!РахметДобавлен: 28 Декабря 2013
Ответ:
Құрметті ата-ана! Жүрекжарды құттықтауыңызға рахмет айтамыз!Мектебіміздің бүгінгі күні алып келе жатқан асулары тек оқушы - ата-ана - мұғалім үштігінің бірлесе жұмыс істеуінің нәтижесі деп білеміз."Жалғыздың үні, жаяудың шаңы шықпас" дегендей, бала тәрбиелеуегі бірлесе істеп жатқан ісіміз оңға баса берсін!Өзіңіздің де отбасыңызды жаңа жылмен құттықтап, толағай табыстар мен көңілдің шабытты сәттерін тілейміз!
ФИО: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Қазақ мектебі болғандықтан оқушылар мен ата-аналардың қазақ тілінде сөйлеулерін талап етесіз бе? Байқаймын кейбір оқушылар орыс тілінде шүлдірлеп жүр, ал ата-аналарына айтсаң, мы сами имеем право на каком языке говорить дейді,бұл өте үлкен жауапсыздық деп ойлар едім.Әйтеуір балаларының мектепте оқығанына мәз.Добавлен: 26 Декабря 2013
Ответ:
Құрметті ата-ана! Бүгінгі күні қоғамдағы ең көкейкесті мәселелердің бірі туралы жазып, жанашырлық танытып отырғаныңызға алғысымды білдіремін! Әрине, жүрегіміз қазақ деп соққасын, қара шаңырағымыз қазақ мектебі болғандықтан әрдайым оқушыларымызға, мүмкіндігінше ата-аналарға, кейде тіпті ата-әжелерге де ана тілімізде сөйлеу керектігін айтудай-ақ айтып жатамыз,тіпті 1 қабатта ата-аналардың назарына "Балаңызбен қай тілде сөйлесесіз" айдарымен ақпараттық тақта да жасап қойдық.Өкінішке орай, әлі де болса белгілі себептерге байланысты ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тілі орыс тілге ауып кететін жағдайлар болып жатады.Ана тілінде сөйлеуге әркім өзінше тырысып бағуда.Дегенмен де, өздері орысша оқып ана тілін кезінде игере алмай, бүгінгі күні баласын қазақ мектебіне беріп,қазақи білім алуына бетбұрыс жасаған ата-аналардың таңдап алған бағыты да дұрыс деп есептеймін.Оқушы ата-анасымен өзге тілде сөйлескенмен сабақты өзге тілде айту мүмкіндігі жоқ екендігін айтқым келеді.
ФИО: Анар
Вопрос/обращение:
Сырттай оқитындарға тәжірибеге жолдама берілмейді деп еді,сонда да қалалық білім бөлімінің бұйрығы керек пе?Добавлен: 25 Декабря 2013
Ответ:
Мектепте қалалық білім беру бөлімінің бұйрығы негізінде іштей оқитын студенттерге жолдама берілген жағдайда ғана тәжірибеден өтуге болады.
ФИО: Дана Сагимбайкызы
Вопрос/обращение:
Здравствуйте Самал Оспановна! У меня к вам такой вопрос: мой сын учится в вашей школе в первом классе. Скажите пожалуйста как можно попасть либо перевестись в гимназийский класс?что для этого требуется?Добавлен: 25 Декабря 2013
Ответ:
Сәлеметсіз бе,Дана Сағымбайқызы! Бірінші сыныпта гимназия сыныптары жоқ.Бүгінгі күнгі бірінші сыныптардың бағдарламасы барлығында бірдей жалпы білім беретін сыныптарға арналған.Гимназия тек екінші сыныптан басталады.Екінші сыныпта гимназия сыныптарын топтастыру бірінші сыныптың жылдық қорытындысына байланысты жүргізіледі.
ФИО: 4 - сынып ата - аналары атынан
Вопрос/обращение:
Биылғы Жаңа жылды өткізу шарасы қызықты болды. Театрдан келген әртістер балаларды өзіне тарта білді. Барлық сынып оқушылары белсенді қатысып, би билеп, ән айтып, қуаныш сезімдерін білдірді. Мектеп ұжымын ата-аналар атынан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Елеулі еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!Добавлен: 25 Декабря 2013
Ответ:
Жылы лебіздеріңізге көптен көп рахмет! Сіздерге де жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін,
ой-мақсаттар жүзеге асатын,
арман-үміттер ақталатын жыл болсын.
Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілейміз.
ФИО: Анар
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе? Мен ПМПИдың соңғы курсында оқимын,мемлекеттік практика өтуіме байланысты сіздерде қазақ тілі мен әдебиетінен тәжірибеші ретінде өте аламын ба? Болса жолдамасыз аласыздар ма? Себебі бізге ПМПИдан жолдама берілмейді. Жауабыңызға алдын- ала рахмет!Добавлен: 24 Декабря 2013
Ответ:
Қалалық білім беру бөліммен келісілген бұйырық негізінде ғана практикадан өтуге болады. Немесе ПМПИ-дің практикалық бөлімінен кеңес алыңыз.
ФИО: никомбаева кымбат
Вопрос/обращение:
моя дочка ходит в детский сад 44 в старшую группу мы 2015 году пойдём в первый класс если нам дадут направление она сможет у вас учиться мы живем по улице ГагаринаДобавлен: 14 Декабря 2013
Ответ:
Детские сады направления не дают. Дети идут в школу по микрорайону.
ФИО: Анара Адыловна
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе? мектептеріңізге ағылшын тілінен мұғалім керек пе? білімім жоғары, жұмыс өтілім 3 жыл.Добавлен: 11 Декабря 2013
Ответ:
Мектепке ағылшын тілі мұғалімі керек. Түйіндемеңізбен директордың орынбасары Текжанова Ажар Төкенқызына немесе мектеп директорына жолығуыңызға болады
ФИО: ата-ана
Вопрос/обращение:
Балаларга логин мен парольды берды бага кору шин соны кай сайтта коруге болады?Добавлен: 11 Декабря 2013
Ответ:
Баланың бағасын көру үшін:
1. e.edu.kz сайтына кіресіз.
2. "ХАБАРЫМ БАР" батырмасын басасыз.
3. "ЖҮЙЕГЕ КІРУ" батырмасын басасыз.
4. Логин және құпия сөзін еңгізесіз.
5. Тоқсанды және аптаны таңдайсыз да бағаларын көресіз.
ФИО: Ата-аналар
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе, Самал Оспанқызы! Сізді алда келе жатқан ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН құттықтаймыз! Зор денсаулық, ашық аспан тілейміз. Бізде туындап түрған сұрақ: Тәуелсіздік күні мейрамына орай неше күн демаламыз? Рахмет.Добавлен: 11 Декабря 2013
Ответ:
Құрметті ата-аналар тілектеріңізге көптен көп рақмет! Мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығы әрі әлемдік туыстығын білдіретін, туған жердің мақтанышы болып келетін ҚР Тәуелсіздік күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін!
Тәуелсіздік күні мейрамына орай 16,17 желтоқсан күндері демаламыз, 18 желтоқсан сабаққа келеміз.
ФИО: Байгабылова Жулдуз Талгатовна
Вопрос/обращение:
Сіздің мектебінізге казак тілі мұғалімі керек пе? стаж 4 жыл. ПГУ колледжде методист болып жумыс истедимДобавлен: 25 Ноября 2013
Ответ:
Дәл қазір мектепке қазақ тілі мұғалімі қажет емес, бірақ болашақта қажет болады, түйіндемеңізді әкеліп тастаңыз.
ФИО: Жанжамал Қарияболқызы
Вопрос/обращение:
Құрметті Самал Оспанқызы! Менің балам бастауыш сыныпта оқиды. Балам мектептен ашығып келді. Баламнан асханада ас іштін ғой деп сұрасам, балам менің тарелкамда бес картоп болды дейді. Сонда ол 50 грамм гой. Балам келесі күні бес грамм картобын ұялы телфонға фотоға түсріп әкелді. 7-10 жастағы балға қанша грамм тамақ берілуі керек сол норма сіздерде сақталама? Сіз оны қалай тексересіз?Добавлен: 21 Ноября 2013
Ответ:
Құрметті ата-ана бұл бүгінгі күнгі ең өзекті мәселе болғандықтан мектеп тарапынан қатаң бақылауда ұсталынатын сұрақтардың бірі. Сол себепті күнделікті тамақтың ас мәзірі дайындалғанда нормаға сәйкестігі, құрамы мектептің әлеуметтік педагогы және мед.бике тарапынан тексеріледі. Ата-ана ретінде өзіңізде кез келген күні мектепке келіп, менің рұқсатыммен қадағалауыңызға болады.